Просмотр содержимого документа
«Презентация құру.»
Какимова Назгуль Оразгалиевна
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) пәні бойынша
3-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: 1- сабақ
Бөлім: Презентацияны безендіру (ортақ тақырып: «Су – тіршіліктің көзі»)
Сабақтың тақырыбы: Презентация құру.
Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме):
3.2.3.1 мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасау;
Бағалау критерийі: Power Point бағдарламасының терезесімен танысу. Слайдты өшіру, қосу, көшіру командаларымен таныстыру, сондай-ақ презентациядағы өзгерістерді сақтау;
Сабақ барысы:
Power Point бағдарламасы – суреттер мен мәтіндер кірістіруге, оларға қимыл-қозғалыс жасауға, түрлі үлгідегі фондар қойып безендіруге, дыбыстар қоюға арналған бағдарлама. Презентацияның әрбір беті слайд деп аталады. Іске қосу үшін: мына әрекеттердің бірін орындаймыз:
Іске қосу Барлық программалар Microsoft Office
Microsoft Power Point
Ж
ұмыс үстеліндегі
белгішеге меңзерді әкеліп, тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шертеміз.
Power Point бағдарламасының терезесі
Ресурстарға сілтеме:
Оқулық 93-94 беттер
1-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап жазады.
Презентация деген не?
Жаңа слайд қалай құрылады?
Жасалынған презентацияны не үшін сақтау керек?
2-тапсырма.
Презентация жасап көр.
Power Point бағдарламасын қос.
Ашылған слайдтың алғашқы бетіне «Су – өмір нәрі» деп жаз.
Келесі слайдқа судың маңызын 3 сөйлеммен жаз.
Толық экранға қойып, слайдты қарап шық.
3-тапсырма.
Жұмыс дәптерінен №22 жұмыс парағын орында
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы мұғалімнің электронды поштасына немесе WhatsApp мобильді қосымшасына жібереді.
Әзірлеуші: Рысбаева А. №148 МГ информатика пәні мұғалімі.
Алматы қаласы Білім Басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.