СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шұбар тауық" ертегісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Коммуникация саласы бойынша Сөйлеуді дамыту оқу қызметінен "Шұбар тауық" ертегісі

Просмотр содержимого документа
«"Шұбар тауық" ертегісі»

«Жұлдыз» ІІ кіші тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні: 14.09.2016ж.

Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Шұбар тауық» ертегісі

Мақсаты: Балаларға ертегі мазмұнын әңгімелеп беру. Ересектер­дің айтқанын тыңдап, түсіне білуге, сұрақтарына жауап беруге үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.Ертегі мазмұны арқылы бір-біріне қамқор болуға, сыйластыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:№2демонстрациялық материал.(Ертегі кейіпкерлерінің суреттері),«Шөжелерім» әні жазылған үнтаспа.

Сөздік жұмыс: шұбар тауық, қауырсын.

Қостілділік компонент: ата – дедушка, әже – бабушка, тауық – курица, жұмыртқа – яйцо, тышқан – мышь.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық

– Балалар бүгін күн қандай?

– Күн ашық па?

– Жылдың қай мезгілі? т.б.

Шұбар тауық туралы өлең оқып береді.

Шұбар тауық мүлдем

Жолатпайды барса.

Ұясында жүрген

Балапаны қанша?

Балапанын тауық

Қызғанады жаман.

Қанатымен жауып,

Санатпайды маған.(Ұ.Есдәулетов)


Сұрақтарға жауап береді.




Балалар өлеңнің мазмұнынан түсінгендерін айтып беруге тырысады.





Ұйымдастырушылық –

ізденістік

Демонстрациялық қөрнекілікті көрсету.

– Балалар, сендер білесіңдер ме,

тауықтар қандай түсті болады? Ақ түсті, қызыл түсті, шұбар ала түсті тауықтар болады екен. Мен сендерге осы «Шұбар тауық» ертегісін әңгімелеп беремін

Баяғыда бір атай мен әжей күнін әзер көріпті. Олардың жалғыз шұбар тауығы болыпты. Тауық бір күні алтын жұмыртқа тауыпты. Атай жерге ұрыпты, бірақ әлгі жұмыртқаны жара алмапты, әжей де ұрып-ұрып жара алмапты. Бір тышқан зырылдап жүріп, құйрығымен қағып кетіпті, сол кезде жұмыртқа жерге түсіп кетіп, жарылып қалыпты. Атай мен әжей жылапты. Сонда оларды Тауық былай деп жұбатыпты:

 Жыламашы, аташым! Мұңаймашы, әжешім! Мен сендерге жылтылдаған алтын емес, ас болатын қарапайым жұмыртқа тауып беремін, – депті.

– Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

– Онда, осы шұбар тауықтан алынған қауырсыннан «Қауырсынды үрлеу» ойынын ойнайық. (Шұбар тауық,қауырсын сөздерімен сөздік жұмыс жүргізіледі)

Тыныс алу жаттығуы.

Жеңіл қауырсынды «уф-уф-уф» деп үрлеуді көрсетеді.

Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма-жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иілем де қол созам

Аяғымның ұшына.

Бір! Екі! Бір! Екі! (С.Қалиұлы)

Дидактикалық ойын: «Балапандарды тамақтандыру».

Ойын шарты: «Шөжелерім» әнін тыңдата отырып, қимылмен балапандарға жем шашуды көрсету.


Жауап береді.





















Жаттығуды жасайды.






Қимылын келтіріп, жаттығуды орындайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

- Балалар, ертегі кімдер туралы?

Ата – дедушка.

Әже – бабушка.

– Атай мен әжейдің қандай тауығы болыпты?

– Тауық – курица

– Ол не тауыпты?

Жұмыртқа – яйцо

– Жұмыртқа қандай болыпты?

– Жұмыртқаның түбіне жеткен не?

Тышқан – мышь.

– Атай мен әжейді тауық не деп жұбатыпты?


– Атай мен әжей туралы

Ата – дедушка

Әже – бабушка


– Шұбар тауығы.

– Тауық – курица

– Алтын жұмыртқа.

  • Жұмыртқа – яйцо.

  • – Қатты.

– Тышқан.

Тышқан – мышь.

– «Жыламаңдар, мен сендерге алтын емес, қарапайым тамақ болатын жұмыртқа тауып беремін», –
деп жұбатыпты.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегіні тыңдап, мазмұнын айтуды;

Игереді: сұрақтарға жауап беру дағдысын;

Меңгереді:ойын жаттығуын ойнай білуді.