МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Модул деп - біз өзіне дидактикалық мақсаттарды, оқу материалының логикалық аяқталған бірлігін (пәншілік және пәнаралық байланыстар сақталған), әдістемелік нұсқауды (дидактикалық материалды қоса) және бақылау жүйесіне енетін оқу пәніне дараланған ұйымдастыру-әдістемелік құрылымын түсінеміз.
Модульдік оқыту жүйесі жайлы көп жылдан бері қарай Я.А.Каменский бастап, соңғы жылдары В.Шаталовтың оқыту тәжірибесінде қолданылған әдіс. Модуль – латын сөзі өлшем, шама.
Педагогикада модуль деп – бір-бірімен байланысты ірі болктар. Күрделі бір тақырыптың модулін жасау немесе болкпен оқыту. Бұл оқу жүйесі 1969 жылдары АҚШ-тың оқу жүйесінде пайдаланылған.
Тіл үйретуде ұтымды әдістердің бірі — деңгейлік әдіспен тапсырма беру. Қазақстан М.Жанпейісованың докторлық диссертациясында кеңінен ашылған болатын, соған байланысты мектеп мұғалімдері көп еңбек етуде. Ұстаздардың модульдік оқыту тәсілдерін тәжірибеге пайдалану жолдары әр түрлі болып келеді. Оқытудың бұл түрі бүгінгі технологияландыру кезінде де өз маңызын сақтап отыр.
М.Жанпейісованың технологиясы бойынша оқу модулінің ерекшелігі — жалпы санына қарамастан , кіріспе және қорытынды білімдерге 1-2 сағат беріледі, ал қалғаны сұхбаттасу білімінің меншігінде болады.
МОДУЛЬДІ ОҚЫТУ ҚҰРЫЛЫСЫ
Кезең
Әдіс мазмұны
Кіріспе
Жеткізу әдісі
Тақырыпқа сай
Кіріспе сөз
Баяндау
Диалог
Қорытынды
Мұғалім мен
оқушының диалогы
Сынақ
Эвристика
Тест
Модульдік оқытудың басты мақсаты — оқытудың ұйымдастырылуы бойынша және мазмұны бойынша адам бойындағы осы сәттеп қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін әрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру.
Модульдік оқытудың негізгі мақсаты – эстетикалық сезім, дамыта оқыту, зейінін тәрбиелеу. Эстетикалық сезім рухани сезім тобына жатады. Эстетикалық сезімді оқыту үрдісінде әсер етуші құдірет болуы керек. Бірі – заттар мен құбылыстарға ерекшелік, сол ерекшелікті жеткізетін сөз.
Модульді оқыту әдісі – ойын түрлері арқылы оқушының қиялын дамыту, зейінін тәрбиелеу, халықтық педагогикамен қаруландыру, терең білім беру.
Оқытудың модульдік тәсілі: оқытудың мақсаты мен мазмұнын, танымдылық белсенділікті басқару әдістерін өзгертуді қалайды.
Оқытудың мақсаты - оқу-тәрбие үрдісінің барлық бөліктерін бір жүйеге байланыстыратын басты дидактикалық ұстаным болып табылады. Мақсаттар маман даярлау жүйесінің барлық жалпы бағытын айқындайды.
СӨЙЛЕУ
БӨЛІМІ
КІРІСПЕ
ҚОРЫТЫНДЫ
Модульдік
оқытудың
құрылымы
ІІІ деңгей
І деңгей
О
ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
ІІ деңгей
Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан педагогикалық технологиялардың негізгі қағидаларын ұстанады. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгізіледі:
1) балаларды оқытуға емес, тұлғалық-бағытталған танымдық қызметін ұйымдастыруға;
2) оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құру және т.б. ұмтылдық.
Толық меңгеру әдістемесінде оқытудың әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады.
1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
2. Сыныпта берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру.
3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде беріледі).
4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру.
5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау.
6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу.
7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.
Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегі әрекет-қадамдардан тұрады.
1 –қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік, дағды және мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша оқу материалының тұтас мазмұнын оқып-зерттеу.
3-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, негізгі ақпарат беретін сөздерді табу.
4-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек-сызбалар құрастыру.
5-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тест).
6-қадам: Берілген оқу модуліндегі оқу материалының тұтас мазмұны бойынша сынаққа қажетті сұрақтар мен тапсырмалар блогын құрастыру (сынақты диктантпен, бақылау жұмысымен алмастыруға болады).
7-қадам: Сөйлеу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арнап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар, оқытудың ізденушілік элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленді.
Өзара қатынасқа және сөйлесуге құрылған оқыту процесінде белсенді формаларды қолдану арқылы іске асырылады. Олар:
1. Топтық немесе жеке топтық.
2. Жұптық.
3. Ұжымдық.
Бұл формаларды жалпы немесе құрылымдық деп атайды.Бұдан басқа нақты немесе арнайы формалары бар.
1. Семинар.
2. Оқу конференциялары.
3. Диспут.
4. Топтық пікірталас т.б.
Модульдік оқыту технологиясының маңызы - ол өте жеңіл, әрі жайлы. Ол оқушылардың өз мүмкіндіктерін тексеруге, қабілетін тануға итермелейді. Әр оқушының алдына оның әрі қарай жеке тұлға ретінде өсуіне мүмкіндік береді. Нашар үлгеретіндер қатарына жататын оқушыларға өз күші мен қабілетін тексеруге көмектеседі.
Мұғалімдердің тәжірибесінен байқағандай модульдік оқытудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері мынандай:
1) мүмкіндігіне қарай сыныптағы оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасауы;
2) басқаларды тыңдай білулері, кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға;
3) өз ойын топ алдында ашық айта білу, қорғай білуге;
4) оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйретеді;
5) с аба қ т ың мазм ұ ны мен сапасы артады ;
6) жауапкершілігі артады, шығармашылық деңгейі қалыптасады;
7) оқушы өз қызметіне талдау, қорытынды жасап, өзіне-өзі баға береді, жаңалыққа ұмтылады.
Мұғалімнің оқу модулін даярлау технологиясы:
1. Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бөліктеріне (тұтас тарауға немесе мазмұны бойынша жақын тақырыптар блогіне) бөлу
2. Оқытудың нақтылы нәтижелері тізбегін құру (яғни, әрбір оқушы нені біліп, үйренуі тиіс).
3. Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын құрастыру.
4. Тақырыптың негізгі ұғымдарынан тірек сызба-конспект құрастыру.
5. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер – диагностикалық (тексеру) және бақылау (қорытынды) жұмыстарын әзірлеу.
6. Білім, білік, дағдылары түзетуге арналған тапсырмаларды даярлау.
Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары:
Оқу модулінің бірінші сабағындағы мұғалімнің лекциясы бірнеше нұсқада болуы мүмкін. Олар:
1. Визуалдық лекция, мұнда тақырыптың негізгі мазмұны бейнелі түрде сурет, сұлба, сызбалармен берілген.
2. Лекция – консультация (кеңес) оқу мазмұны оқушылардың сұранысы (сауалдары) бойынша жапсарлас пәндердің материалдары қосып беріледі.
3. Лекция – өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып, қатынас жасау арқылы беріледі.
4. Проблемалық лекция – мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық тұжырымдамалар ұсынылады.
ІІ –кезең
Мұғалімнің сөйлесу бөлімін даярлау әрекетінің құрылымы
Сөйлесу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын белгілеу
Оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және алғашында оқу матералын оқып-үйреніп, бекітуге, соңынан білік пен дағдыларды қалыптастыруға, алған білімін талдап, топтауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларын таңдап алу.
Әр түрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар және олардың жауап үлгілерін даярлау.
Әрбір оқушыға немесе топқа арнап үлестірмелі материалдар бастыру.
ІІІ кезең
Қорытынды (бақылау бөлімі).
Бақылаудың 2-3 түрін даярлау. Бақылаудың формалары.
Тестілеу
Мұғалімнің таңдауына қарай
- Толықтыруды қажет ететін тест.
- Еске салушы тест.
- Балама жауаптары бар тест.
- Таңдамалы тест.
- Сәйкестік тест.
- Реттік бірізділікке берілген тест.
- Құрама тест.
- Сынақ.
- Релелік сынақ.
- Бақылау жұмысы.
- Диктант, шығарма, мазмұндама.
- Оқу пәні бойынша конференция.
- Семинар.
Модуль бойынша қорытынды баға шығару.
Қорытынды бөлімде бағалау түрлері:
Бірінші – міндетті тестілеу. Екінші – мұғалімнің өз таңдауы бойынша – сынақ, бақылау жұмысы, диктант. Бақылаудың екі немесе одан да көп түрлерін енгізу тиімді. Тестілеу – бағалау түрінің жағымды жағы, алайда мұнда дұрыс жауаптың кездейсоқ болуы мүмкін.
Тестілеуден басқа да тексеру түрлерін қолданудың мақсаты: а) білім деңгейін әділ бағалау; ә) бағасын жақсартуға мүмкіндік беру.
Пәннің өзіндік ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жазбаша немесе ауызша сипатта болуы мүмкін.
Бақылаудың басқа да түрлері:
1. Бақылау жұмысы.
2. Диктант.
3. Семинар.
4. Оқу конференциясын өткізу.
Осы бақылаулар негізінде блок бойынша ортақ бағалар қойылады.
Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушылардың ғылыми қоғамына, конкурстарға және т.с.с. ұсынылуы мүмкін. Тоқсандық баға (әдетте 2-3 модуль бойынша) қойылады.
Кіріспе бөлімінде оқыту әрекеті: оқытудың міндеттерін белгілеу, проблемалық ситуация туғызу, оқу іс-әрекетіне оқушының дайындығы, жүйелі жоспары. Әрбір оқыту модуль 7 сағатқа жопарланады.
Сабақта модульдік технология негізінде қолданылатын тестілер:
ТОЛЫҚТЫРУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ТЕСТІЛЕР. Мәтінде, сызуда, жазылуында керекті сөздерді, белгіні, таңбаны қоятын ашық орын қалдырылады.
ЕСКЕ САЛУШЫ ТЕСТІЛЕР. Тест сұрағына жауап қандай да бір факті, ережелер болады. Мұнда нақтылы қойылған сұраққа бір жақты жауаптың білуі тексеріледі.
БАЛАМА ЖАУАПТАРЫ БАР ТЕСТІЛЕР. Мұнда жауап бергенде «+» не «-» белгілері немесе «иә» не «жоқ», «дұрыс» не «дұрыс емес» сөздері жазылады.
ТАҢДАМАЛЫ ТЕСТ. Бірнеше жауаптың ішінен дұрыс берілуі таңдалады. Жауаптар саны үштен кем болмауы тиіс.
СӘЙКЕСТІЛІК (САЛЫСТЫРУ) ТЕСТІСІ. Тапсырмалар екі бағандағы бір-бірімен мағынасы, мазмұны бойынша өзара байланысқан фактілерді, мәліметтерді табуға құрылған.
РЕТТІК, БІРІЗДІЛІККЕ БЕРІЛГЕН ТЕСТ . Көлем, атау және т.б. көрсеткіштік сипаттағы мәліметтерді тек бір ғана тәртіппен, қандай да бір ережеге байланысты бірізділікпен орналастыру.
ҚҰРМА ТЕСТІЛЕР. Құрылымы бойынша онда тестінің әр түріндегі сұрақтар болуы мүмкін. Бұл тестің тапсырмалары мәтін, кесте, график, сызу жиыны түрінде берілуі мүмкін.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде қолданылатын оқытудың белсенді ойын формалары:
«ҚАРЛЫ КЕСЕК» оқыта үйрету ойыны. Құрал жабдығы:
1. Бағыттаушы парақтар (қатысушылар санына қарай), 1-қосымша.
2. Қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар, 2-қосымша.
3. Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер, 3-қосымша.
4. Жалпы бағалау парағы (оны тақтаға сызады), 4-қосымша.
«МЕНІ ТҮСІН» ойыны. Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерді дәптерлерге жазып алады. Оқушылардың кітаптары жабық. Қолдарына парақ пен қарындаш алып, осы мәтіндегі негізгі ойды білдіретін 10 шақты сөздерді жазуды талап етеді. Мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын-ала жазған түйінді сөздермен салыстырады, бағалайды.
«АУКЦИОН» ойыны. Жүргізуші өткен тақырыптар бойынша сұрақтар даярлайды (гонг). Жүргізуші аукцион өткізеді: сұрақтар қояды, жауаптарға түсініктемелер беріп бағалайды, жеңімпаздарды анықтайды. Дұрыс жауаптары үшін неғұрлым көп фишка жинған оқушы жеңімпаз атанады.
«БАС ҚАТЫРҒЫЛАР БАЗАРЫ» ойыны. Оқушылар үйлерінде сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, хронологиялық лото, викториналар, құпиясөздер, т.с.с. құрайды, сабақта оларды шешеді. Бұл ойында жеке де, ұжыммен де жұмыс істеуге болады.
«СИҚЫРЛЫ САНДЫҚША» ойыны. Мұғалім үлестірмелі материал дайындайды (5,4 және 1 балл көрсетілген карточкалар). Сиқырлы сандықша билеттермен толтырылады. Билеттер оқушылар санынан артық болуы тиіс. Сұрақтар алдыңғы тақырыптарды талдауға берілген болуы тиіс. Әрбір оқушы кезегімен сұрақты алады, дауыстап оқып жауап береді де, 1-5 баллдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады. Ойын аяқталар кезінде мұғалім әрбір оқушының ұпайын есептеп, соған сәйкес орындарды анықтайды. Мұғалім «5», «4», «3» алу үшін қанша ұпай жинау керектігін алдын-ала айтып қоюына болады. Ең бастысы, теориялық материалды, білетін «білгірді» анықтау, тек сонда сандықша сиқырлы болады.
Оқу модулінің кіріспе бөлімінде:
1) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылысымен және мазмұнымен таныстырдық;
2) мақсат пен міндетті анықтап, әрбір оқушыға түсіндірдік;
3) тірек сызбаларға сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндірдік.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде - модульге пысықтауды қажет ететін материалды 3 күрделілік деңгейінде дайындадық. Үш деңгейдің қайсысын тыңдайтынын оқушы өзі шешті. Бұл тапсырмаларды жоспарлғанда біз оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге көңіл бөлдік.
Сөйлеу бөлімін жоспарлауда 5 қадамды басшылыққа алдық:
1-қадам: Модульдің сөйлеу бөліміндегі материалдардың негізгі мазмұнын анықтадық.
2-қадам: Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен бердік.
3-қадам: Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін даңгейдегі тапсырмаларды дайындадық
4-қадам: Оқушының пәнге қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материалдарды даярладық (бастыру, көбейту).
5-қадам: Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз еттік.
Сөйлесу бөлімінде бағалар және бағалау ынталандырушы сипатта болды. Оқу модулінің бұл бөлімінде оқу еңбегінің нәтижесін бағалауда «тәтті лимон» (+) және «көк жүзім» (-) қағидалары кеңінен қолдандық.
Оқу модулінде оқушы қызметін бағалауды төмендегіше жүргізуге болады:
Күрделі тапсырмалар – І деңгей – О.
Орташа күрделілік деңгей – ІІ деңгей -
Жеңілдетілген тапсырмалар – ІІІ деңгей – Δ
Сөйлесу бөлімінде М.М.Жанпейісованың деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылардың біліміне қойылатын бағаны журналға қоюды төмендегідей таңдап алынады:
І деңгей
«5» - 5
«4» - 5 (журналға)
«3» (орындалса) - 4
ІІ деңгей
ІІІ деңгей
«5» - 5
«4» - 4
«3» - 3
«5» - 4
«4» - 3
«3» - 3