СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оразақын Асқар. Достық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары.4 - ші сыныпқа арналған

Просмотр содержимого документа
«Оразақын Асқар. Достық»

Тақырыбы: О.Асқар.Достық Мақсаты: Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің ерекшеліктерін қарым – қатынас жасаудағы әдептілік істерге, адами құндылықтарды тану арқылы кейіпкер портретін жазуға көмек беру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік корларын молайту арқылы, тіл байлығын арттыру. Түрі: Жаңа сабақ Оқыту түрі: Ұжыммен,топтық,даралап Сабақтың барысы: Ұйымдадастыру кезеңі : Шәкіртің өткен іздерде Үмітің гүлдер, мұғалім. Білеміз ертең бізден де Өмірдің талап сұрарын. Сонда, ардақты мұғалім, Уәдемде берік тұрамын, Қияға талай шығамын! Үй тапсырмасы: 137 бет,Лұқман хакім ( сахналау ) I.Қызығушылықты ояту Тек қана айтсақ шындықты, Басады алға ісіміз. Боламыз сонда біз мықты, Шындықта біздің күшіміз. Намысымыз, арымыз, Ол адалдық сапамыз. Болашақта бәріміз Шындықпен тіл қатамыз.– өлеңінің авторы кім?

Жаңа сабақ:Ендеше балалар біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз О Асқар Шындық

Оразақын Асқар 1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде туған. Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» деп аталатын гимназияда оқыған. 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиет факультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке тұрды. Бұл жылдары сол газетке және «Шұғыла» журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды. 1955 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. 1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына алғашқы өлеңдері енген. Содан бері 40-тан астам өлең жинақтары жарыққа шыққан. Енді бүгін біз О.Асқардың Достық өлеңімен танысамыз.Дос туралы оқушылардан сұрау.Жаңа тқырыпты түсіндіру үшін веен диаграмма қолдану.

Веен диаграмма: Жақсы дос пен жаман достың айырмашылығын жазу

Сергіту сәті: Күлімдеп күн бүгін Қарады маған да Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да Күлімдеп күн бүгін Қарады баршаға

Оқулықпен жұмыс:

1.Өлеңді түсініп оқы 2.Нағыз дос қандай болуы керек? 3.Достар бір – біріне қандай жақсылық жасай алатынын өлеңнен теріп жаз. 4.Өлеңнің қай шумағын оқып,достық туралы мақал – айтуға болады? 5.Нағыз достықтың адамдарды жақсы қылыққа тәрбиелейтінін ақын қалай түсіндірді? 6.Адал достық туралы екінші сыныпта оқығаныңды есіңе түсір 7. Дос пен жолдастың айырмашылығын қалай түсінесің? 8.Өлеңнің ұнаған шумағын жаттап ал

Эссе: Дос туралы эссе жазу

Суретпен жұмыс:





Суреттке қарап сөйлем құрастыру.Топ бойынша Мақал– мәтел: Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең. Дос болсаң,берік бол,досыңа серік бол

Үйге. Үйге: 138 бет, сурет салу,достары туралы жазып келу Бағалау: Сабаққа қатысқанына қарай бағалау Қорытынды: О.Асқар кім? Қайда дүниеге келді? Біз оның қандай еңбектерін өттік? Дос туралы пікірлерін ортаға салу,талқылау. Дос туралы мақал - мәтел