СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Сандық және реттік санау».

Нажмите, чтобы узнать подробности

балаларға заттарды 4 ге дейін санауды үйрету

Просмотр содержимого документа
««Сандық және реттік санау».»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы.

«Айгөлек» ортаңғы тобы Күні: 13.12.17

Тәрбиеші: Ақылжан А.Б

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»

Тақырыбы: «Сандық және реттік санау».

Мақсаты: Балаларды заттарды 4 – ке дейін санауға үйрету, сандық санау және реттік санау түрлерін ажырата алуға дамыту.

Билингвалдық компонент: Реттік санау – последовательный подсчет, сандық санау – цифровой счет.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, бір-бірін татулыққа, достыққа, мейрімділікке шақырады.

Балалар шаттық шенберге тұрады.

Ұйымдастырушылық ізденіс

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қандай ай?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Балалар бір аптада неше күн балабақшаға келеміз?

- Неше күн демаламыз?

- Балалар сендер қаншаға дейін санай білесіңдер?

Логиқалық сұрақтар:

а) Табақта үш кішкентай доп

Қолымда екі доп

Біреуін әжеме берейін

Біреуін атама берейін

Біреуін беремін әкеме

Біреуін беремін анама.

Нешеу қалды?

ә) Қоянның неше құлағы ба?

2 саны ол бірдің көршісі. Бір саннан кейін екі саны тұрады.

б)3 саны ол екінің көршісі, яғни екі санынан кейін үш тұрады.

«Ойыншықтарға назар аудару». Үш санының құрамын ажырату.

в) Суретке қарап төрт жыл мезгілін анықтап төрт санын көрсетеді.

Ойын: «Көршісін тап»

Ойынның шарты бойынша балалар сандардың көршісін табады.

Сергіту сәті:

Бір дегенде тұрайық,

Екі, үш, төрт алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

Балалар төртке дейінгі сандарды көрсете отырып, жолақтарға қоямын. Енді осы санды кім ретімен санап береді?

Енді төртке дейін санамақты қайталаймыз:

- Бір дегенім – бірлік,

Онсыз болмас – тірлік.

- Екі дегенім – еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

- Үш дегенім – үлес,

Үлес үшін – күрес.

- Төрт дегенім – терме,

Тұрған жақсы – ерте.

- Қазір жылдың қыс мезгілі.

- Желтоқсан айы.

- Сәрсенбі.

- Бір аптада бес күн балабақшаға келеміз.

- Екі күн демаламыз.

Балалар қаншаға дейін санай алатындарын айтады.

Сұраққа ойланып жауап береді:






- Біреу.

- Екі құлағы бар.






Үш санын табады.




Төрт санын ажыратады.


Сандардың көршісін табады.




Сергіту сәтін орындайды.








Тәрбиешімен бірге санамақты қайталайды.

Рефлекстік түзету

Жарайсындар балалар бүгін оқу іс – әрекетіне белсенді қатыстыңдар.

Мақтағанға мәз болады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: 4 санын танып ажыратып, ретін анықтауды.

Игереді: Сандық және реттік санауды ажыратуды.

Меңгереді: Тапсырмаларды дұрыс, тиянақты орындауды.