СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

План урока: жайлаудағы жаз

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жайлаудағы жаз. 7 сынып. қазақ тілі. для учителей казахского языка в русской школе

Просмотр содержимого документа
«План урока: жайлаудағы жаз»

мерзімі: 08.11.16 сынып: 7 «Б» сабақ№34

Сабақтың тақырыбы: Жайлаудағы жаз

Сабақтың мақсаты:

білімділік: тәуелдік жалғау туралы түсініктерін нығайту, оқушыларға жаңылтпаш айтқызу арқылы сөз мәнерін үйрету;

дамытушылық: сөздік қорын молайту, сөз бен сөзді дұрыс байланыстыруға машықтандыру, дұрыс сөйлеуге үйрету;

тәрбиелік: табиғатты аялау, табиғат көріністері арқылы эстетикалық талғамдарын дамыту.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезең

а) психологиялық ахуал туғызу. Табиғат дыбыстарын тыңдатып, алған әсерлерін айтқызу.

ә) жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Ыстық орындық арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білім деңгейлерін тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту: INSERT кестесінің 1,3 бағаның толтырады.

Үлгі:

Не білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?

Жазғы саяхат, серуендеу жайлы білдім


Ақын-жазушылардың жаздағы табиғатты қалай суреттейтінің білгім келеді

І V. Ой қозғау. Оқушыларға жайлаудағы жаз суреті көрсетіледі, оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сендер қандай көрініс көріп отырсыңдар? Қандай жыл мезгілі бейнеленген?

Жаздың басқа жыл мезгілінен айырмашылығы қандай?

Табиғатың суреттеп бере аласыңдар ма?

V. Жаңа сабақ.

Сөздікпен жұмыс:

санау – считать

лезде – быстро

қыр-горный хребет

өру – подниматься

талғанша – пока не устанут

ұйықтау – спать

өркеш – горб

мөңіреу – мычать

салу – класть

риза болу – быть довольным

есек – осел

ренжу - обидеться

шүйгін – густой

сыр – секрет

сай - овраг

секілді – словно, как

отар – стадо


1-тапсырма. Қ. Баянбаевтың санағын мәнердеп, түсініп оқу. Атасы қойларды неше рет санайды екен? (3 рет)


2-тапсырма. Сөйлемдердегі сөздердің тәуелдік жалғауларын қойып, қандай жақта тұрғаның белгілеңдер. Бала ауылға атасына барғанда қандай малдарды көрген?

Үлгі: Түйені бірінші көру-ім. Қой, түйе, сиыр, есек


3-тапсырма. Жаңылтпашты түсініп, таза айтуға жаттығыңдар. 55 бет


VI. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс

Карточка№1. Көп нүктенің орнына керекті шылауларды қой.

Анам ... атам бүгін ауылға барады. Біздің үй ... Арман үйінің арасы алшақ. Сенің үйің жақын ... ? Жайлаудағы жаз ... шығарма жаздым.

Керекті сөздер: мен, туралы, ба, және

Карточка№2. Перфокартаны дұрыс жауабын тауып толтыр


Сөз

Ашық

Бітеу

Тұйық

Жаз




Жайлау




Қой




бота





Карточка№3 Мәтінді  буынға  бөліп  жаз.

Үлгі: Жаз тамаша мезгіл – Жаз та-ма-ша мез-гіл

Жаз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.  Ағаштардың жапырақтары жасыл болады. Жайлаудың табиғаты керемет! Кешке өрістен сиыр келеді.

Карточка№4. Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс құра.

Үлгі: Мен (ана) көрдім – Мен анамды көрдім

Мен (жаз) ауылға барадым. Атам мені (жайлау) апарды. Мен жайлаудың қаншалықты керемет екенің (көру). (Түйе) алғаш рет ауылда көрдім. Маған бұл демалыс қатты (ұнау)

Карточка№ 5. Жаңылтпашты мәнерлеп оқып, жатқа айт.

Қойымыз семіз,

Қозымыз егіз.

Өзіңіз келіп,

Көрсеңіз дейміз

VIІ. Жаңа сабақты қорыту. INSERT кестесінің 2 бағаның толтырады.

Үлгі:

Не білемін?

Не білдім?

Нені білгім келеді?

Жазғы саяхат, серуендеу жайлы білдім

Жайлаудағы жаз туралы мәлімет алдым

Ақын-жазушылардың жаздағы табиғатты қалай суреттейтінің білгім келеді

VIІІ. Бағалау.

ІХ. Үй тапсырмасы: 4-тапсырма, 56 бет. Сөздерді жаттау.




© 2016, 584 5