Просмотр содержимого документа
«Осы шақ етістігі»
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру. Осы шақтағы етістіктер іс – әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру. Сұрақтары мен жалғауларын таныстыру.Дамытушылық: Тілдерін, ой – өрістерін есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөйлеу дағдысын жетілдіру. Шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Әсемдікке, ұйымшылдыққа, тазалыққа, жақсылыққа қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, сурет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру.
- Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
5- жаттығу. Етістіктің шақтарының ережесін жаттау.
Ереже сұрау.
Ережені пысықтау.
Жаңа сабақ.
- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы шақ етістіктерімен танысу, сөйлем, әңгіме құрау, суретпен жұмыс жасау, әдемі сауатты жазу.
Түсіндіру.
Осы шақ етістіктері іс - әрекеттің қазір болып жатқанын білдіреді.
Көріп отыр, өсіп тұр.
Осы шақ етістіктер не істеп отырмын? (жатырмын, тұрмын, жүрмін)
Не істеп отырсың? ( жатырсың, тұрсың, жүрсің)
Не істеп отыр? (жатыр, тұр, жүр) деген сұрақтарға жауап береді.
Ережені бір оқушыға оқыту.
Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күннің жадын тақырыпты жазамыз.
Көркем жазу
Оқулықпен жұмыс.
2 - жаттығу.
Етістіктердің астын сыз, оларға сұрақ қой. Етістікті үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеу. Бұлар қашан болған істі білдіріп тұрғанын айту.
3 - жаттығу.
Жұмбақты жатқа жазу.Етістіктің қай жақта,қай шақта тұрғанын айту.
Сергіту сәті: Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
4 - жаттығу.Берілген етістіктерді осы шаққа айналдырып,оларды қатыстырып,сөйлем құрастырып жаз.
Сурет бойынша әңгіме құрату.
«Топтық жұмыс»
«Адасқан сөздер»
Тұр, жел, соғып, қатты
Жауды, қар, қалың
Жүр, ойнап, қармен, балалар
«Ұйқасын тап» Мақал - мәтел.
1. Алып анадан туады,
Ат биеден --------------
2. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа -----------
3. Көп жасаған білмейді,
Көп көрген ----------------
4. Ойлаумен ой толады,
Ойнаумен бой --------------
Бағалау:Сабаққа қатысқанына қарай бағалаймын
Үйге:119 бет,5 - жаттығу. Қорытынды:
Бүгінгі сабақта не оқыдық?
Осы шақ дегеніміз не?
Осы шақтың сұрақтары.
Мысал келтіру