СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мен анамның көмекшісімін

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мен анамның көмекшісімін»

Іздестіру-эксперименттік жұмысы бойынша конспекті жазу

Сабақ №2


Тақырыбы: «Суды зерттеу» Мақсаты: Су туралы мағлұмат беру, тәжірибе жасау арқылы судың қасиеттерімен таныстыру. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, қызығушылықтарын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.

Міндеттері

БМ: балаларға судың мөлдір болатынын,тіршілік үшін қажет екенін түсіндіру.

ДМ:су туралы жұмбақ шешу арқылы ойларын дамыту.

ТМ: табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу. Жабдықтар: су,сүт,стақан,қасық,бояу жағылған таяқшалар, жайпақ табақ. Су, құм, сүт, мұз, жалпақ табақ.

Сөздік жұмыс: сұйық,сусымалы 


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: Күндей жарқырап,айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап,

судай мөлдір, таза көңілмен бүгінгі күнді бастайық.

Жұмбақ жасыру: Жалт – жұлт еткен,

Жылғадан өткен

Бұл не?

( Су )

Аспаннан домалап,

Көп моншақ төгіл Бұл не?

(Жаңбыр)


Сабақтың негізгі бөлігі:


Тәрбиеші: Балалар,су тірі табиғатқа жата ма?

Балалар: Өлі табиғатқа жатады. Тәрбиеші:Енді балалар тәжірибе арқылы судың қасиеттерімен танысамыз.

I. Судың түсін ажырату. Судын түсі қандай болады?


1. – тәжірибе.

1 - стаканда су – қасық салу. Көріне ме?  -Көрінеді.(балалардың жауаптары)

2 - стаканда сүт – қасық салу. Көріне ме?

-Көрінбейді. (балалардың жауаптары)

II. Судың түсін өзгерту.

Әр балаға бояу жағылған қылқалам беру. Суды арластырады.

Тәрбиеші: Судың түсін өзгертуге бола ма?

-Болады. (балалардың жауаптары)

III. Тәжірибе.

Бұлардың ішінде су бар.

Судың пішіні қандай?

Тәрбиеші: Суды қандай ыдысқа құйсаң ыдыстың пішіні сондай болады.

-Стаканның пішіндей. (балалардың жауаптары)

Су – сұйық зат екен.

IV. Тәжірибе.

Яғни су – сұйық зат.

Осыны тексеріп көз жеткізейік.Суды жалпақ табаққа төгем, су жайлып кетті.

Сөздік жұмыс: сұйық,сусымалы 

V. Тәжірибе.

Мұз, жылы су, ыстық су, салқын су.

Мұзды алақанға салып еріту.

Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ бу шығады.

Су қайнағанда бу тамшыларына айналады.

Қостілділік компонент: су – вода-water,сусымалы – сыпучий-tree flowing, сұйық – жидкий-liquid. Балалар: қайталайды.

Ойын: «Күн мен жаңбыр» Ойын шарты: Балалар «Күн» дегенде қолдарын жоғары көтеріп,алақандарын ашады, «Жаңбыр жауды» дегенде отырып еденге саусақтарын тықылдатады.


Рефлексия:

Тәрбиеші: Балалар,біз бүгін немен таныстық,қайталайық.

Балалар: Өз ойларын айтып, тәжірибе жасағандарын бір-біріне қызығушылықпен бөліседі.