| III.Сыныппен жұмыс. 1.Санақ жүйесі ұғымын түсіндіру. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу қажет. Шартты түрде қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды. Бір ғана дененің әртүрлі санақ жүйесіне қатысты қозғалысы түрліше болады.Жер бетіндегі денелердің қозғалысын қарастырғанда Жермен байланысты санақ жүйесін алған тиімді. Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтады. IV.Жұптық жұмыс. Асан поездға отырып келесі станциядан түспекші болады.Ол әлі билет алмағандықтан, билет тексерушілерді көріп, ол ұсталып қалмас үшін түзусызықты бірқалыпты келесі вагонға орын ауыстырады.Билет тексерушілер де сол бағытта келесі вагонға ауысады.Ал Асан болса келесі вагонға ауысады.Ең бірінші вагонға жетіп, баратын жері қалмағанда, дәл сол кезде өзіне керекті станцияға жетеді.Ол өзінің ұсталмағанына көңілді болып вагоннан түседі. Сонда поезд екі станцияның арасын 5 километрді 5 минут ішінде жүрсе, ал Асан осы уақытта 5200 метр жүреді.Яғни, поездың ұзындығы қосылады.Біз осы жерде қозғалыстың салыстырмалылығымен ұшырасамыз. V. Сыныппен жұмыс. Бейнематериал көрсету. http://bilimland.kz/index.php/kz/ VI.Жұптық жұмыс (таныстырылым бойынша). 1.Траекторияның салыстырмалылығын көрсету 2.Қозғалыстың салыстырмалылығы Мотоциклші мотоциклге қатысты тыныштықта. Мотоциклші жолға қатысты қозғалады . Поезда отырған жолаушылар вагонмен салыстырғанда қозғалыста болады ма? Жермен салыстырғанда? Аққу қандай денелерге қатысты тыныштықта болады? Аққу қандай денелерге қатысты қозғалыста болады? Тышқан немен салыстырғанда қозғалыста болады? Тышқан немен салыстырғанда тыныштықта болады? | VII.Жеке жұмыс. 1.Әртүрлі санақ жүйелеріне қатысты денелердің екі қозғалыс траекториясын сызады. | VIII.Жұптық жұмыс. Қалыптастырушы бағалау Қажетті құралдар: Ағаш білеуше, А-3 парағы. Жұмыс барысы. Ағаш білеушені қағаз парақтың үстіне қойыңдар. Парақтың шетінен ақырын тартыңдар да, білеуше мен қағаз парағының қандай күйде болатынын бақылаңдар. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер. А) Қағаз парағы мен білеуше үстелге қатысты қандай күйде болады? Ә) Қағаз парағына қатысты білеуше қандай күйде болады? Б) Бұл күйлерді қандай белгілері бойынша анықтадыңдар? В) Үстел білеушеге немесе қағаз парағына қатысты қозғалды деп айтуға болар ма еді? |