Просмотр содержимого документа
«Пернетақта. Пернелер тобы»
№ 6 сабақ
Сыныбы: 5 Күні: Мұғалімі: Тексерген_____________
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы.
Сабақтың мақсаты: Пернетақтамен жұмыс.
Білімділік: Оқушыларды пернетақтамен жұмыс істеуде барлық кнопкаларын қалай қолдануды, басқыштарын қалай атқаруды үйрену.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.
Сабақтың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма беру.
Пернетақта (Клавиатура)

Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 102 перне болады. Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылғысы болып табылады.
Пернетақтаның әрекеттерінің принциптері:
Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема
идентификациялайтын скан-код жіберіледі.
Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар үзу береді.
Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, үзу нөмірі бойынша үзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.
Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікке бөлуге болады:
алфавиттік-цифрлық пернетақта: әріптер мен цифрлар
функционалдық пернелер: Ғ1 -Ғ12
басқару пернелері: Епtег, Shift, Еsс, Таb, Сtгl, Аlt, ВаскSрасе, CapsLock, Insert, Delete, PrintScreen, ScrollLock, Pause.
курсорды басқару пернелері: сілтемелер, Home, End, Page Down.
Қосымша цифрлық пернетақта: NumLock, пернетақтаның оң жағы.
♦♦ Алфавиттік-цифрлық пернетақта - пернетақтаның негізгі бөлігі. Әріптер мен цифр енгізуге болады.
♦♦ Функционалдық пернелер - олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар коипьютердің күрделі операцияларын тез орындайды. Әр түрлі программаларда әр түрлі қызмет атқарады.
♦♦ Курсорды басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған.
♦♦ Қосымша цифрлық пернетақта. NumLock арқылы қосылып ажыратылады.
♦♦Еntег -енгізу пернесі-белгілі бір әреккетті аяқтағанда басылады.
♦♦ Бос орын-символдарды бір-бірінен ажыратады.
♦♦ немесе ВаскSрасе пернесі алдыңғы символды өшіреді.
♦♦ Shift бұл кіші әріптерді үкен етуге және керісінше орындауға болады.
♦♦ Сарs Lоск - үлкен әріптер енгізіледі.
♦♦ Dеlеtе - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді.
♦♦ Кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады-Сtгl Аlt.
ДК (дербес компьютер деп аталынуы - бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Үйге тапсырмалар: Пернетақтадан қарамай 10 әріп басып үйрену.