СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сенімділік бейнесі

Категория: Психологу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру.

Просмотр содержимого документа
«Сенімділік бейнесі»

Сабақ тақырыбы: Сенімділік бейнесі

Мақсаты: Жеткіншектердің өзін-өзі тануын қалыптастыру.

Керекті заттар: түрлі-түсті қарындаш, маркер, жұмсақ ойыншық, плакат,

Сабақ алдында қатысушыларға өз есімдерін жазуға бейджи таратылады.

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңе қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Бүгін біз бір-бірімізді

тыңдауға, өз-өзімізге сенімді болуға, әрі өзімізді қорғай білуге үйренеміз.

1. «Танысу»

Жүргізуші: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз.Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Танысу» жаттығуын ұсынамын. Жұмсақ ойыншық арқылы әр адам өзінің есімінің бас әріпінен келетін сын есім айтады.

2. «Менің көңіл-күйім неге ұқсайды?»

Рахмет.Мен сендердің жақсы көңіл күйде екендеріңді көріп тұрмын. Өз ойыңмен бөлісу өзіңді жақсы түсінуге көмектеседі.

  1. Топқа бөлу, топтың атын қою.

Жүргізуші: Оқушы емтихан үстінде қатты мазасызданады, уайымдайды, қорқады.Осының бәрі ойын жинақтауға, зейінін шоғырландыруға кедергі келтіреді.Бірақ бұның бәрін реттеуге болады.

  1. «Аутотренинг формуласы»

Нұсқау: Көздеріңізді жұмып, ыңғайланып отырыңыз.Арқаңызды тік ұстап, алақаныңызды тізеге қойыңыз. «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз. «Менің оң қолым ауыр» - деп 5-6 рет қайталаңыз. «Мен сабырлымын» формуласына ойыңызды жинақтаңыз. «Менің сол қолым ауыр» деп 5-6 рет қайталаңыз.Қайтадан «Мен сабырлымын. Мен дайынмын, мен жинақымын. Мен өзіме сенімдімін!» формуласын ойша қайталаңыз.Денеңізді қалпына келтіру үшін, жұдырықты түйіп, бірнеше рет терең тыныс алыңыз.

Анализ: Жаттығу орындау қиын болды ма?

Жүргізуші: Үш топтың тақырыбын беріп, плакатқа сурет салу, топтастыру, жазу арқылы үш тақырыпты қорғауды тапсырады.

5.«Үш сурет» ойыны


 Сенімді адам

Сенімсіз адам

Нақты сенімді адам

1. Сабырлы.

2. Достарымен    сөйлескен кезінде қарап тұрады.

3. Қарым-қатынасқа түсе алады.

4. Өзінің білмегендігін      көрсетуге қорықпайды.

1. Ақырын сөйлейді.

2. Көзге қарамайды.

3. Бас тартпайды, барлық нәрсеге келіседі.

4. Ұялады.

5. Қарым-қатынаста қиналады.

6. Қорқыныш, үрей басым болады.

1. Қатты сөйлейді.

2. Айқайлайды.

3. Құқығы жоқ жерде басшылық етеді.

4. Алдына мақсат қоя біледі.

5. Әрқашан өзіне ғана сенімді.



Үш топ тақырыптар бойынша қорғайды. Әр топтан бір оқушы шығып, бағалайды.


6.Сергіту жаттығуы «Портрет»

Жұптасып, қағазды төбесіне қойып, қасындағы адамның суретін салады. Салып болған соң тілек жазып береді.

7. «Ою- өрнек» әдістемесі

Балаларға қағаздар таратылады, суретте берілген заттардың атын жазу керектігі тапсырылады.

1.Торсық 2.Үкі 3.Қол 4. Аққу 5.Домбыраның мойыны 6. Тиін 7. Ит 8. Көбелек 9.Күн 10.От 11.Гүл 12. Тышқан


8. «Күн шуақты алаңқай»

2 жұлдыз, 1тілек жазыңыздар.Көбелекті гүлге қондыру арқылы кері байланыс алу.

9. Қорытынды