| Ұйымдастыру- шылық- ізденушілік | Балалар біз қай елде тұрамыз? Оны картадан көрсетіңдерші Қазақстанның астанасы қалай аталады? Қазақстанда тағы да қандай үлкен қалалар бар? Сендер көп қалаларды атадыңдар.Ал бір қаланың екінші қаладан айырмашылығы неде? Бір қала екінші қаладан архитектурасымен ерекшеленеді Архитектура дегеніміз бұл ғимараттар және басқа да кешендердің құрылысы қане, барлығымыз бірге жаңа сөзді қайталайы. Түрлі ғимараттарды,кешендерді ойлап табатын адамдарды архитектор деп атайды Бүгін біз Астанаға сахат жасаймыз. Онда немен баруға болады? Біз «Алматы Астана» жүрдек пойызымен барайық Жолшыбай қоршаған табиғатты тамашалаймыз Адам қалаға келгенде ең алдымен қайда түседі? Астана елімііздің барлық қалаларымен байланыста болуы керек. Міне біз теміржол вокзалына келдік. Ертеден бері қалаға келген адамдар қаланың сұлулығына таңдансын деп,вокзал ғимаратын сұлу,әдемі етіп салуға тырысқан. Астана бізді суық желімен,жақында ғана бой көтерген сұлу ғимараттарымен , кең көшелерімен қарсы алады. Елбасының мәдени орталығы,конгресс хол,еуразия университеті,океанариум Думан көз тартады. Қаланың ең ерекше көрнекті орындарының бірі Бәйтерек. | ҚР тұрамыз Шымкент,Павлодар,Алматы Бір қала екінші қаладан ғимараттарымен ерекшеленеді Пойызбен,автобуспен,ұшақпен Егер адам пойызбен келсе теміржол вокзалына,ұшақпен келсе әуе жайға,кемемен келсе кемежайға,автобуспен келсе автовокзалға келіп түседі |