Просмотр содержимого документа
«SQL программалау тілі»
№4 SQL тілі
Жоспар:
SQL программалау тілі
SQL сұранысы
1.SQL программалау тілі
Мәліметтерге ену мүмкіндігінің реляциялық тәсілі жазбалар тобының амалдарына негізделген.
Амалдарды орындауға SQL (Structured Query Language) құрылымдық сұраныс тілінің құралдары қолданылады. Delphi қосымшаларында BDE механизмін қолдану барысында мәліметтер жиыны ретінде SQL-сұранысты орындауды беретін Query немесе StoredProc компоненттері қолданылады. SQL құралдарын жергілікті және қашықтағы мәліметтер қорымен амалдар орындауға қолдануға болады.
Программалаудың процедуралық тілінен айырмашылығы: есептеу процестерін басқару инструкциясы (циклдер, тармақталу, басқа операторға өту) және енгізу/шығару құралдары жоқ.
SQL - құрылымды сұранымдар тілі көмегімен мәліметтер қорына күрделі сұраныстарды құруға болады.
2.SQL сұранысы
Сұраныс – бұл белгілі ақпараттарды алуға талап болып табылады. SQL-сұраныстардың көмегімен:
1. Қосымшаның орындалу барысында мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;
2. Бірнеше кестеден өрістер немесе жазбалар алуға болады;
3. Күрделі шарттар бойынша мәліметтер жиынтығының өрісін қолдануға болады;
4. Мәліметтер жиынтығының кез-келген өрісі бойынша сұрыптауға болады;
5. Мәліметтерді іздеуді ұйымдастыруға болады;
SQL тілінің әртүрлі жүйеге негізделген көптеген диалектілері бар. SQL-ді қолдануға қандай жүйеде жұмыс жасасаңыз, соның сәйкес құжаттарын қараған жөн.
DELPHI тіліндегі қосымшаға SQL көмегімен:
Paradox және dBase кестелерінің – локальді SQL тілі қолданылады;
InterBase локальді серверінің – толығымен сәйкес синтаксис қолданылады;
SQL қашықтықтағы серверінің, SQL Links драйверлері арқылы
мәліметтерін қолдануға мүмкіндік береді;
SQL сұраныстың екі түрі бар: статикалық және динамикалық.
Статикалық SQL сұраныстар қосымшаны құру барысында жазылады.
Динамикалық SQL сұраныстар коды қосымша орындалу барысында құрылады немесе өзгертіледі.
SQL тілінің операторлары мынадай топқа бөлінеді:
1. Мәліметтерді анықтау тобы ( жаңа кесте құру, өшіру);
2. Мәліметтерді басқару тобы ( таңдау, топтастыру );