| Мотивациялық- қозғаушылық | Балалар, бір сәт айналамызға қарап өзімізді таза ауада тұрғандай сезінейікші? Қарайықшы айналамыз қандай? - Осындай гүлдердің, талдардың көрікті болып өсуіне не қажет деп ойлайсыңдар? - Ендеше мен бір жұмбақ жасырайын. Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады - Ол не екен? - Дұрыс айтасыңдар. Серуенге шыққанда күнді көріп жүрміз. Күн қандай болады? | Балалар бір сәт айналада таза ауада тұрғандай сезінеді. Айналаға қарайды. Балалардың түрлі жауаптары. Күн Сары болады. |
| Ұйымдастырушы- лық - ізденістік | Я, балалар, күн ұясынан шығып таң атып келе жатқан уақытты «таңертең» деп атаймыз. Қане«таңертең деп қайталаймыз. - қараңдаршы, таң көкжиектен атып келе жатқан сияқты күн шығып келеді. (жартылай күн) - Балалар, күнді біз толығымен көріп тұрмыз ба? Күн қайда тұр? Күннің пішіні қандай екен? Ал жиегіндегі күннің шуағы қандай пішінге ұқсас? - Балалар күн аспанда нешеу екен? Ал бізге шашатын шуағы аз ба, әлде көп пе екен? Қимылдық ойын: «Түрлі-түсті автомобильдер» Шарты: балалар үш топқа бөлініп (қызыл,көк,жасыл), оларды түрлі шеңберге орналастырады. Олар машина жүргізушілер. Тәрбиеші қолына қағаздан жасалған бағдаршам көздері сынды картонды алады. Жасыл түсті дөңгелекті көтергенде, балалар бөлме ішінде бірін-бірі қақпай-соқпай машина болып гүрілдеп, әрлі-берлі қозғалады. Ал , қызыл картон дөңгелекті көтергенде машиналар тоқтайды.Сары түсті көрсеткенде айналасына қарап,жүруге дайындалады. Бұл қандай геометриялық фигура? -Алдарынан үшбұрышты тауып алыңдар. -Ал бұл қандай геометриялық фигура? -Алдарынан жатқан фигуралардың ішінен шеңберді тауып көрсетіндер. -Бұл қандай геометриялық фигура? -Енді шаршы тауып көрсетіндер. -Жарайсыңдар,балалар. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Біздер жолға шығайық. Ұзын,қысқа жолдарды Біліп біздер алайық. Оң жақта да, сол жақта да, Биік үйлер бар екен. Қостілділік компонент: Шеңбер-круг, үшбұрыш-треугольник,шаршы-квадрат. | Таңертен деп қайталайды. -иә -аспанда -домалақ -ұшбұрыш -біреу -көп Балалар ойын ойнауға кіріседі. -ұшбұрыш -шеңбер -шаршы Өлең жолдарын қайталап қимылдарын орындайды. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. |