| Пәні: информатика | Сынып: 6 Күні: 3.02.2015 |
| Сабақтың тақырыбы: | Модель және модельдеу. |
| Оқып үйренудің негізгі мақсаттары. | Модель түрлері туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды бірлесе жұмыс жасауға үйрету, ойын ашық жеткізу.
|
| Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер | Оқушыларды топқа бөлемін. Үй жұмысы «Бинго» ойыны арқылы сұрақ-жауап әдісімен сұралады. ДЖИГСО әдісі арқылы жаңа сабақты меңгеру. |
| Түйінді идея | |
| Оқып - үйренудің нәтижесі | Сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, бір – бірін тыңдауға үйренеді, оқушы үні қалыптасады |
| Үйрену мақсатындағы бағаны қоса, бағалау | Алған білімдерін жиынтық бағамен бағалау. |
| Негізгі дерек көздері. | Интерактивті тақта, суреттер, плакаттар, слайд, стикерлер. |
| Сабақ кезеңдері | Уақыт | Мұғалімінің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер |
| Кіріспе | 10 мин | Оқушылармен амандасып 1,2,3,4 дейін санап жұптастыру Бағалау критерилерімен таныстыру (сабақта оқушылар жұптарын смайликтер арқылы формативті бағалап отырады) Үйге берілген тапсырманы бекіту үшін «Бинго» ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты бойынша интерактивті тақтада сандар берілген, әрбір санның артында сұрақтар бар.  Сұрақтар: Алгоритм дегеніміз? Алгоритм түрлерін атаңдар? Тармақталу алгоритмге анықтама беріңдер? Сызықтық алгоритмге анықтама бер? Циклдік алгоритмге анықтама бер? Антивирус ол....? Мұрағаттау және мұрағаттан ажыратып алу программа? 1833 жылы программа бойынша жұмыс істейтін аналитикалық машинаның идеясын ұсынған кім? Кез келген алгоритм қандай бұйрықпен бітеді? Вирусқа қарсы қандай программаларды білесіздер? | Мұғаліммен амандасады. Оқу – құралдарын түгелдеп, бар назарын сабаққа аударады. Қай оқушының саны шықса «Бинго» деп айтады, берілген сұрақтарға жауап береді. | формативті | Кеспе қағаздар, презентайия |
| Тұсаукесер | 3 мин | Жаңа сабақты ашу үшін тақтадағы берілген жасырын сөздің жауабын табу қажет. І-топ 1жұп:.Мысықтың баласы М-арғау 1 жұп:Капустаның қазақша атауы О-рамжапырақ 2 жұп.Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал Д-оп 2 жұп:. Кебектің сүйіктісі Е-ңлік 3жұп: «Арыстан» сөзінің орысша аудармасы Л-ев 3жұп:. Жіңішкелік белгісі Ь 4 жұп: Айлакер аң Т- үлкі 4жұп: «Кішкентай» сөзінің антонимі Ү-лкен 5жұп: Теннис ойнауға арналған құрал Р-акетка 5жұп: Ешкінің төлі Л-ақ 6жұп: Ең берік ағаш Е-мен 7жұп: «Кемпірқосақ» сөзінің орысша аудармасы Р-адуга 8жұп: Киім ілуге арналған құрал І-лгіш Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар? Сабақтың мақсаты қандай? Модельдер түрімен танысу. -модель түрлерін ажырата алуды үйрену | Бір оқушы шығып жасырын сөзді табу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын жазады. | формативті | Презентация |
| Негізгі бөлім | 10 мин | Оқушыларға жұптық жұмыс орындауға ресурс беріп және электронды оқулық жіберемін. Жаңа сабақты жұп-жұптан бөліп беремін. Олар оқып шығады. Түсініп оқу қажет – 3 минут. Талқылағанын түсіндіреді (3 мин), постер бетіне түсіріп,постерлерін қорғайды (3 мин) Қорғаған кезде барлық оқушы сөйлейді. Басқа жұптар мұқият тыңдап сұрақ қоюы қажет (баға береді, кемшілік болса айтуы керек). | Барлығы тапсырманы мұқият тыңдайды. | формативті | Постер, маркерлер |
| Мағынаны тану Сергіту сәті | 5 мин | «Мақал сөз мәйегі» ойыны. Ойынның шарты информатикалық мақалдың өмірде қайсы мақалмен сәйкестендіруге болатындығын табуы қажет. Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады). Вирустан қорыққан интренетке шықпас (Шегірткеден қорыққан егін екпес). Компьютердің жұмысы иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім). Веб дизайншының өз еркі сайтты қалай жасасада (Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса). Жігітті копмьютеріне қарап бағала (Жігітті досына қарап бағала). Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы). Антивирусы күштіні – вирус ала алмайды). Күлсең ескірген компьютерге күл (күлсең кәріге күл). Компьютерде екі колонка, дауысы жер жарады ( Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады). | Оқушылар мақалдардың сәйкесін табады. | | Презентация |
| Практика-лық тапсырма | 5 мин | Біз бүгінгі сабақтан алған білімімізді іс-жүзінде білу үшін практикалық тапсырма орындайық.  Дайындамадан композиция құрындар  | Оқушылар берілген тапсырмаларды компьютерде орындайды. Деңгейлік тапсырмаларды дарынды және талантты балалар алғашқылар болып орындайды. | формативті | Кеспе қағаздар, компьютер |
| Қорытынды | 5 мин | Ақпараттық диктант Түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу Модель – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіреді Модельдеу – нысандарды,үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель. Модель -бұл глобус және әлем картасы,жердің тартылыс күшінің формуласы,көрме стендіндегі зымыранның макеті,мектептегі биология кабинетінің көрнекі құралдары. Компьютерлік модель– деп компьютердің көмегімен арнайы программалық орталар іске асыратын модельдерді айтады. Графикалық модель – графикалық редакторда құрылады | Оқушылар түсіп қалған сөздерді толықтырып жазады. | | |
| Рефлексия | 3 мин | алдарына смайликтерді тастаймын өзінің көңіл-күйін білдіретін смайликті алып, не үшін сол смайликті алғанын айтады.         | Оқушылар сабақтан алған әсерін айтып береді. | | Смайликтер |
| Бағалау | 2 мин | Оқушылардың алған білімдерін жиынтық бағамен бағалау | Алған бағаларын күнделікке қою | | Жиынтық бағалау |
| Үйге тапсырма | 2 мин | §15 83 беттегі тапсырманы орындау | Оқулықтағы тапсырмаларды орындап келеді. | | |