СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

МҚБЖ Access-те мәліметтердің бейнеленуі

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«МҚБЖ Access-те мәліметтердің бейнеленуі»

Дәріс № 20МҚБЖ Access-те мәліметтердің бейнеленуі


Кесте – бұл деректерді сақтайтын объекті. Кестені құруда біртипті ақпараттан тұратын өрісті анықтаймыз. Мысалы : мекен-жай, аты немесе телефон нөмірі. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген жазбалардан тұруы мүмкін. Мысалы : әрбір клиент жайлы жазба оның атын, мекен-жайын және телефон нөмірін қосады. Кесте режимінде кесте баған мен жолдан тұрады. Әрбір қатар – бұл жазба, ал әрбір баған - өріс.

Кестенің құрылымын айқындағаннан кейін, МS Ассеssте оны құруға кірісеміз. МS Ассеss-те кестені құру деректер қоймасы терезесінде жүзеге асырылады:

  • Деректер қоймасының терезесін ашып, «Кестелер» категориясын таңдау.

  • Деректер қоймасының терезесінде Создать батырмасын басу.

  • «Жаңа кесте» диалог терезесі ашылады, оның оң жағында келесі атқарылатын жұмыстардың нұсқалар тізімі табылады:

●Кестелер режимі – кестелер режимінде жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.

●Конструктор – кестелер конструкторында жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.

●Кесте шебері – шебер көмегімен жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.

●Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қоймасына кестелер импортын жүзеге сыруға мүмкіндік береді.

●Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Деректер типтері.

Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі бағаны өрісінде еңгізіледі. МS Ассеss-те келесі типтердің деректері мүмкін болып табылады: Мәтіндік, Сандық, Санауыш, Ақшалай, Даталар/уақыттар, Логикалық, МЕМО өрісі, ОLЕ объектісінің өрісі, Гиперсілтеме, Ауыстырулар шебері.

Кесте құрылымының модификациясы.

Егер бірде-бір қате жібермей, кесте құрылымын сипаттаған болсаңыз, онда құрылған кестенің құрылымын сақтау қажет.Алайда құрылымды берерде қате жіберіп қоюыңыз мүмкін. МS Ассеss қателерді жөндеуге арналған құралдарды сізге ұсынады. Оларға жататындар:

● Өріс атауын және /немесе оның типін өзгерту.

● Қалып қойған өрісті қою.

● Қате енгізілген өрісті жою

● Кестедегі өрістердің жол тәртібін өзгерту.

Деректер қоймасына кіретін кестенің құрылымын модификациялау үшін деректер қоймасының терезесінде модификацияланатын кестені таңдап, Конструктор батырмасын басыңыз. Экранда таңдалған кестенің құрылымынан тұратын конструктор терезесі ашылады.

Өрістер жолының тәртібін өзгерту

Айталық, бір өрісті қазіргі тұрған орнынан бірнеше өріске жоғары не төмен апару қажет. Мұны жасау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

  • Өрістер аттарының сол жағында өрісті таңдау аймағы бар. Орын ауыстырғыңыз келген өріске сипаттама берілген жолға көшіп, осы аймаққа басыңыз. Бұл кезде жол түгелімен ерекшеленеді.