СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Менің отбасым жайнда"

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепалды даярлық сыныптарына арналған 

Просмотр содержимого документа
«"Менің отбасым жайнда"»

Технологиялық карта.

Күні:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта »

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «менің отбасым»

Мақсаты: Балаларды отбасы мүшелері түсінігімен таныстыру. Балаларға білім беріп,олардың ой өрісін дамыта отырып,сөздік қорын байыту. Инабаттылықпен адамгершілікке тәрбиелеу.

Қызмет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Дәлелдеу-

ояту.

Жылулық шеңбері:

-Амансыңдар ма,балалар.Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын.Қане бір-бірімізге қарап,әдемі күлкімізді сыйлайықшы.


-Балалар амандасады, бір- біріне қарап күлкілерін сыйлайды.

Ұйымдастыру

іздену.

-Балалар,сендер қай елде тұрасындар?

-Қазақстан елінде қандай ұлттың өкілдері тұрады?

Қазақ,орыс,неміс,өзбек,ұйғыр т.б. барлығы үлкен Қазақстан елінде тұрады.

Қазақстан-бұл үлкен Отан. Отбасы кіші Отан болады.Отбасында ата-әже, әке-ана, әпке, аға, іні, қарындас, болады. Осының барлығы отбасыны құрайды.

Сұрақтар:

-Ерасыл сенің отбасыңда қанша адам бар?

-Нұрасыл, ал сенің отбасында қанша адам бар?

-Сабина сенің атаң үйде немен айналысады?

-Дильнара,әжең не істейді?

-Дарын сен ата-анаңа қалай көмектесесің?

-Нурдаулет,сен қарыңдастарына қандай қызықты ойын ойнатасын?

Әңгіме құрастыр:

-Балалар суретке қарап әңгіме құрастырындар.Суретте дастархан басында отырған отбасы бейнеленген.

Өлең оқу: «Біздің шаңырақ»өлең оқу.

/ серігі/

Өлең бойынша балаларға сұрақтар қою.

Сергіту сәті.

Біздер тату баламыз,

Әсем етіп жазамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

Әңгіме оқу. Балалар қазір мен сендерге «Біздің отбасы» атты әңгіме оқимын,сендер мұқият тыңдап отырындар.

Сұрақтар:

-Әлия қайда тұрады?

-Оның үйінде неше адам бар?

-Әлияның әке-шешесі қайда жұмыс істейді?

-Әлияның сіңлілері,інісі қайда барады?

-Өзі нешінші сыныпта оқиды?

-Қазақстан елінде.

-қазақ, орыс...












-Менің отбасымда үш адам.


-Менің отбасымда бес адам.


-Менің атам кітап оқиды, ағаш жарады...

- Тамақ пісіреді...

-үй жинаймын...


-біз тығылмақ ойнаймыз.












Біздер тату баламыз,

Әсем етіп жазамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.







-Әлия қалада тұрады.

-жеті адамбар.

-Әкесі инжинер, зауытт, ал, анасы институтта жұмыс істейді.

-балабақшаға барады.

-Өзі алтынщы сыныпта оқиды.


Рефлекетті түзету.

  • Отбасы деп кімдерді айтамыз?

- отбасы мүшелеріне кімдер жатады?


-Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Өздерінің отбасы мүшелерін білу.

Игеру: Отбасы, туған -туыстарының өмірдегі ролі.

Меңгеру: Жақын адамдарын сыйлау, құрметтеу.







Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:  Я дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

          Балаларға Я әрпі мен дыбысының айтылуын және сөздегі орнын тапқыза отырып таныстыру.

          Әр түрлі ойын ойнату арқылы сөзжұмбақ, ребус шештіру арқылы логикалық ойлауын дамыту.

          Өлең айтқызу, жұмбақ жасыру арқылы тілдерін дамытып,туған жерді, жануарды т.б. қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, текшелер, суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

           1.Ұйымдастыру



«Шаттық» шеңбері: 
- Балалар, мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бүгін бізге келген қонақтарға қуанып, ризашылығымызды білдіреміз. 


Қуанамын мен де, 
Қуанасың сен де, 
Қуанайық достарым, 
Арайлап атқан күнге! 
(Күн бейнесін көтереді.) 
Үлкенге де сіз, 
Кішіге де сіз. 
Қонақтарды құрметтеп, 
Бас иеміз біз! 
(Сәлем беріп, орындарына отырады.) 



           2.Өткен материалдарды қайталау.

-Балалар, біз өткен сабақта сендермен қандай дыбыс, әріппен танысып едік?

-Дыбысты біз естиміз, ал әріпті көзімізбен көріп, қолымызбен жазады екенбіз.

«Ой қозғау»: 
- Я дыбысы қандай дыбыс? 
- Я дыбысын айтқанда қандай қосарлы дыбыстар естіледі? 


Жұмбақ жасыру



 Қоянда бар,

Түйеде жоқ.

Шаянда бар,

Биеде жоқ. (Я)

Аязда бар,

Боранда жоқ.

Таязда бар,

Тереңде жоқ (Я)






а) Қолы жоқ - сурет салады, 
Тісі жоқ - тістеп алады. 
(Аяз) 
ә) Жесең ащы, 
Көзіңнен шығарар жасты. 
(Пияз) 





б) Есек құлақты, 
Ешкі құйрықты, 
Мысық аяқты, 
Көрдім жүйрікті. 
(Қоян) 
в) Тал басында 
Тамаша үй. 
(Ұя) 










3.Жаңа сабақ. 

Ендеше балалар, біз бүгін сендермен Яя дыбысының бас әрпімен танысамыз.

- Бүгін біз Я дыбысымен танысуды жалғастырамыз. Дыбыстың әріптен айырмашылығы қандай?

-Дұрыс. Я дыбысын айтып көрейкші, қандай дыбысқа жатады екен, хормен: Я.

-Мына суреттерде нені көріп тұрсыңдар?

Я дыбысының дауысты дыбыс екенін, сөздің ортасында, соңында және жеке буын құрай алатын -дыбыс екенін қайталау.

  • Оқулықтың 111 – бетіндегі «Сыйлық» мәтінін оқу, суретпен жұмыс жасау

  • Аяулым кім?

  • Саят пен анасы дүкенге не үшін келді?

  • Олар қандай сыйлық таңдады?

  • Аяулым неге қуанды?



  • Жақсы, балалар, бүгін бізге де тапқышбек ойын ретінде көп сыйлық әкеліпті. Тапқышбектің тапсырмаларын орындайық.



4. Сергіту сәті.

          -Бәріміз сергіту сәтін жасайық.

                                                    

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап.

Көжегі екен өзінің.



5. «Жоқ әріптерді тап» ойыны

Мақсаты: сөздегі жоғалған әріптерді тауып, жазу, дыбыстау, буынға бөлу.
Қи... р, а... з, та... қ, а... қ, ша...н, қо...н.



6. Жазу жұмысы.

  • Я – ның үлкен, кіші әрпін жаздыру.

  • Қияр, сәбіз, қоян сөздерін жазғызу. Осы сөздермен сөйлем құрастыру



7. «Сөз құрастыр» ойыны

Мақсаты: буындардан сөз құрастыру

Қи қо ян жи һаз яқ яр та
Әр сөздердің астына суреттерін тауып ілу



8. «Қай сөзді жоғалттым» ойыны

Мақсаты: сөздерден сөйлемдер құрастыру.
Қанат / ұя /жасады. /Ұясы / әдемі /болды. /Аян / жақсы /оқушы.

Құрастырған сөйлемде дауысты және дауыссыз дыбыстарды тауып, астын сызу қажет.



Сергіту сәті.         

Ойын  -«Қандай дыбыс?»

Ойын шарты: Балалар, мен қазір дыбыстарды айтамын. Дауысты дыбыс болса қол шапалақтау, дауыссыз дыбыс аяқ соғу керек.  





 9. Сабақты қорытындылау:

Буын-ұйқас : 

Ян-ян қорқақ ....б: -Қоян.

                    Яз-яз  ащы  ....б: -Пияз.

                    Яр-яр  дәмді ...б: -Қияр.

Тізбек сөздер:

Жая, мая, сая,

Аяз, пияз, сия,

Аяқ, таяқ, қия,

Шаян, қоян, ұя,

Бәрінде бар ... (Я)

–    Біз қандай дыбыспен таныстық?

–   Я  қандай дыбыс?

–   Қандай екі дыбыстың  қосарлануы  арқылы жасалады? (й + а)

–  я дыбысы бар қандай сөздермен таныстық?

             

              10. Үйге тапсырма: Я дыбысы бар сөздер ойлап келу.









Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: Сауат ашуға және жазуға үйретуге дайындық

Тақырыбы: «Я дыбысы және әрпі»
Мақсаты: Я дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөзге дыбыстық талдау жасату. Оқуға жазуға дағдыландыру. Балалардың сөздік қорын тілін дамыту. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Жазу дағдысына қолын жаттықтыру
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру
Көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер, текшелер
Билингвизм:

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі: Амандасу.
Армысың, Ару күн!
Үлкенге - Сіз
Кішіге - Сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпен біз!

Өткен іс - әрекетімізде қандай дыбыстарды талдадық?
Дыбыстар туралы кім айтып береді?

Текшемен жазу: - үй, - гүл, - гүлзар, өс.
Кім ана туралы тақпақ біледі?
Сөздерді буынға бөлейік: - гүлзар, Гүлжан – тігінші, шегінші, тақта, терезе, доп.
Ойын «суретке буын қос!» Гүл - нұр, Гүл - сім, Ай - гүл.

Сергіту.
А) «Біздер тату баламыз!»

Ә) «Терезеден қарадым!»
Қимылмен орындайды.
Терезеден қарадым
Тары жеген шүпірлеп.
Тауықтарды санадым
1, 2, 3, 4, 5.
Кептер ұшып барады Оларға да қарадым, келсе дағы санағым санай алмай қаламын. 6,7,8,9,10.

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.
Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай - ақ.

Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру.
Я дыбысы туралы айту.
Тақия Пияз, - қиярды көрсету.
Топтастырып, төрт орталыққа бөлу.
а) «Таным» орталығы.

ә) «Ертегілер әлемі» орталығы..

б) «Ойын» орталығы.

в) «Тіл дамыту»Тіл дамыту орталығы.
Я дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру.
Әліппе дәптерге үлгімен жазу

Іс - әрекеттің бағалау кезеңі Я дауысты ма, дауыссыз ба?
Қо-ян, ша-ян, А-ян, Ба-ян.
Қандай текшемен белгілейміз?
Сөздерді буынға бөліңдер

Күтілетін нәтиже:
Білім: Я дыбысымен танысты, сөз, сөйлем құрауға дағдыланды
Білік: Дұрыс сөйлеу, грамматикалық құзіреттіліктерін дамытты
Дағды: Я әрпін таза, әдемі, сауатты жазуды үйренді

БҚО, Жаңақала ауданы, №3 ЖОББҚМ
Мектепалды даярлық тәрбиешісі:
Сағынғалиева Нағиша Тұрарбекқызы