| Пәні: Информатика Сабақ: 21 Тақырыбы: Модель. Ақпараттық модельдеу | Мектеп: Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясы КММ |
| Күні: 13.02.2017 | Мұғалімнің аты-жөні: Меирханова Ж.Т. |
| Сынып: 8 Б | Қатысқан оқушы саны: 9 | Қатыспаған оқушы саны:0 |
| Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Модель мен моделдеуді түсініп, ақпараттық модельді анықтайды |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Модель мен моделдеуді түсініп, ақпараттық модельді анықтай алады |
| Оқушылардың басым бөлігі: Модельдердің түрлерімен танысып анықтау арқылы типтерге бөледі |
| Кейбір оқушылар: модельдің түрлері арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты көрсете алады. |
| Тілдік мақсат | Оқушылар: Модель мен моделдеуді түсініп, модельдерді белгілері бойынша классификациялап, топтастыра алады |
| Негізгі сөздер мен тіркестер: Модель, материалдық, ақпараттық, вербальдық, компьютерлік. |
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Модель дегеніміз - нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. Модельдеу – нысандарды, үдерістерді және құбылыстарды зерттеу үшін модель құру тәсілі. |
| Талқылауға арналған тармақтар: |
| Материалдық және ақпараттық модельдер арасында қандай ұқсастық және айырмашылық бар? |
| Сіз неліктен, таңбалық және вербальдық модельдер өзара байланысты деп айта аласыз ба? |
| Жазылым бойынша ұсыныстар: Бейімділік. Құндылық. Дәлдік |
| Алдыңғы меңгерілген білім | Сызықтық алгоритмдер дегеніміз не? |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың кезеңдері Жоспарланған уақыт | Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс – әрекеті |
| Басталуы 10 мин | Жұптастыру (жақсы тілектер жазылған қағаздар). Бағалау парағы | |
| Үй жұмысын тексеру. (Табиғат аясына саяхат) | |
| Жақсы психологиялық ахуал орнату: Иван Андреевич Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалынан видео. | |
| Ортасы 25 мин | Модель. Ақпараттық модельдеу | Тақырыпты дәптерге жазу |
| 1-тапсырма. 1.Геометриялық, математикалық, алгоритмдік модельдер құру. 1.Герон формуласы бойынша үшбұрыштың ауданын есептеу программасы мен блок-схемасын құру. 2. Квадрат теңдеудің түбірін табу программасын құрып блок-схемасын сызу 3.Трапецияның ауданын есептейтін программа және блок-схемасын құру. | Топтық жұмыс |
| 2-тапсырма. Модельдеуді – компьютерлік бағдарламалармен жүзеге асырамыз: Сәулетшілер, программисттер, саяхатшылар 1. Sweet Home 3D – үш өлшемді үйдің проекциясын құру 2. Scratch – анимациялық программалар құру 3. Google Earth – Бүкіл әлемге виртуалды саяхат картасы онлайн | Практикалық жұмыс |
| 3-тапсырма. Универсиададағы спорттық ойындар түрі мен спорттық инвентарлардың қандай модельге жататынын анықтап, ағылшынша, қазақша аттарын жазу керек. | Постер құру |
| Аяқталуы 10 минут | Кері байланыс сұрақтары. (Ыстық орындық әдісі) Биология сабағында қандай модель түрін кездестіреміз? математика сабақтарындағы таңбалық ақпараттық модельге мысал келтіріңіз Крыловтың «Қарға мен Түлкі» мысалында қандай адамдар арасындағы қарым-қатынас модельін көрсетіп тұр? Сіз ақпараттық модельдермен өмірде кездестіңіз ба? Сурет қандай модельге жатады? |  |
| Easy Quizzy бағдарламасы арқылы компьютерлік тест. Бағалау. | |
| Үйге тапсырма | §21 оқу. Әлемнің ақпараттық бейнесіне мысал жазыңыздар | |
X. Рефлексия. «Тазалық» ойыны.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: шабадан, қоқыс жәшігі, еттартқыш: «Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгінгі сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)».(Коучингтен не білім алғандарын көрсетеді)