| Жаңа сабақ Оқушыларға БББ кестесін тарату | Білемін | Білгім келеді | Білдім | | | | | Потенциалдық энергия дегеніміз күштердің әсерінде болатың дененің, орналасуына байланысты туындайтың энергия түрі. Мысалы допты жер бетінен 1 метр биіктікке көтерсек, допта потенциалдық энергия пайда болады. Бұл энергия көзге көрінбесе де, допты жібергенде, доп жоғары-төмен қарай секіре бастайды. Бұл неліктен қозғалады? Себебі допты көтергенде, допта қосымша потенциалдық энергия пайда болады. Бұл энергия допты жібергенде кинетикалық энергияға айналады, яғни доптың жылдамдығы артады. Жер бетінен h биіктікке көтерілген салмағы m болатың дененің потенциалдық энергиясы мына формула арқылы есептелінеді: Ep = mgh, мұндағы g = 9,8 м/с2 m-масса, 1 кг h- биіктік, 1 м Сығылған серіппе энергиясы: E=k*x2/2 k-қатаңдық, 1Н/м x-серіппенің ұзаруы, 1 м  Потенциалдық энергия тек қана жер бетінен көтерілгенде ғана пайда болмайды. Потенциалдық энергия басқа бір күштердің әсерінде болатын жағдайларда да туындауы мүмкін, мысалы пружинаны қысқанда. Таудың басында потенциалдық энергия Ep = mgh –қа тең Ал төменгі бөлігінде Ep = 0-ге тең   «Кинометафора» әдісі бойынша оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін бейнекөрсетілім көрсетемін. 2- тапсырма «Бұрыштар пікірталасы» /Топпен жұмыс / Берілген мәлімет және көрген бейнекөрсетілімнен жинаған ақпараттарының негізінде «бұрыштар пікірталасы» әдісі бойынша талқылайды Бағалау критерийлері: 1. Жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның анықтамасы мен формуласын біледі
Дескриптор 1.Потенциалдық энергияның физикалық мағанасын түсінеді 2.Потенциалдық энергияның биіктікке байланысты өзгеруін анықтайды 3. Потенциалдық энергияның формуласын біледі. Сергіту сәті: 3 - тапсырма «Кім жылдам?» әдісі /Жеке жұмыс/ №1 Массасы 3,5 кг кірпіш жер бетінен6 м биіктікте жатыр. Кірпіштің потенциалдық энергиясын табыңдар Берілгені: m=3,5 кг h=6 м ----------------- Табу керек: Ep =? №2 Потенциалдық энергиясы 10 кДж, массасы 10 кг дененің нөлдік деңгейден биіктігі неге тең? Берілгені: m=10 кг Е=10 кДЖ ----------------- Табу керек: h=? №3 Тізбектей жалғанған қатаңдығы 40кН/м және 30 к Н/м екі серіппе 30 мм –ге сығылды. Серіппенің потенциалдық энергиясын табыңдар Берілгені: К1 =40кН/м К2 =30кН/м Х=30 мм ----------------- Табу керек: Ep =? №4 800 м биіктіктегі тау шоқысының төбесінде алма ағашы өсіп тұр. Биіктігі 5 м алма ағашының бұтағындағы массасы 0,5 кг алманың Жер бетімен және ағаш түбімен салыстырғандағы потенциалдық энергиялары қандай? Һ1=800 м h2=5 м m=0,5кг ----------------- Табу керек: Ep =? №5 Қатаңдығы k* Н/м серіппе серпімділік күшінің әсерінен 3 см-ге ұзарады. Созылған серіппенің потенциалдық энергиясы қандай? Берілгені: К1 = k* Н/м Х=3 см ----------------- Табу керек: Ep =? 2.Бағалау критерийлері: Жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын есептер шығаруда қолдана алады Дескриптор 1.Есептің шартын түзеді 2. ХБ жүйесіне келтіреді 3.Қажетті формуланы табады. 4.Есептің мәнін анықтайды. 4 – тапсырма «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі. /Эксперименттік жұмыс/ Топпен жұмыс Мұғалім төмендегі заттарды оқушыларға беріп, эксперимент жасауды ұсынады. Нәтижесін оқушылар түсіндірулері керек Егер кітап столы екінші қабатта тұрса өзгеріс болар ма еді?      3. Бағалау критерийлері: Жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияны тәжірибе жүзінде анықтай алады Дескриптор 1.Берілген суреттен бірінші кітапты алып, массасын анықтайды. 2.Кітапты стол үстіне қойып биіктігін өлшейді. 3.Потенциялық энергияның формуласын пайдаланып нәтижесін анықтайды |