Қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен ерекшеліктер – оқушыларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай, оқушы, мұғалім, ата-ана қажеттілігін басты назарға ала отырып, білім мазмұнын жаңартуға негізделген. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деп атап айтқан. Басшылардың біліктілігін арттыру курсы бойынша жазылған эссе
Просмотр содержимого документа
«Менің курстан алған әсерім»
Малыбаева Жамила Аскербековна
№27 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жамбыл облысы, Қордай ауданы
zhamila_70@mail.ru
Менің курстан алған әсерім
«Қазір бой жарыстыратын заман емес,
ой жарыстыратын заман.»
Н. Назарбаев
Қазіргі білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мен ерекшеліктер – оқушыларды тек біліммен қаруландырып қана қоймай, оқушы, мұғалім, ата-ана қажеттілігін басты назарға ала отырып, білім мазмұнын жаңартуға негізделген. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деп атап айтқан. Біздің еліміздің білім жүйесін дамыту мақсатында көп өзгеріс енгізу қажеттілігі туындап отыр. Заман талабына сай қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесін технологияландыру үрдісі, әр ұстаздан үздіксіз ізденімпаздық пен шығармашылықты, кәсіби шеберлікті, құзырлылыққа жету жолындағы инновациялық технологияларды тиімді қолдануды қажет етеді. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мектеп көшбасшысының мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Сондықтан, оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Оқытуға байланысты кәсіби дамудың тиімді тәсілі мектеп көшбасшылығы болып табылады. Мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсында, көшбасшы демократиялық стильді ұстана отырып, өзін ғана дамытумен емес, ұжымына да ықпал ету керек, ол сыртқы ортаға әсер етуі, әріптестерін ашық болуға шақыруы керек, топтың әрбір мүшесінің өз тақырыптары, зерттеген мәселелерін ортаға салуға, ұжымның оны талқылауына мүмкіндік береді және оларды әрі қарай үнемі жетелеп, көмектесіп отырса, жұмысы нәтижелі болады деп ой түйдім. Желілік қоғамдастық құру, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспардың жасалуы, коучинг, тәлімгерлік, Lesson Study үдерісі, кері байланыс, бағалаудың жаңа формалары, іс-әрекетті зерттеу, мониторинг жасау сияқты жұмыстың жаңа формалары мектептің оқу-тәрбие үдерісіне оң өзгеріс енгізеді деп ойлаймын. Осы педагогикалық шеберлік орталығында алған теориялық білімімді практика кезінде өзгерістің бастамасы ретінде жүзеге асырамын. Орыс педагогі К.Д.Ушинский: «Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бір сарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз» - деген болатын. Білім жүйесінің де реформалық ақпараттық қоғамға көшуі оқушылардың біліктілігі мен білімділігі, ой-өрісі дамыған қазіргі заман мектебінде белсенді азамат тәрбиелеу әр мектептің оның жүрегі – ұстаздардың міндеті.