СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

С++ тіліне кіріспе

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Си тілін 1972 жылы АҚШ-тағы Bell Laboratories фирмасының қызметкері Денис Ритчи құрастырған болатын.

Просмотр содержимого документа
«С++ тіліне кіріспе»

Ф.219

№1. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)


Топ

Күні









Пән: Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері

1 бөлім. С++ тілінде бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: №1.1. С++ тіліне кіріспе

Сабақтың тақырыбы: №1 С++ тіліне кіріспе

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру

Сабақтың түрі: Дәріс


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Пәннің жалпы сипаттамасы: мақсаты және оны оқытудың міндеттері, техник-бағдарламашыны дайындаудағы пәннің орны мен рөлі. Басқа пәндермен байланысы. Есептеуш техниканың бағдарламалық қамтамасыздандыруының казіргі заманғы жағдайы. Басқа бағдарламалау тілдерінің арасында С++ тілінің дамуы. Тілдің жалпы сипаттамасы. Бағдарламалар құру техникасы.

Кәсіптік құзыреттілік

Тілдің жалпы сипаттамасы білу


Сабақ мақсаттары


оқытушылық

Пәннің жалпы сипаттамасымен таныстыру

тәрбиелік

Оқушыларды бір-біріне көмек көрсете білуге, компьютерлік мәдениеттілікке тәрбиелеу

дамытушылық

Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу қасиеттерін дамыту


Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

Қамтамасыз етілетін

Автоматтандрылған ақпараттық жүйесін бағдарламамен қамтамасыздандыру


Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар


Таратпа материалдар


Оқытудың техникалық құралдары

ДК, С++

Әдебиет: негізгі

И.Г.Семакин, А.П.Шестаков «Основы программирования»

Қосымша

С.В.Симонович «Информатика. Базовый курс»


Сабақ мазмұны


Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (2 мин)

  1. Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

  2. Компьютерлердің сабаққа дайындығын тексеру

  3. Оқушылармен амандасу

  4. Оқушыларды түгендеу

  5. Сабақтың мақсатымен таныстыру


2.

Үй тапсырмасын сұрау (15 мин)


3.

Жаңа сабақ (40 мин)

  1. Си тілінің шығу тарихы

  2. Си тілінің алфавиті

  3. Программаның құрылымы



4.

Жаңа сабақты бекіту (13 мин)

  1. Си тілінің шығу тарихы қандай?

  2. С++ тілін кім жасады?

  3. С++ тілінде қандай операторлар бар?

  4. С++ тілінің алфавиті қандай?


Тәжірибелік жұмыс


5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)



6

Үйге тапсырма беру (4 мин)

Семакин И.Г., Шестаков А.П. «Основы программирования»174 бет




Оқытушы __________ Г.К.Мукушова































Дәріс №1


Пән: Объектілі-бағдарланған бағдарламалау негіздері

1 бөлім. С++ тілінде бағдарламалау негіздері

Курс тақырыбы: №1.1. С++ тіліне кіріспе

Сабақтың тақырыбы: №1. С++ тіліне кіріспе


  1. Си тілінің шығу тарихы

  2. Си тілінің алфавиті


Си тілін 1972 жылы АҚШ-тағы Bell Laboratories фирмасының қызметкері Денис Ритчи құрастырған болатын.

Автор жоспары бойынша Си тілі қарама-қарсы екі қасиетке ие болуы тиіс еді. Бір жағынан, ол құрылымды програмалау әдісін ұстанатын жоғары деңгейлі тіл, екінші жағынан, бұл тілдің компилятор және операциялық жүйелерді құра алатын мүмкіндігі болуы керек. Си пайда болмастан бұрын мұндай программалар тек Ассемблер, Автокод сияқты төмен деңгейлі тілдерде ғана жазылған болатын. Си тілінің көмегімен жасалған алғашқы жүйелік программа – Unix операциялық жүйесі болды. Жоғарыда аталған екі қасиеті үшін Си тілін көбінесе орташа тіл деп атайды. Си стандарты 1983 жылы Американың ұлттық стандарттар институтында (ANSI) бекітілді.

1980 жылдардың басында Bell Laboratories фирмасының тағы бір Бьерн Строуструп деген қызметкері Си тілінің нысанды-бағытталған программалауға арналған кеңейтілген түрін жасады. Бұл тіл С++ деп аталды.


Си тілінде пайдаланылатын символдарды бес топқа бөлуге болады.

  1. Латын әріптері

    Латын алфавитінің бас әріптері

    A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

    Латын алфавитінің кіші әріптері

    a b c d e f g h i j k l m n o p r s t u v w x y z

    Астын сызу символы

    _

  2. Араб цифрлары: 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9

  3. Арнайы символдар:

    Символ

    Аталуы

    Символ

    Аталуы

    ,

    Үтір

    (

    Оң жақ дөңгелек жақша

    .

    Нүкте

    )

    Сол жақ дөңгелек жақша

    ;

    Нүктелі үтір

    {

    Оң жақ фигуралық жақша

    :

    Қос нүкте

    }

    Сол жақ фигуралық жақша

    ?

    Сұрақ белгісі

    Кіші

    ‘

    Апостроф

    Үлкен

    !

    Леп белгісі

    [

    Квадрат жақша

    |

    Тік сызық

    ]

    Квадрат жақша

    /

    Бөлшек сызық

    #

    Нөмір

    \

    Кері сызық

    %

    Процент

    ~

    Тильда

    &

    Амперсанд

    *

    Жұлдызша

    ^

    Логикалық жоқ

    +

    Плюс

    =

    Тең

    -

    Минус

    “

    Тырнақшалар

  4. Басқару және ажырату символдар

Бұл топтың символдарына мыналар жатады: бос орын (пробел), табуляция символдары, жолды көшіру, каретканы қайтару символдары, жаңа бет және жаңа жол.

Бұл символдар бір-бірінен қолданушы белгілейтін объектілер арқылы ажыратылады. Оларға тұрақтылар (константалар) мен идентификаторлар жатады.

  1. Басқарушы тізбектер

Си тілінде көрсетілген символдар тобынан басқа басқарушы тізбектер кең пайдаланылады, яғни ақпаратты енгізу және шығару функцияларында пайдаланылатын арнайы символдық комбинациялар. Басқарушы тізбек (\) кері бөлшек сызықты (міндетті бірінші символ) пайдалану және латын әріптері мен цифрларының комбинациясының негізінде құрылады.

Басқарушы тізбек

Аталуы

Оналтылық алмастыру

\а

Қоңырау

007

\b

Бір қадамға қайтару

008

\t

Көлденең табуляция

009

\n

Жаңа жолға көшу

00А

\v

Тік табуляция

00В

\r

Каретканы қайтару

00С

\f

Форматтың ауысуы

00D

\”

Тырнақшалар

022

\’

Апостроф

027

\0

Нөл символы

000

\\

Кері бөлшек сызық

05C

\ddd

Сегіздік көріністегі ДЭЕМ-ның кодтарының жиынтығының символы


\xddd

Оналтылық көріністегі ДЭЕМ-ның кодтарының жиынтығының символы


\ddd және \xddd (мұндағы d цифрды көрсетеді) түріндегі тізбектер ДЭЕМ-ғы кодтар жиынынан алынған символды сәйкесінше сегіздік немесе оналтылық цифрлар тізбегі ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, каретканы қайтару символы әр түрлі әдістермен көрсетілуі мүмкін:

\r – жалпы басқарушы тізбек;

\015 – сегіздік басқарушы тізбек;

\х00D – оналтылық басқарушы тізбек;

Жолдық тұрақты шамаларда әрқашан барлық үш цифрды басқарушы тізбек түрінде жазу міндетті. Мысалы, \n (жаңа жолға көшу) жеке басқарушы тізбекті \010 және \xA түрінде көрсетуге болады, бірақ жолдық тұрақтыларда барлық үш цифрды жазу қажет, кері жағдайда басқарушы тізбектен кейінгі символ немесе символдар оның жетіспейтін бөлігі ретінде қарастырады. Мысалы, “ABCDE\x009FGH” берілген жолдық команда Си тілінің белгілі функцияларын пайдалану арқылы сегіз бос орынмен бөлінген “ABCDE FGH” екі сөз түрінде басылып шығады, бұл жағдайда, егер “ABCDE\x09FGH” толық емес басқарушы тізбекті көрсетсе, онда баспаға ABCDE=|=GH деп шығады, себебі компилятор \x09 тізбегін “=|=” тізбегі түрінде қабылдайды.



Оқытушы __________ Г.К.Мукушова