| МДС | Бәрін білгім келеді! | Күні: |
| Сабақтың тақырыбы | Әсем өрнектер. |
| Сілтеме | әдістемелік құрал. |
| Жалпы мақсаты | Қыс мезгіліндегі түрлі құбылыстармен, қысқы еңбек түрлерімен таныстыру.Сөйлем құрастырып өз ойын толық жеткізіп айта білуге үйрет. |
| Күтілетін нәтижелері | Оқушылар берілген тапсырмаларды орындауды, оларға сұрақ қоя білуді үйренеді, сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айтып, қорытуға үйренеді. Өзін-өзі және басқаларды бағалау дағдысы, топтық ынтымақтастық қалыптасады. |
| Көрнекілігі | Ақ қағаз,үлестірме материалдар, жеке суреттер. |
| Тапсырмалар | АКТ. «Сұрақ жауап»,«Суреттіжұмбақтар» ойыны. Топтық жұмыстар. Шығармашылық тапсырма. . |
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Ресурстар |
| Психологиялық ахуалды қалыптастыру | Қол ұстасып кәне біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге! Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап. Жүрейікші жараса. | Оқушылар қимыл- қозғалыстарды қайталайды. | АКТ Топ ережесі жазылған постер |
| Ұйымдастыру  | Балалар мен сендергі қызықты жұмбақтар жасырамын мұқият тыңдап жауап беріңдер кім тапқыр екен тауып көрсін. Жұмбақтар шешу. Суда мұз бар, Жерде қар бар. Боран борап соғады, Бұл қай мезгіл болады(Қыс) 1) Әуеде ақ мамық, Қалбалақтап ұшады. Қанаты талып, Жерді барып құшады. 2) Қолы мен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. 3) Қыста шыны боп қатады, Жылыда су боп жатады. 4) Мүлгіп тұрған бақ тыныш, Ораныпты ақ күміс. Бұлардың барлығын бір сөзбен құбылыстар деп айтамыз.Бұл қай мезгілдің құбылыстары деп ойлайсыңдар? Ия дұрыс айтасыңдар бұлар қыс мезгілінің құбылыстары. Олай болса аталған төрт құбылыстарға бөлініп қызықты сабақ өтеміз.Дайынсыңдарма? Топқа бөліну. «Қар»«Аяз»«Мұз»«Қырау» Топтарға сұрақтар қою. Қысқы еңбек түрлерін білесіңдерме? Қысқы қандай ойындар бар? Қыс айларын атап беріңдер? Құбылыстарды атап беріңдер? Балалар қыз мезгілінің айлары бар олар Желтоқсан Қаңтар Ақпан естеріңде ұстаңдар: Жұмбақтар Есік ашсаң, лап етер Сабалақ ит сап етер(аяз) Қос атқа бірден Біржігіт мінген(шаңғы) Көзің көрмес бір дарақ. Он екі бұтақ,бір жапырақ(жыл) | Оқушылыар берілген сұрақтарға жауап береді.
- Қар
- Аяз
- Мұз
-Қырау. Қыс мезгілінің құбылыстары Ия дайынбыз Ауланың қарын тазалап отын жарып күл шығару. Қаратысып ойнау шанамен ,конкимен сырғанау. Аяз,қырау,мұз,қар, | Тақта Жеке сөздер жазылған қағаздар |
| Талдау | Суретпен жұмыс Қай суретте қыс мезгілі көрсетілген?   Сюжетті суретті мазмұндап айтып беру.  | Оқушылар топпен сол суреттерге байланысты сөздерді айтады. | Суреттер |
| Тіл ұстартуға арналған жаттығулар | Ыс – ыс – ыс, Келіп жетті қыс. Ар – ар – ар, Жауады қар. Яз – яз – яз Сақылдаған сары аяз. Ран – ран – ран, Соғады боран. На – на – на, Зулайды шана. | | |
| Сергіту сәті. | Қазір қыс мезгілі ғой шаңғы тебейік балалар екі қолымен шаңғы тебеді, кейде отырып та қаламыз, келе жатып оңға- солға қиысамыз деп, оңға-солға, оңға –солға қисаяды кейде отырып та қаламыз деп, бой сергіту жұмысын аяқтау.  | Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды | Сергітту тапсырмалары жазылған парақшалар |
| Жинақтау | Д/о «Суретті жұмбақтар » топ болып сабақта алған білімдерін, ойларын ортаға салады. Ойынның шарты: Балалардың арасынан бір бастаушы таңдалады, қалғандары отырады. Мұғалім үлкен қораптан кішкентай неше түрлі суреттері бар карточкаларды бір-бірден алып шығып, суреттегі бейнені сөзбен сипаттап жасыруды ұсынады.
Бастаушы суретті карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы бейнені, затты сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып, не бейнеленгенін тауып алу керек. Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды жалғастырады. Дәптермен жұмыс:14-бет.1,2-тапсырма | Тақтаға шығып тапсырманы орындайды | Тақта |
| Рефлексия   | Сабақты пысықтауға арналған сұрақтар: 1.Балалар, қыста жер бетін не басады? 2.Қыста балалар қардан не жасайды? 3. Кім көп сөз біледі?Бүгінгі сабақтан жаңадан үйренген сөздерін қайталап айтып берулерін сұрау. Мысалы:қыс,қар,аяз,мұз ,қырау,боран, т.б Бағалау: сабақты қалай түсінгендерін бармақтарымен көрсету.Әр топ бір-бірін бағалайды. Балаларды мадақтау мақтау сөздерімен сабақты бекіту. | Тапсырмаларды әр бала өз ойларын айтып береді. | Стикерлер, суреттер. |
| |