СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мен құрылысшы боламын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: ересектердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Құрылысшы мамандық иелерінің қызметі туралы білімдерін дамыту, үй құрастыру дағдыларын қалыптастыру, ептілікті дамыту.

3.Оқыту – обучающая:  Балаларды құрылысшы мамандығымен таныстыру. Дид-қ ойын: «Әсем үйлер»

м

Просмотр содержимого документа
«"Мен құрылысшы боламын"»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Тақырыбы/Тема: «Мен құрылысшы боламын»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: ересектердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Құрылысшы мамандық иелерінің қызметі туралы білімдерін дамыту, үй құрастыру дағдыларын қалыптастыру, ептілікті дамыту.

3.Оқыту – обучающая: Балаларды құрылысшы мамандығымен таныстыру. Дид-қ ойын: «Әсем үйлер»

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, зерттеу қызметінің технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: әртүрлі мамандық иелерінің құралдары, конструктор және кубиктер.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: құрылысшы – строитель, үлкен үй – большой дом


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Тосын сәт: Балалар біз бүгін саяхатқа шығамыз. Қайда саяхатқа баратынымызды білу үшін жұмбақтың жауабын тауып көріңдер.

Жұмбақ: Кірпіштен сарай, үй салады,ол адам кім болады?(құрылысшы)

-Құрылысшы дегеніміз кім?

-Олар не тұрғызады?

-Сендер қандай үйлердің түрлерін білесіңдер?(киізүй,көп қабаттыүй, бір қабатты)

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Құрылысшылар арнайы білім алады.Олар үйлер, сәнді ғимараттар, кеңселер салуды үйренеді.Үйді ағаштан,кірпіштен ,бетоннан тұрғызады, одан кейін төрт қабырғасын,ең соңында төбесін жабады.

Құрылысшылар тек үй ғана емес, заводтар, жолдар, көпірлер т.б тұрғызады. Құрылысшының жұмысы өте ауыр. Егер құрылысшылар болмаса бізде тұратын үй, білім алатын мектеп болмас еді.

Билингвалдық компонент: құрылысшы – строитель

Балалар құрылысшының киіміне назар аударайықшы. Ол не киіп алған?

Арнайы форма және каска.

-Не үшін басына каска кию керек?

Заттық дидактикалық ойын: «Құрылысшының құралын тап?»

Мақсаты: Құрылысшының құралын ажырата білуін дамыту.

Ойынның шарты: Барлық құралдар арасынан құрылысшыға қажет құралды тауып айту.

Жарайсыңдар, балалар. Ал енді біз де құрылысшылар сияқты үй тұрғызып көреміз бе?

Дидактикалық ойын: «Әсем үйлер»

Үйді ең бірінші қандай қабатын (фундамен) тұрғызамыз?

Одан кейін төрт қабырғасын , ең соңында төбесін жабады.

Сергіту сәті:

Қолда алтын қалағым,

Зәулім үйлер саламын.

Ертең менде ел сүйген

Құрылысшы боламын.

Балалардың өзіндік жұмыстары.

Балалар үйді конструктордан, кубиктерден тұрғызады.

Балалар үйдің айналасын қолымызда бар табиғат материалдары, құрылыс материалдарынан жасалған заттармен безендірейік.

Жеке жұмыс: Амирхан сен қандай үй тұрғыздың?

Билингвалдық компонент: үлкен үй – большой дом

Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»

Мақсаты: Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Тез ойлау қабілеттерін жетілдіру.

3.Қорытынды/итоговая часть:

-Балалар құрылысшы дегеніміз кім?

-Құрылысшылар не салады?

Жарайсыңдар, балалар! Сендер құрылысшы ағайлар секілді үйді өте мықты, әдемі етіп жасадыңдар. Балаларды мадақтау.