Жарық жалпы орта білім беру мектебі

Өткізген: Алтайбаева Г.К.
2 «Б» сыныбы
2015 - 2016 оқу жылы
Тақырыбы: Менің Отаным- Қазақстан.
Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, елін,жерін,тілін құрметтейтін таза ,адамгершілігі мол,өз Отанын сүйетін азамат қалыптастыру.
Түрі: Білім күні сабағы.
Көрнекілігі : Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, Астана қалаларына байланысты суреттер
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Ой қозғау:
1. Сыныпта неге көгілдір жалаушалар қойылған?
2. Тақырыпқа қарап сабақ не туралы болмақ деп ойлайсыңдар?
ІІ. Психологиялық дайындық «Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!
ІІІ. Кіріспе сөз.Мұғалім: 1 қыркүйек білім күнінің алғашқы сабағы «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тақырыпқа арналады.
Әлем таныған ,Қазақстан.
Сенің Отаның ,туған жерің –Қазақстан.Отбасы мүшелері ,достарың да Қазақстанда туып,өскен. Ата –бабаң ежелден осы жерде туып өскен.Қазақстан – үлкен республика.Оның табиғаты алуан түрлі,жері бай.Мұнда жазық дала да , орман да көл де ,шөлді аймақ та бар. Қазақстанда әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер,табиғаты көркем қорықтар , демалыс орындары көптеп кездеседі.Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы –бүгінгі күні егемендікке қол жеткізіп отырған ел.
Қазақстан халқы бейбітшілік пен достықты,сенімді қарым қатынас пен сыйластықты сақтауға үнемі дайын.
Өзіндік жұмыс: Өз құқыңды білесің бе?
Қойылымдар көру арқылы пікірлесу.
1-көрініс. Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнаған сәбиді жолықтырады.
- Ойыншығың әдемі екен кім алып берді?
-Ата анам,
-Ата- анаң тағы не үйретті?
-Үлкендерді сыйлауды.
-Біз үлкенбіз бе?
-Иә.
-Онда аяқ,қолыңды көтеріп тұр.Сәби аяқ,қолын көтеріп тұрады .Оқушылар мазақ етіп кетіп қалады.
Сұрақ: - Қандай жағымсыз әдет көрдіңдер?
Бұл заң бұзушылыққа жата ма?
-Сәбиді ата - анасы дұрыс тәрбиелеген бе?
(Оқушы пікірлерін тыңдау)
Түйінді ой :Сәбиді ата -анасы дұрыс тәрбиелепті.Бірақ 17 бапты үйретпепті.
Ата Заңымыздың 27 бабында «балаларды тәрбиелеу ата ананың басты міндеті»делінген.
Ата Заңымыздың 17 бабында «ешкімді азаптауға ,оған зорлық –зомбылық жасауға ,адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды» делінген.
2-көрініс.Үш оқушы келе жатыр.Олардың біреуі:
-Бүгін демалыс қой,қалай демаламыз?
Ішім пысты .Бірдеңе жасайықшы.
Екіншісі :-биік жанатын алау жасайықшы .
Үшіншісі :-Таптым,таптым бәрің ауыздарыңды ашып қаласыңдар мына үлкен ағашқа от тигізсек үлкен алау болады.От тигізейік - деп жүгіре жөнеледі.
Қалған екі оқушы «мұндай қызығыңның керегі жоқ» деп оны әрең тоқтатады.
Сұрақ:-Қандай жағымсыз әдеттер байқадыңдар?
- Жақсы қасиеттер байқалды ма?
- Бұл заң бұзушылыққа жата ма ?
(оқушы пікірлерін тыңдау)
Түйінді ой: Балалар 24 бапты білгенмен ,38 бапты білмейді екен.
1.Ата Заңның 24 бабында «әркімнің тынығу құқығы бар»делінген.
2.Ата Заңның 38 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға міндетті »
Шығармашылық тапсырма : Отан туралы сурет салу.
ІV. Отан туралы мақал-мәтелер айту.