СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Менің Отаным сабақ жоспары

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Менің Отаным». Мақсаты: табиғи дауыспен әнді таза айтуға,шығарманы сезіне білуге үйрету.Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге,қастерлеуге баулу.

Просмотр содержимого документа
«Менің Отаным сабақ жоспары»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің Күні:25.01.2018ж

Технологиялық картасы №1 Ән-күй жетекшісі: Оспанов А.К

Білім беру саласы: Шығамашылық. Әдіскер:Айтпаева Ж.К Бөлімі: Музыка. Тақырыбы: «Менің Отаным». Мақсаты: табиғи дауыспен әнді таза айтуға,шығарманы сезіне білуге үйрету.Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге,қастерлеуге баулу. Алдын ала жүргізілетін жұмыстар:Балаларға Отан туралы алдын алатүсіндіру Әдіс-тәсілдер:Таңғажайып әңгіме. Қажетті көрнекі құралдар: қалалардың көрнекі жерлерінің,табиғат көріністерін бейнелейтін суреттер,слайдтар. Қос тілдік компонент: Отан-Родина,туған жер-Родная земля

Іс-әрекет кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс -әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Себепті қызығушылықты ояту кезеңі

Балаларды марш ырғағымен залды айналдырып келіп орындарына отырғызу.




Амандасу:До-Ре-Ми-Фа-Соль-Соль-Соль

-Сәламатпа балалар?

-Балалар бәріміз шаттық шеңберіне тұрайық.

«Шаттық шеңбері»

Бір,екі,үш!

Бойға жинап күш.

Шынығамыз таңертең,

Ағалардай Отанға

Ұлан болам мен ертең!

Тізені жоғары көтере нық бастыру,арқаларын түзу ұстауды қадағалау.

Балалар сапты бұзбай,марш ырғағымен залды айналып келіп орындарына отырады.

Соль-Фа-Ми-Ре-До


-Сәламатсызба!

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.






Тізелерін көтере,мақтанышпен жүріп,өлең жолдарын қосыла айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік кезең

Музыка тыңдау: «Отан- ортақ үйіміз»(Д.Ботбай.)

Әнді бір тыңдатып,Отан туралы түсінік беру.

-Сендер өз Отандарыңды жақсы көресіңдер ме? Отан туралы түсініктерін кеңейту.

Дауыс жаттықтыру:

«Біз ән айтамыз,

Жақсы айтамыз»


Өткен ән:«Күздің күні қандайды»әнін қайталату.

Жаңа ән: «Менің Отаным» Әнді таныстырып,композитор туралы әңгімелеу.Сөзін үйрету.


Би:«Жігіттер биі»Балалардың қолдарына қамшы беріп би қимылдарын үйрету.

Балалар зейін қойып тыңдауға тырысады.Түсінік алады.

-Ия,Жақсы көреміз!




Қолдарын тізелеріне қойып,бір бірін тыңдап,таза айтуға тырысады.

Өткен әндерін қайталап,естеріне түсіру.

Әнді тыңдап,сөзін үйренген соң,әуенге қосыла айтады.Композитор туралы түсінік алады.

Балалар би қимылдарын тез үйренуге тырысады.


Іс-әрекетті бағалау кезеңі

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнадыма?

-Не үйрендік?

-Жарайсыңдар,бүгінгі оқу іс-әрекеті аяқталды

До-Ре-Ми-Фа-Соль-Соль-Соль

-Сау болыңдар балалар!


-Ия,ұнады!


-Ән,Би



Соль-Фа-Ми-Ре-До


-Сау болыңыз!

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: шығарманы сезіне тыңдап, әнді табиғи дауыспен орындай білуді.

Қандай түсініктерді игереді: әуен ырғағымен жалаушаны ұстап билеуді,әнді әуенімен айтуды.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: әнді тыңдап,мәтінін әңгімелеуді, ырғақпен қозғалуды.