| 1. жүргізуші Сөзді мектебіміздің директоры: Махметова Жанат Сейденовнаға береміз 2. Жүргізуші. Бүгінгі Мұқағали Мақатаев кеші ерекше өтпек. Себебі, бастауыш сынып оқушылары ғана емес, сонымен қатар сынып жетекшілері де өнер көрсетіп, сайысқа түспек. -Бүгінгі кештің бағалаушылары: 1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Садвакасова Сауле Адильхановна 2. 3. Әр сайысқа 10 балл көлемінде бағаланады 1. жүргізуші. Олай болса, бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларды қарсы алайық 1 «А» сынып жетекшісі Натикулова Айнур және оқушысы 1 «Б» сынып жетекшісі Назикгуль және оқушысы 2 «А» сынып жетекшісі Сутемгенова Арай және оқушысы 2 «Б» сынып жетекшісі Бектурсынова Назипа және оқушысы 3 «А» сынып жетекшісі Ихсанова Райгул және оқушысы 3 «Б» сынып жетекшісі Суханбердиева Жансая және оқушысы Молдагулова Сағыныш 2. Жүргізуші. Сайысымыз 2 турдан тұрады. 1-іншісі оқушы Мұқағали Мақатаев өлеңін мәнерлеп айтып береді 2-нші турда оқушы мұғалімімен бірге өнерін көрсетеді. 1. жүргізуші. Ал енді оқушылар мен мұғалімдеріміз дайындалғанша, Мұқағали Мақатаевтың «Менің анкетам»өлеңін көрініс түрінде тамашалайық! Дәрігер:№17 палатадағы Мұқағали жолдас, бері келіңіз, анкета толтырамыз. Дәрігер: Туған жеріңіз? Ақын: Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. Дәрігер: Туған жылыңыз? Ақын: 1931. Құрдасымын Шәмілдің. Дәрігер: Шыққан тегіңіз? Ақын: Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын. Дәрігер: Білімің ше? Ақын: Орташа ғой. Алайда оны жоғарыға балаймын. Дәрігер: Ана тілің? Ақын: Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар. Дәрігер: Қайда істейсің? Ақын: Мынау еңбек кітапшамнан тауып ал. Оқымаған дипломсыз демесең, бір бойымнан бар мамандық табылар. Дәрігер: міндеттісің бе әскерге? Ақын: Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде. Жауынгердің ұлымын ғой, жанын қиған Мәскеуде. Дәрігер: Шет елдерде болдың ба? Ақын: Болғам жоқ. Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап. Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен, осы отырған орнымда - ақ. Дәрігер: Мекен - жайың? Ақын: Мекен - жайым - жер менің. Жерде жүрген ақын деген пендемін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, мен өмірді жырлау үшін келгемін. Дәрігер: Мұқағали жолдас, сіз әлі қаралып, дәрі ішуіңіз керек. Ақын: Керегі жоқ, керегі жоқ, керегі жоқ бәрінің. Иненің де керегі, керегі жоқ дәрінің. Дәрігер: Сіз қаралып, емделіп шығасыз, сіздей адам бізге қажет, тыңдап көрейін, әлі - ақ жазылып кетесіз.(тыңдап, дәрі жазып береді.) «Жас қайың» әні: Суханбердиева Ж.С 2. Жүргізуші. М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ.Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын. Олай болса келесі кезекті 1-сайысымыз: ақынның өлеңдерін оқушылар мәнерлеп айтып берсе, құлақ салып тыңдайық: 1 «А» сынып оқушысы: 1 «Б» сынып оқушысы: 2 «А» сынып оқушысы: 2 «Б» сынып оқушысы: 3 «А» сынып оқушысы: 3 «Б» сынып оқушысы: 4 «А» сынып оқушысы: 1-жүргізуші. «Жазылар естеліктер мен туралы…» деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағалидың көзін көріп, бірге жүргендер арасында бүгінде ақынның әр ісін аңыз қылып айтып, ақын жайлы естелік жазбағандары кемде-кем. Сол естеліктердің бірнешеуіне көз жүгіртсек… 2. Жүргізуші: Жары Лашын Әзімжанова ақын өмірінің кейбір сәттері туралы былайша әңгімелеген: Оқушы: - Өмірінің марқайған кездері, қуанған сәттері де, қайғысы да басым болды. Ақкөңіл, ақкөңіл адам болатын. Құдай талант берген соң ептеген тік мінезі де болды. Біреу өзіне қарап болмас сөз айтса қайтарып тастайтын. Сонан кейін кек сақтау дегенді де білмейтін. Ол халқын қалай сүйсе, халық та солай сүйді.Тұрмысы өте қарапайым болды. Бірде жұмыс істесе, бір кездері бос жүрді. Таңды атыратын кездері де бар. Бір жазғанда өндіріп тастайтын. Ал үлкен дүниелерге әбден әзірленіп болған соң барып отыратын. «Ильич», «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда» поэмалары осылай туған. Мұндайда ұйқыны да, тамақты да ұмытатын. Ертесіне жазған өлеңін шабыттанып, мақтанып, шай үстінде ең әуелі маған оқып беретін 1. Жүргізуші: Ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы әкесінің адамдық болмысы мен азаматтық бейнесі жайлы былайша әңгімелеген: Оқушы: - Барлық жағынан өте ұқыпты болатын. Жазу столы әрқашанда ұқыпты тұратын. Әкем бірде менен балам, сенен кейін әкең қандай адам болған сұраса, сен не деп жауап бересің?-деп сұрады. Мен ол кезде жаспын не деп жауап берерімді білмей күмілжіп, тұрып қалдым. Сонда әкем маған: “Менің әкем өте сәби жанды адам еді”- деп айт деді. Түсінген адам түсінеді, түсінбегені өздері білсін, - деді. 2.Жүргізуші: “Жазылар естеліктер мен туралы...” атты естеліктер жазып, жарыққа шығарған ақынның нағашысы Әбіжан Құтпанбаев мырза ақын жайлы ойын былайша сабақтады. Оқушы: - Мұқағали қайтыс болғаннан кейін, ол жайлы естелік жазғыштар көбейіп кетті. Ол естелік жазушы адамдар біреуі Мұқағалиды көрген, енді біреулері көрмеген, кейбіреулері оның өлеңдеріне сүйеніп жазады. Сонан Мұқағалидың нағашысы ретінде өмірбаяны, туған туысы, өскен ортасы жайлы сіз жазыңыз деген соң қолыма қалам алып өзінің сөзіне орай, “Жазылар естеліктер мен туралы...” атты естелік жаздым. - Мұқағалиды халқы өзі бағалады, өзі насихаттады. 1.Жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев: Оқушы: «Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім.Жүрегім әлсіреп, екі айға жуық емханада жаттым.Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін пешпенттің қалтасынан хат шықты.Мұқағалидың жазуы. «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін? Мынаған назар аударып көрерсіз» -депті. Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі. «Есіңе мені алғайсың»екен. Жаным күйзеліп отырып, ақынінім көз жұмғаннан кейін әлгі өлеңге ән жаздым. Міне,аяулы Мұқағалиымызды бүгін де есіме алып отырмын. 2.Жүргізуші: 2-сайысымыз Мұғалім мен оқушы өнері.Тамшалайық! 1 «А» сынып жетекшісі: Натикулова Айнур және оқушысы 1.Жүргізуші: 1 «Б» сынып жетекшісі Назикгуль және оқушысы 2.Жүргізуші: 2 «А» сынып жетекшісі: Сутемгенова Арай және оқушысы 1.Жүргізуші: 2 «Б» сынып жетекшісі: Бектурсынова Назипа және оқушысы 2.Жүргізуші: 3 «А» сынып жетекшісі Ихсанова Райгуль және оқушысы 1.Жүргізуші: 3 «Б»сынып оқушыларының «Аққулар ұйықтағанда» көрінісін тамашалайық 2.Жүргізуші: 4 «А» сынып жетекшісі Даулетова Алтын және оқушысы |