СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мобильдік құрылғылар сипаттамасы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мобильдік құрылғылар сипаттамасы»

Орал қаласы. Жоғары аграрлық-техникалық колледжі физика және информатика пәні оқытушысы Кимашева Алтын Сиражевна


Сабақтың тақырыбы: Мобильдік құрылғылар сипаттамасы

Модуль/пән атауы: Информатика

Күні:

Топ: КТ-112.1, КТ-312.1, МГ-211.1  

Сабақ типі: практика

Оқыту мақсаты:

  • Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, мобильдік құрылғыларды атау және олардың негізгі компоненттерін білу;

  • Этика және кәсіпқойлық. Аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілімнің қол жетімділігін түсіну;

  • Шағын топтардағы жұмыс жағдайында ақпараттық технологияларды тәжірибеде қолдану;

Сабақ мақсаты:

  • Білім алушылардың барлығы: мобильдік құрылғылардың атауларын және сипаттамасын бере алады;

  • Білім алушылардың басым бөлігі: аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етілімнің құрылымын салыстырады, талдайды;

  • Білім алушылардың кейбірі: мобильді құрылғылардың ОЖ жіктей алады

Бағалау өлшемдері: Мобильді құрылғылардың компоненттерін сәйкестендіреді, салыстырады, талдайды.

І. Сабақтың басы(6-7 минут):

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Үй тапсырмасын тексеру «Шеңбер» әдісі. «Wheel of names.com» қосымшасы

Тапсырма №1 «Ақпараттық диктант»

Түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу.
1. . . . - арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер; (Виртуалды машина)
2. . . . - виртуалды машинаға орнатылған операциялық жүйе; (Виртуалды операциялық жүйе)
3. Виртуалды операциялық жүйелер «қонақтық» деп, ал нағыз серверде орнатылған операциялық жүйе . . . деп аталады; (Хосттық)
4. Виртуалдау платформасы - . . . деп аталады; (Гипервизор)
5. . . . - ең танымал операциялық жүйелерді орнатуға болатын тегін виртуалды машина. (VirtualBox)


Тапсырма № 2 «Адасқан әріптер»


Әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Адасқан әріптерді орындарына қою арқылы термин сөздердің аттарын табады және орысша, ағылшын тілінде аудармасын айтады.
1. УТУЛАДАВИ - ВИРТУАЛДАУ - ВИРТУАЛИЗАЦИЯ – VIRTUALIZATION
2. ВИРОЗПЕРГИ – ГИПЕРВИЗОР - ГИПЕРВИЗОР – HYPERVISOR
3. ЛАРИВУТЫД ИШАМАН - ВИРТУАЛДЫ МАШИНА – ВИРТУАЛЬНАЯ МАШИНА – VIRTUAL MACHINE
4. ТСОХ - ХОСТ – ХОСТ - HOST
5. ҮЖТЕУК - ЖҮКТЕУ – СКАЧАТЬ - DOWNLOAD


Сабақтың ортасы: Естеріңе түсіріңдер:

  • ДК негізгі және қосымша құрылымына түсініктеме беру

  • Мобильді құрылғылар туралы қысқаша сипаттама түрлерін таныстыру олардың

  • 10 - құрылымдық сипаты баяндалады (Смартфон, Ноутбук, Планшет, Электронды кітап)

  1. Жаңа материалды меңгеру

Мобильді құрылғылар – басты ерекшеліктері кішкене өлшемі мен атқаратын функцияларының саны болып табылатын смартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, телефондар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер).

Смартфондар – ең маңызды ерекшелігі көлемі мен тасымалдану қабілеті және көптеген функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғылар.

Планшеттер – үлкен экранмен жабдықталған және Интернетті, кітаптарды, офистік пакеттерді, сондай-ақ ойындарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылар.

Кез келген мобильді құрылғы – бір-бірімен өзара байланысқан және тұтас алғанда құрылғының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін көптеген функционалдық аяқталған
модульдерден тұратын, күрделі техникалық құрылғы. Бір ғана модуль істен шықса – құрылғының ішкі ақаулығына әкеліп соғады.

1. Аккумуляторлық батарея (АКБ) – мобильді құрылғының негізгі (бастапқы) қуат көзі.

2. Қоректендіру контроллері – CPU (орталық процессор), RAM және ROM (жады микросызбалары), түрлі күшейткіштер, кейде пернетақта мен дисплей және т.б. сияқты телефонның жеке тораптары мен құрылғыларын қоректендіруге арналған кернеудің бірнеше түріне АКБ кернеуін түрлендіру үшін қызмет етеді.

3. Жүйелік тақша мобильді құрылғылар компоненттерінің маңызды элементі болып табылады. Ол электронды құрал, жады, процессор, бейнежылдамдатқыш және оларды байланыстырушы компоненттерден тұрады. Барлық осы компоненттер кез келген мобильді құрылғының аналық тақшасына орнатылады

4. Орталық процессор (central processing unit, CPU) – мобильді құрылғылардың негізгі компоненті болып табылады.CPU кез келген жеке компьютерде, ноутбукте және т.б. орналасқан процессор тәріздес. Ол құрылғының программалық қамтамасыз етуінде қарастырылған машиналық командаларды,нұсқаулықтар мен операцияларды, басқа модульдермен және құрылғылармен нақты өзара әрекеттесуді және оларды кейіннен басқаруды орындауға арналған.

Бір сөзбен айтқанда, процессор – мобильді құрылғының жұмысын толығымен басқаратын 5. Жедел жады (RAM). Деректерді уақытша сақтау үшін қызмет етеді. Онда программалық кодтың барлық процессорлық есептеулері жүргізіледі, нақты ағымдағы сәтте есептеу және ақпаратты өңдеу нәтижелері сақталады (мысалы,музыканы тыңдау, видеоны ойнату, қосымшалар, ойындар және т.б.).

6. Пернетақталық модуль – абонент нөмірін, SMS хабарламалар мәтінін теруге арналған стандартты сандық пернетақта.

7. Құрылғының LCD дисплейі (экран) – тікелей көру ақпаратын көрсететін құрал. Негізгі сипаттамалары:

– рұқсат ету қабілеті, яғни ойнатылатын пиксельдердің (нүктелердің) саны. Бұл параметр жоғары болған сайын, сурет анық және сапалы болады.

– ойнатылатын (көрсетілетін) түстердің саны. Түрлі түсті дисплейлері бар ескірген телефондарда бұл мән, негізінен,4096 түсті құрайды. Қазір барлық заманауи смартфондар 16 млн түсті дисплеймен жабдықталған.

8. Сенсорлық экран деректерді енгізу және мобильді құрылғыларды басқару үшін қызмет етеді. Оның мынадай түрлері бар: резисторлы, сыйымды, матрицалы, проекциялықсыйымды, беттік-акустикалық толқындар экраны және инфрақызыл сәулелер торы бар экран.

9. Қабылдағыш-таратқыш – мобильді GSM сигналын қабылдау және беру құрылғысы. Құрамында көптеген функционалдық элементтер (генераторлар басқарылатын кернеу қабылдағыш және таратқыш, жолақтық сүзгілер, шешуші конденсаторлар, индуктивтілік және т.б.) орналасқан. Қабылдағыш-таратқыштың ақаулығы кезінде телефон мобильді желіге тіркеле алмайды және дисплейде GSM сигналы деңгейінің индикаторы болмайды.

10. Антенна – базалық станция шығаратын энергияны жинақтауға және оны кейіннен қабылдау жолы тізбегіне беруге арналған құрылғы.


Жаңа сабақты бекіту:

Тапсырма №1 Мобильді құрылғылар атауын анықтамаларымен сәйкестендіреді.Wordwall қосымшасы.



Тапсырма №2 Планшет пен смартфонның арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты Венн диаграммасына жазады

Сабақтың соңы:

Дескриптор:

  • Бұрыннан білетінін, жаңадан білгенін және нені білгісі келетінін жазады

  • Мобильді құрылғылардың атауын анықтамаларымен сәйкестендіру

  • Планшет пен смартфонның арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты анықтау

  • Мобильді құрылғылардың компоненттерін жазады


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ материалдары мен үшін ... болды /қиын, жеңіл,қол жетімді/

Сабақ бойы мен ... /жағымды, жағымсыз көңіл күйде болдым/

Мен сабақтағы жұмысыма ... /ризамын, қанағаттанбадым/

Сабақта мен ... үйрендім /QR-код/

6. Қорытындылау: Блум кестесі бойынша

7. Білімдерін бағалау: бағалау парақтары бойынша

8. Үйге тапсырма беру: Эссе «Мобильді құрылғылардың пайдасы мен зияны»