Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 21.12.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область:Таным
Пән / Предмет: Құрастыру
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Достарға арналған жаңа жылдық силықтар
Тақырыбы / Тема: "Сыйлықтардың қораптары"(халықаралық шай күні)
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная: Үйренген құрастыру дағдыларын шығармашылықпен қолдана білу біліктіліктерін, балалардың білімін жетілдіру.
2.Дамытушылық – развивающая: : Өз құрылыстарын кеңістікті есепке ала отырып, дұрыс орналастыра білуге үйрету.
3. Оқыту – обучающая : Ойыншық қораптары, жаңа жыл мерекесінде шыршаның астында болатынын айту.конструктормен жұмыс жасау арқылы баланың қиялымен қол моторикасын дамыту,
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,интербелсенді тақтамен жұмыс,конструкторлар
Көп тілділік полиязычие: шырша-Новогодняя елка-Christmas tree.шырша ойыншықтары-Елочные игрушки-Christmas-tree toys
Жеке жұмыс:Николаева Линарамен
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Балалар кәзір жыл мезгілі қандай? (Қыс) Бізге қандай мереке келе жатыр? (жаңа жыл мерекесі) дұрыс айтасыңдар,жаңа жыл мерекесі келе жатыр.
Ғажайып сәт:
Қонаққа қоян келеді,балалармен амандасады, балалардан көмек сұрайды.
Қоян: балалар маған сендердің көмектерің керек, жаңа жылға достарыма силық алдым, бірақ оларды салып қоятын қораптарым жоқ,сендер көмектесесіңдер ме? (балалар қуана келіседі)
2.Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Қоян біздің балалар саған көмектеседі,кел төрлет жылынып шай іш.Балалар сендер білесіңдер ме 15 жеотоқсан халық аралық шай күні екенін? Шай адамдардың сүйікті сусыны, шайдың түрлері бар: көк шай, қара шай ,қызыл шай болып бөлінеді екен.(балалар қоянға шай береді)
балалар қоянға көмектесіп қорабын жасап берейік. тақтаға назар аударыңдар.
Интербелсенді тақтамен жұмыс
Балалардың назарын тақтаға аударып, суретпен жұмыс жасау , балалардан қораптардың түрлерін, пішіндерін сұрау, жаңа жыл мерекесінде осындай қораптар шырша астында астында жататынын айту,
қоянға осындай қораптар жасауға көмектесемізбе? алдарыңда жатқан конструкторлармен қораптар жасауды бастаңыздар.Балалар суретке қарап отырып, қораптар жасайды.
Тыныс алу жаттығуы: "Гүл"
мақсаты: балалар көзін жұмады,көз алдарына әдемі гүлді елестетіп мұрынмен терең тыныс алады, ауызбен ауаны шығару.3 рет қайталау
Балалар орнымыздан тұрып қоянмен бірге ойын ойнайық.
Дидактикалық ойын "Сөзді керсінше ата"
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту. (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп,) ойынды бір-бірімізге доп лақтыру арқылы ойнаймыз.
Көп тілділік полиязычие: шырша-Новогодняя елка-Christmas tree.шырша ойыншықтары-Елочные игрушки-Christmas-tree toys
балалар үш тілде қайталап айтады.
Жеке жұмыс: Алина,Нұртай, Ализаирларға үстелде дұрыс отыруға, сөйлемді толық жауап берулерін қадағалап ,бағдар беру.Линарамен қиын сөздерді қайталаймын.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
естіп қалып сылбырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
ытқып-ытқып секірді
Жақсы балалар орындарына отырыңдар, сендердің қораптарың өте әдемі шықты,қоян саған ұнады ма?
Қоян: балалар сендерге көп рахмет, келе жатқан жаңа жыл құтты болсын,енді мен қайтайын,сау болыңдар. (балалар қоянмен қоштасады)
Балалар сендер жасаған қораптарыңды бір-біріңе сыйға беріңдер.
3.Қортынды
Балалардан қонаққа не келгенін сұраймын,қоянға қандай көмек жасағанымызды сұраймын,балаларды мақтап-мадақтап,сұрақ-жауап арқылы қортындылаймын.



Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Білім саласы-Образовательная область-Educational area:Таным,құрастыру
Тақырыбы-Тема-Theme: "Сыйлықтардың қораптары"(халықаралық шай күні) күніне арналған тәрбиелік компонентімен ұйымдастырылған оқу қызметі (лего технология)+(Интербелсенді тақта)
Тәрбиеші : Садвокасова В.А.
Костанай қ 2018-2019 оқу жылы