СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өзара кері сандар

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзара кері сандарды табу. Аралас сандарға кері сандарды анықтау.

Просмотр содержимого документа
«Өзара кері сандар»

Тақырыбы:

Өзара кері сандар

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні: Мырзағазы Қ.С


Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.21

жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;

5.1.1.12

өзара кері сандар анықтамасын білу;

5.1.2.22

берілген санға кері санды табу;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Жай бөлшектерді көбейту ұғымын қайталау, есептершығару, дағдыларын қалыптастыру. Өзара кері сандар ұғымымен таныстыру және кері сандарды пайдаланып есептер шығару дағдыларын қалыптастыру. 


Оқушылардың басым бөлігі:

Топта жұмыс істеу арқылы ізденеді, біледі, түсінеді және мәтінмен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылығы артады


Кейбір оқушылар:

оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығы.

  • Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру.

  • Сабақ мақсатымен таныстыру.

«Миға шабуыл» стратегиясы. Үй тапсырмаларын оқушылар өзара сұрақ қою және тақырыпты мазмұндау

1. Бөлшектер қалай көбейтіледі?

2. Натурал санды бөлшек санға қалай көбейтеміз?

3. Аралас сандарды қалай көбейтеміз?

4. қандай бөлшек?

5. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті?

6. Санды 0-ге көбейтуге бола ма?


Сабақтың ортасы

Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды өзара кері сандар деп аталады.

Мысалы: және сандары өзара кері сандар. Себебі ∙ ═ 1

Жай бөлшекке кері санды табу үшін оның алымы мен бөлімінің орындарын ауыстыру керек.

Араласа санға кері санды табу үшін, оны бұрыс бөлшекке айналдырып, сол бұрыс бөлшектің кері санын табу керек.

Сабақта топтық жұмыс жүргізіледі.

1-топ: қосу

2-топ: азайту

3-топ: көбейту

Топтық жұмыс

«Өрмекші» әдісі. Оқушылар назарына өрмекші сұлбасы меңгерілген постер беріледі.


Оқушылар постерге өрмекші сұлбасының басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, яғни, есептерді, аяқтарына шешу жолдарын, яғни есептің шығарылуы мен есептің шешімдерін жазады. Әр топ өз постерін қорғайды. Тапсырмаларды орындап болған соң оқушылар топтарымен жауаптарын алмасып бір-бірлерін тексереді.


Оқулық


№1Жұмыс дәптері

Постерлер,

Маркер және стикерлер

Сабақтың соңы

Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. «Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылар кері байланыс жасайды. Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақмаған ұнадыма? Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?