СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

СӨЗ – МЕРГЕН сайыс сабақ

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен білімдерін тексеру. Оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді ажырата білуге, олардың мәнін дұрыс ұғынуға баулу, өз ойларын тез, ұтымды жеткізуге бағыттау. 

Просмотр содержимого документа
«СӨЗ – МЕРГЕН сайыс сабақ»

Сабақтың тақырыбы: СӨЗ – МЕРГЕН

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен білімдерін тексеру. Оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді ажырата білуге, олардың мәнін дұрыс ұғынуға баулу, өз ойларын тез, ұтымды жеткізуге бағыттау. Тіл шеберлігін арттыру, адамгершілік тәрбиесін беру, өз Отанымызды құрмет тұтуға, тілімізді, дінімізді жандандыруға үлес қосуға, ұмыт болып бара жатқан көне дәстүрімізді қалыпқа келтіруге үлес қосуға тәрбиелеу.

Түрі: білімді тексеру

Көрнекі құралдар: сабақ кезеңдеріне жазбаша сөздер, тұрақты сөз тіркестері

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтың басшысы тағайындалады. Топ ат қояды.

Сайыс 4 кезеңнен тұрады: 1) «Мықты болсан, тауып көр»

2) «Жүйрік болсан, шауып көр»

3) «Шешен болсан, шешіп көр»

4) «Ойлы болсан, озып көр»


І кезең: «Мықты болсан, тауып көр»

Мақал-мәтелдердің бірінші бөлігі беріледі, екінші бөлігін тауып жалғастыру.

  1. Байлық-мұзға жазылған сөз,

(Білім-тасқа жазылған сөз)

  1. Ер жігіттің екі сөйлегені –өлгені

(Еменнің иілгені-сынғаны)

  1. Әкең-асыл қазынаң

(аға-інің-асқар тауың)

  1. Тау мен тасты су бұзар

(Адамзатты сөз бқзар)

  1. Денің сау болса, жарлымын деме,

(Жолдасын көп болса, жалғызбын деме)

  1. Сөз қадірін білмеген

(Өз қадірін білмейді)

  1. Досы көппен сыйлас

(Досы жоқпен сырлас)

  1. Жалғыз ағаш-орман болмас

(Жалғыз кірпіш-қорған болмас)

ІІ кезең: «Жүйрік болсан, шауып көр»

Әр топқа тест беріледі. Сол тесті ортақтасып шешу қажет.

ІІІ кезең: «Шешен болсан, шешіп көр»

Мына берілген сызбалар бойынша зат есімдер мен етістіктерді қатыстырып, тұрақты сөз тіркестерін құрастыру. Мағынасын түсіндіру.

Қыздың жиған жүгіндей, ат ізін салмау, ит өлген жер, айы оңынан туды.

ІҮ кезең: «Ойлы болсан, озып көр»

Топ басшылары ортаға шығып. Берілген уақыт бойынша сурет салып, салған суретін қорғайды.


Топ басшылары дайындалғанша, топ мүшелері бір-біріне жұмбақ жасырады. Жұмбақтың шешіміне сай мақал-мәтел айтады.


Сабақты пысықтау: Топтан бір-бір оқушы шығып, берілген әріп бойынша, қойылған сұрақтарға жауап беру.

1.Сенің атын кім?

2.Сен қайда тұрасын?

3.Сенің досың кім?

4.Қандай гүлді жақсы көресің?

5.Қандай тағамды ұнатасың?

6.Қандай қалаға баруда армандайсың?

7.Сенің анаңның аты кім?

8.Болашақта кім болуды қалайсың?


Қорытынды: Ұпай сандарын санап, жеңген топты атау.

Бағалау.

Үйге: өткенді қайталау