Просмотр содержимого документа
«Microsoft Word мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік.»
№ 2 бөлім Microsoft Word мәтіндік процессоры
Дәріс №6 Microsoft Word мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік.
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
Сол сияқты MS WORD мәтіндік процессоры сияқты Windows жүйесінде қосымша мәтіндік редакторлар жасақтамалары орналасқан.
Мәтіндік процессордың мәтіндік редакторлардан айырмашылығы- олар мәтіндерді тек енгізіп және өңдеп қана қоймай , форматтау, яғни безендіру мүмкіндігін береді. Сәйкесінше, мәтіндік процессорлар құрамына мәтіннің, графика, кестелер және қорытынды құжатты құрайтын басқа обьектілермен өзара әсерін қамтамасыз ететін негізгі құралдары және форматтау үрдісін автоматтандырудың қосымша құралдары кіреді.
«Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін 3 жолы бар:
Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде «Құжат дайындау» сұхбат терезесі пайда болады.
Сол терезеден «Кәдімгі» нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу керек.
Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты аспаптар тақтасында «Жасау» (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. Осылардың нәтижесінде де «Кәдімгі» нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды.Компьютерде мәтіндік құжаттарды дайындауда кезеңдер қатар тізбегі орындалады. Блок – схемада мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері көрсетілген:
Бұл кезеңге тағы да құжатқа сурет, диаграмма немесе мәтіндік емес файлдан басқа обьектілерді кірістіруге және «Енгізілген обьектілермен жұмыс істеу» кезеңі да қытыса алады.
Әр бір кезең белгілі бір операцияны орындаудан тұрады. Операцияның құрамы пайдаланылатын редакторға тәуелді болады.
MS Word процессорының экранымен танысу