СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сыныптың туған күні

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

5-ші сынып оқушыларының бейімделуіне арналған мерекелік шара.Балалардың бір-бірімен қарым -қатынасын жақсарту. 

Просмотр содержимого документа
«Сыныптың туған күні»

Психологиялық ойын «Сыныптың туған күні»

Мақсаты: Оқушыларды бірі-бірімен топтық қарым-қатынасын жақсарту,сыныпқа бейімделуіне психологиялық көмектесу.

Құрал-жабдықтар:,торт,май шам-5 санымен,бала кезіндегі,бастауыш сынып кезіндегі фотолары,фото альбом,лента,безендірілген қораптар,шарлар,гүлдер,почта жәшігі пән мұғалімдері жазған құттықтаулары тұрады.жіп сыйлықтарды байлауға,музыка би билеуге,әдемі қалпақ.стикерлер.



Жүру барысы:

Залда туған күн туралы әуен ойнап тұрады, (крокадил Гена).Тақтада «туған күніңмен .........» деген жазу ілінеді.

Психолог:Қайырлы күн,5-сынып оқушылары,құрметті ата-аналар,қонақтар!

Біз бүгін салтанатты түрде кешегі басьауыш буын оқушыларының 5-сынып оқушысына айналуын атап өткелі тұрмыз.Мына сыныптағы балаларға қараңыздаршы,олар күні кеше қолдарынан ата-аналары жетектеп мектепке әкелгенбірінші сынып оқушылары емес.Олар өсіп үлкейді,ақылдары кірді,көп нәрсені үйренді,оқып білді.

Ал қазір сіздерге 5-сынып оқушыларын және олардың сынып жетекшісін таныстыруға рұқсат етіңіздер.(орындарынан тұрғызып,аты-жөнін айту) рахмет,орындарыңа отыруға болады.

Психолог:қалай ойлайсыздар біз бүгін кімді құттықтап,кімнің туған күнін атап өтеміз? Жауаптары:мектептің,сынып жетекшінің,күзде туған балалардың,т.б

Психолог:әрине біз қыркүйек,қазан айында туған балалардың туған күндерін елеусіз қалдырмаймыз.Бірақ біз бүгін жаңа ұжымның,сыныптың туған күнін атап өтеміз.Сахнадағы сөзге «5-сынып!» сөзі қосылады.

Психолог:Біз бүгін осы залда,мектебіміздің жақсы оқушылары оқитын сыныпқа «5-сынып» деген атақ беру үшін жиналып отырмыз.

Сұрақ:Туған күннің белгісі ретінде дастарханға не қойылады? Кім айтады? (Торт) олай болса залға торт әкелілсін (музыка ойнайды).

Психолог:Балалар ең алдымен тортағы майшамдарды үру үшін жаттығып алайық,қолымызға майшамның суретін алып үрлейміз.жаттығып болсақ ,сіздерге қояр сұрағым бар? :Балалар бұл тортқа неше майшам жағамыз? Сыныптың тек екі айғана болды,сіздер қазір нешінші сыныпсыңдар? 5-ші олай болса 5-ші сынып деп тортың үстіне майшамымызды қояйықта үрлейік,үрлемес бұрын ішімізден тілек ойлап алайық.Мен 123 деген барлығымыз тортқа жақындап бірге үрлейміз.Ал қонақтар балаларды 5-ші сынып болғандары үшін құттықтап қол соғып қояйық.Торты соңынан шаймен ішуге қалдырайық.

Біз мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз.

Балалар сіздердің аттарыңызға телеграмма келіп түсіпті. (қоржынды көрсету).оқушылар кезекпен келіп,телеграмманы оқиды және оны кім жазғанын табу керек.

1.Барлығыңызға денсаулық тілеймі.Спортпен дос болыңыз.Мықты денсаулық-болашақтағы жақсы өмірдің кепілі.

Денешынықтыру пәнінің мұғалімі ?

2.Құрметті 5-сыныптықтар!

Сіздерді шын жүректен туған күніңізбен құттықтаймын.Оқудағы табыстан –табысқа жетіңіздер.Сіздерге ақылды,білімді,мейрімді болуға сөрелерде үндемей тұрғандар көмектеседі.Қолыңызға алсаңыз сөйлеп кетеді.Солармен дос болыңыздар.

Кітапханашы ?

3.5-сынып оқушылары!

Сіздерді жаңа тақтарыңмен құттықтаймын.сіздер оқуды,жазуды білесіңдер,енді білімнің шыңына жетуге асығыңдарүАбай,Ыбырай аталарың сіздерді қызықты оқиғаларымен табысуға шақырады.Көп оқыңдар,мүмкін сіздердің араларыңыздан ақын –жазушылар шығар!

Әдебиет пәні мұғалімі?

4.Құрметті жас дос!

Сіздерді сыныбыңыздың туған күнімен құттықтаймын.мектеп партасында неше жыл,неше күн отыратындарыңызды есептедіңіздер ме?Сол уақытты бос өткізбей еңбектене біліңіздер.Мүмкін сіздердің орталарыңызда болашақ Пифагор отырған болар.

Математика пәні мұғалімі?

5.Алғашқы ұстазыңызды ортаға шақырайық Дамелі Бақтығалиқызын.Құттықтау сөзі өзіңізде.

Психолог:Сіздердің атыңызға құттықтау жолдаған адамдарға рахмет айтып,қол соғып қошемет көрсетейік.

Психолог:туған күн ойынсыз,сыйлыұсыз өтпейді,сондықтан келесі кезекті ойындарға берейік.

1.Ойын «Сыйлықты безендір»

Ортаға 3 ұл,3 қыз шығып,3 жұп құрады.1ұл мен 1 қыздың жанасып тұрған қолдарын байлаймын.Олар бос қалған қолдарымен қорапты лентамен безендіреді.бантик жасап байлауы керек.Қай жұп тапсырны бірінші аяқтайды,солар жеңіске жетеді.

2.Балалар сыныптың туған күніне сынып жетекшіңіздің сюрприз әзірлеп қойған сыйлығы бар екен,соны тамашалап көрейік.

2.«Сыйлықты аш» ойыны

Сыйлық әдемі қораптың ішіне жасырылған.2-оқушы шығып (қолтықтасып тұрып байлаулы қолдарымен) қорапты ашып,сыйлықты шығарып көрсетуі керек.

Психолог:сонымен сйлық табылда.ол не екен? Фото альбом сәздің сыныптың мектептегі өмірін бейнелеуге арналған.Мектеп бітіргенде осы альбомды көрсететін боласыңдар.

3.Ойын «Бет әлпет»

Деп аталады.оқушылардың барлығы шығып екі қатарға қарама-қарсы беттерімен тұрады.Ойынның шарты қарама қарсы тұрған алдыңдағы адамды күлдірту,бірінші бір қатар сосын екінші қатар бастайды.міндеттеріңіз күлдірту.

4.ойын «Сыйлықты қиып »

Керілген жіпте бірнеше сыйлықтар ілінеді.5-10 қадам жерден бірнеше оқушы тұрады.Кезектеп көздерін байлап,қолына қайшы береді.Тапсырма өте оңай,жіпке жақындап келіп,сыйлықты қиып түсіруі керек.

5.Келесі кезек ата-аналар сіздергеде келіп жеттік,келесі ойынымыз «Би кеші » деп аталады.

Ата-аналар барлығымыз,балаларымызды алып ортаға шеңбер құрайық.Ойынның шарты:мен қазір музыка қосамын,мына менің басымда қалпақ бар мен әуелі сіздерге бір движение қимыл көрсетемін барлығыңыздың міндетіңіз соны қайталау,келесі кісіге берген кезде ол кісі ортаға шығып бір қимылды көрсеткен кезде барлығымыз қайталап сол биді бейлейміз.

6.енді ортаға қыркүйік пен қазан айында туылған балаларды шақырғым келіп тұр

1.Риза

2.Мейрамбек

Сіздерді өткен туған күндеріңізбен және бүгін 5-сынып деген атаққа ие болғандарыңыз үшін құттықтаймын,сіздерге сынып жетекшілеріңіздің әзірлеген сыйлықтары бар соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.Құттықтаймыз 2.барлығымыз бірге.

7.Барлығымыз қол ұстайықта бірге қайталайық:

-Біз бір ұжымбыз,бір командамыз,тату тәттіміз,доспыз,баурмалмыз ,еш уақытта бір-бірімізді ренжітпейміз.

Психолог:осымен «5-ші сыныптың туған күні» атты мерекелік шарамыз аяқталды.Көрермендерге,ата-аналарға рахмет,сау болыңыздар.





БҚО,Зеленов ауданы,Белес ауылы,

Педагог-психолог,дефектолог:Имашева Индира Ибатуллиевна.