Просмотр содержимого документа
«Практикалық тапсырма. 6 - сынып»
Күні:26.01.2016ж.
Сыныбы: 6 «А»
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – MS Word мәтіндік процессорында тізім жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету. Нөмірленген және таңбаланған тізімдермен жұмыс жасау білігі мен дағдыларын бекіту.
Дамытушылық – «тізім» түсінігі, тізім түрлерін (нөмірленген, таңбаланған) , нөмірленген және таңбаланған тізім жасаудың тәсілдерін.
Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
оқушылармен сәлемдесу;
оқушыларды түгендеу;
ІІ. Үй тапсырмасы:
Компьютерде тест орындау.
IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Таңбаланған тізім батырмасының төмен жазылатын мәзірінде тізім үшін қажетті, өздеріңе қатты ұнайтын таңба түрін таңдауға болады. Өз тізімдеріңді құру үшін Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдауларың керек.
Таңбалауыштарды немесе нөмірлерді тізімге қосу
Таңбалауыштар немесе нөмірлер қосылатын элементтерді таңдаңыз.
Өзіндік қойындысының Еже тобында Таңбалауыштар немесе Нөмірлеу түймешігін нұқыңыз.
«таңбалауыштары» түймешігі және «Нөмірлеу» түймешігі

Таңбалаушы тізім.
Нөмірленген тізім.
Нөмірленген және маркерленген тізімді құру үшін, лентада Басты қосымшадағы Абзац тобында болады.

Тізімді жылдам құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. Мәтіннің талап етілетін бөлігін ерекшелеңіз;
2. Лентада Басты қосымшадағы Абзац тобында Көпдеңгейлі тізімді немесе
Маркерлер, Нөмірленген батырмаларын басыңыз
Маркерленген тізім
Маркерленген тізімді жасау кезінде маркердің әр түрлі типін таңдауға болады. Маркерлер батырмасынаң қасында орналасқан (4.43. Сурет), төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, жиі қолданылатын сегіз маркердің бірін таңдауға болады. Одан басқа өзіңіздің маркеріңіздің типін құруға болады.

4.43. Сурет. Маркер құруға арналған батырмалар
Нөмірленген тізім
Нөмірленген тізімді жасау кезінде нөмірлеудің әр түрлі типін таңдауға болады. Нөмерлеу батырмасының қасында орналасқан, төменге бағытталған бағыттауышқа шертіп, нөмірлеудің жиі қолданылатын жеті типінің бірін таңдауға болады

ІV. Сабақты бекіту сұрақтары:
Мәтіндік процессорда тізімдердің қандай үш түріне қол жеткізуге болады? (маркерленген, нөмірленген және көпдеңгейлі).
Тізімнің келесі элементін алу үшін? (Enter пернесі).
Тізімді аяқтау үшін, артық нөмірді жою үшін қандай пернені қолданған жеткілікті? (Backspace пернесі).
Өзінің маркерленген тізімін құру үшін? (Жаңа маркерді анықтау бұйрығын таңдайды).
Өзінің нөмірленген тізімін құру үшін? (Нөмірдің жаңа пішімін анықтау бұйрығын таңдайды).
V. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.
VI. Оқушыларды бағалау.