Ортаңғы «Қуыршақ»тобы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні:.12.11.18ж
Тәрбиеші:Абенова М.К.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Өтпелі тақырып: «Менің отбасым»
Пән:Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:«Менің отбасым »
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балаларға өз отбасылары туралы түсіндіре отырып, оларды тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Оқыту: Балаларға отбас туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, ақпараттық технологиясы,театралдық технологиясы.
Ресустармен қамтамасыз ету: саусақ қуыршақтары ,балалардың отбасылық фотокалаж,ағаштын суреттері,желім,салфетка.
Блингвальдық компоненті : Отбасы-семья,family,ата-дедушка-grandfathe,әже-бабушка-grandmother,әке-отец-father,ана-мама-mother,
Ұйымдастыру кезені:
Онда әкем-анам тұрады
Ата-әжем бауырым
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады. Отбасы
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші:Балалар қалай ойлайсындар отбасы деген не?
Дұрыс балалар отбасы ол –әке,ана,ата,әже.
-Олай болса бәріміз үйге назар аударайықшы.
Бұл үйде кім тұрады деп ойлайсындар? Бірақ үй бос .
Осы үйдің отбасыларын кіргізіп орналастырайқ.
-Иә,балалар,барлық үйдің өз отбасы болады олар бір-бірімен тату-тәтті тұрады.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ
Балалар ,айналамызға қарасақ,көптегн үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсындыр?
Иә,дұрыс айтасындар сендердің әрқайсылырыңның өз отбасылырың аналарың,әкелерің,әже,аталарын,қарындастарың,інілерің бар.
Сендер оларды қатты жақсы көресіндер ме?
Жақсы онда сендер үйге әрине ата-аналар көмегі арқылы отбасылық сурет галлереясын жасап келулерінді ұсынғам.
Сергіту сәті:
Атамнан басталар.
Әкемнен қосталар
Отбасым мыналар
Ең жақын адамдар-
Әке мен анам бар
Бір туған ағам бар,
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін
Бабушка и дедушка,
Мамочка и папочка,
Д/о»Суретті сипаттап бер»
Бала сурет бойынша мимика арқылы отбасында кім не істейтін көрсетеді , ал балалар табады.
Анамтамақ пісіреді.
Әке машина жөндейді
Ата газет оқиды.
Әже қолғап тоқиды.
Балалар ал сендер үйде қандай көмек көрсетесіндер.
2.Д/о»Мен не істей аламын»
Гүлге көбелектерді қондырады
-Балалар, кім отбасы туралы мақал-мәтел біледі?
Отбасы туралы мақал-мәтелдер:
1. Отан - отбасынан басталады.
2. Отбасы – шағын мемлекет.
Қорытынды:Балалар сендер өз отбасыларынды қандай отбасы деп ойлайсындар.
Менің отбасым мейрімді.
Менің отбасым еңбекқор
Менің отбасым сыпайлы
Менің отбасым тәрбиелі.
Менің отбасым үлгілі