СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Орман" Құрастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Орман" . құрастыру. кіші жас тобы

Просмотр содержимого документа
«"Орман" Құрастыру»


Кіші жас «Қызғалдақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Абишева Б. А.

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: «Тірі және өлі табиғат »

Тақырыбы:Орман

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Істеген жұмыстарын ұқыпты жасауға тәриелеу.

Дамытушылық:Шығармашылық қиялын ,көркемдік талғамын дамыту.

Оқыту: Қағазды жіңішке жолаушыларға жырту іскерліктерін қалыптасыру.

Педагогикалық технологиялар:Дамыту технологиясы Ресурстармен қамтамасыз ету: қоян,тиін, кірпі ,үстел үсті ойыны: «Мозайка» құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

-Балалар, қараңыздар мына жерде біреудің болғаны сияқты.

-Кім болды екен?

-Балалар, біз сиқырлы орманға тап болдық.

-Орманда жабайы аңдар мекендейді. Сендерге орман тұрғындары туралы қызықты ма?

Онда мен сендерге олардың аңдардың тіршілігі жайлы айтып берейін.

Мен сендерге орманда өмір сүретін, өз қоректерін өздері табатын аңдар туралы әңгімелеп беремін. Жабайы аңдарға: аю, қоян, тиін, кірпі, қасқыр, түлкі т.б. жатады.

Жабайы аңдардың қыста тіршілігі қиындау болады

2.Негізгі бөлім:

-Балалар, сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақты шешеміз бе?

1. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян).

Мынау қоян. Қыста қоянның түсі ақ болады. Қыста, ақ қардың үстінде қоянды байқау өте қиын. Ақ түс қорғаныш қызметін атқарады. Қоян сәбізді, ормажапырақты жегенді ұнатады.

-Балақайлар, менде тағыда жасыратын жұмбағым бар. Кане, ой салып тындайық.

2. Қыста жылы киіндім,

Қоймам толы жаңғаққа.

Іші жылы үйімнің.

(Тиін).

-Жарайсыңдар, балалар. Әрине, ол біздің кішкентай ағаштан – ағашқа секіріп тыным таппайды тиін. Тиіннің құйрықтары ұзын, жүндері үлпілдек болады. Адамға бауырмал болады. Тиін бүршіктермен, жаңғақтармен қоректенеді.


3.Қолыңмен тиме,

Үсті толған көп ине.

(Кірпі).

-Жақсы, дұрыс. Бұл – кірпі. Кірпі өте сақ, оның инелері өте көп. Өзіне қауіп төнсе домалана қалады. Қыста ұйқыға кетеді. Ұйықтар алдында күзде тойып, қыс бойы ұйықтайды. Кірпі саңырауқұлақты, алмаларды жегенді ұнатады.

Сергіту сәті. (аңдардың қимылын сазды әуенмен орындайды).

Қоян

Ақ қоян – ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ, сақ қоян.

Қаша берсең, орманға,

«Қоқағым» деп ат қоям.

Тиін

Мен тиінмін, тиінмін

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

Кірпі

Мен ашулы кірпімін,

Көрінгенге түрпімін.

Үстім толы ине,

Есің болса тиме.

-қараңыздар менде не бар, «Сандық» (әуен ойнатылады).

Үстел үсті ойыны: «Мозайка» құрастыру. «Қоян», «Тиін» және «Кірпі» аңдарын қима қағаздардан құрастыру.

Шарты: балалар 3-топқа бөлінеді, әр топ берілген аңның суретін құрастырады. Берілген қима-қағаздан аңдардың суреттерін дұрыс құрастыру.

Сықырлаған дыбыс естіледі.

-Балалар біреу келе жатқан сияқты.

-О, мынау орманшы ағаймыз екен.

Орманшы:

-Сәлеметсіздер ме! Мен сендердің орманда болғандарынды естіп келдім.

Мына дорбашамды сендерге қалдырам.

Менің уақытым аз мен орманды, аңдарды бақылап қорғау керекпін. Мен сияқты орман тұрғындарына қамқорлықпен қарап, табиғатты аялаңыздар –деп айтуға келдім.

Мен енді жүрейін.

Сау болыңдар!


3.Қорытынды:

Сұрақ –жауап.

-Балалар, қысқы орман сендерге ұнады ма?

-Біз бүгін қандай аңдармен таныстық? Немен қоректенеді?

-Бүгін біз қоян, тиін, кірпімен таныстық. Қоян – сәбіз, ормажапырақ. Тиін – жаңғақты.

Ал, кірпі – алма мен саңырауқұлақпен. Жұмбақтарды шештік, ойын ойнадық.

-Кім келді бізге қонаққа? Не деп айтты?

-Орманшы, табиғатты аялап, қамқор болыңдар.