МКҚК«Жоғары аграрлық-техникалық колледжі»
Оқу сабақ жоспары
(теориялық немесе өндірістік оқыту)
Сабақтың тақырыбы: IT Startup түсінігі.
Модуль/пән атауы: Информатика
Педагог: Кимашева А.С.
1.Жалпы мәліметтер:
Курс, топ: I –курс,1
Сабақ типі: теория
2.Мақсаты, міндеттері:
Оқыту мақсаты: 11.4.2.1.1 Startup (стартап) түсінігін баяндау;
Сабақ мақсаты:
Startup ұғымы туралы түсінік алады.
Startup негізгі сипаттамаларын, іске қосу кезеңдерін меңгереді
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсібидағдылар тізбесі веб-бетте бейнені орналастыру үшін қажет тегті қолданады
Бағалау өлшемдері:
- Стартаптың, краудфандингтің жұмыс істеу ерекшеліктерін аңықтау;
- «Стартап», «краудфандинг» жұмысының жүзеге асыру кезеңдерін сипаттау;
4.Қажетті ресурстар: түсіндіру, баяндау, «Ғажайып дорба», «Виртуалды шың» ойындары, «Аялы алақан» жаттығуы, Блум кестесі
4.1 Оқу-әдістемелік жинақ, плакаттар, анықтамалық әдебиеттер, үлестірме карточкалар.
4.2 МП, слайд, электрондық оқулық, видео сабақ.
5. Сабақтың барысы
І. Сабақтың басы(6-7 минут):
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды атмосфера орнату: Әр студенттің көңіл күйлерін білу, «Сәттілік бүгінгі сабақтарына серік болуын» тілеу.
Білімді өзектендіру
Startup сөзін естідік пе?Осыған байланысты қандай ұғымдарды меңгердік? -студенттер осы сұрақтар төңірегінде география, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен алған білімдерін ортаға салады.
Студенттер пікіріне қорытынды жасай отырып, бүгінгі сабақта одан да тереңдетіп , стартапты қалай іске қосуға болады, жарнама қалай жасалынады, т.б көптеген мағлұмат алатындықтарына тоқталу.Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстыру
Сабақтың ортасы:
2. Жаңа материалды меңгеру
«Ойлан,бөліс,талқыла»
Материалмен танысуға уақыт беріледі.Әркім өз ойына түйгенін ортаға салады.
Startup ұғымының шығу тарихы туралы
Startup-қа тән негізгі сипаттамалары
Бүгінгі күнгі әлемдік әйгілі Startupтар, олардың шығу тарихы
Startup тың неліктен IT саласында көбірек пайда болатындығы туралы
Географиялық шектеусіз өсуге қабілеттілігі туралы,тез қарқынмен даму факторы туралы
Стартаптың негізгі сипаттамалары:икемділік,қаржыландыру,қарқынды өсу,мәселені шешудегі инновациялық тәсіл туралы
Startup-ты іске асыру кезеңдері туралы
Startup-ты іске асыру кезеңдері бойынша «Ақпарат пирамидасын» тұрғызуға тапсырма
Бекіту кезеңі:
«Startup деген не?» тақырыбында видеоролик көрсету арқылы білімдерін жүйелеу, бекіту.
Сергіту сәтін өткізу. «Сөзден сөз құрайық»
Берілген «информатика» сөзінен орысша,қазақша сөздер құру.
«Миға шабуыл» стратегиясын пайдалану
Қазақстандық стартапер-өнертапқыштардың Startup жобаларының қайсысы табысты , болашағы бар болатындығына болжам жасау.
Sezual-эхолокацияны пайдалану
ApartX-квартираны қауіпсіз және қашықтан басқару мобильді қосымшасы
Cerebra -жасанды интеллект көмегімен компьютерлік томография суреті арқылы инсультті ерте кезеңінде анықтау
OKOO мектептер үшін онлайн білім платформасы
Campeat - маркетингтік платформа , «өлі» кезеңдегі дукендегі сауданы сағаттық трафик бойынша арттыру
Egistic – өнімнің мониторингі үшін платформа
Diodey - IoT-стартап, ақылды жарықтандыру мобильді қосымшасы
IRC “Almaty” – түс мониторингі құрылғысы
Piroq -жүргізуші әдебін бағалау мобильді қосымшасы.
Gift Sensor – сыйлық ұсыну сервисі.
Smart Shelf Solutions -нақты уақытта сауданы бақылайтын «ақылды сөре» жобасы.
Antidolg.kz, Nommi wi fi роутер, пауербанк
Сабақтың соңы:
Дескриптор:
Студенттер жоспарлары мен армандары туралы жазады;
Startup жобасын құру және дамыту стратегиясын сипаттайды;
Startup жобаның болашағын болжайды
«Бас бармақ» әдісі арқылы сабақты меңгергендіктері туралы кері байланыс алу .
Сабақтың өтілу барысы туралы студенттердің қысқаша пікірлерін тыңдау.
Сабақ бойынша рефлексия
«Бүгінгі сабақ саған ұнады ма ?» студенттер үшін сабақтың мәнділігін бағалау үшін пікірлерін тыңдау .
6. Қорытындылау: Блум кестесі бойынша
7. Білімдерін бағалау: бағалау парақтары бойынша
8. Үйге тапсырма беру: «Менің қиялымдарғы Startup жобасы»тақырыбында эссе жазу.