СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Математикалы? д?мхана"

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Внеклассное мероприятие "Математикалы? д?мхана" . Данное мероприятие проводилось на неделе общеобразовательных дисциплин в группе с казахским обучением. Цель данного мероприятия:- вызвать интерес к данному предмету;

- повторение и закрепление пройденных материалов на тему "Функция ж?не оны? ?асиеттері", экстремумдары

Просмотр содержимого документа
«"Математикалы? д?мхана"»

«Уәлиханов ауыл шаруашылық колледжі» КММ

КГУ «Уалихановский сельскохозяйственный колледж »














«Математикалық дәмхана»

іс-шара













Оқытушы: А.А. Сыздыкова















Кішкенекөл а.

2015ж



Тақырыбы: Математикалық дәмхана (презентациясымен)
Мақсаты: а) студенттердің білімге деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылықтарын ояту;
ә) оқушылардың математикалық ой - өрісін дамыту;
б) оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі: ойын тақырыбына байланысты плакаттар, үлестірмелі карточкалар.
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.

Сайыс барысы:
І. Ұйымдастыру: сайыс барысымен таныстыру.
ІІ. Негізгі кезең: топтарды таныстыру, әділ қазыларды анықтау, сайыс тапсырмаларын өткізу.
ІІІ. Қорытынды: жеңімпаздарды анықтау және марапаттау.

Өткізу барысы:
1. Кіріспе.
Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдынында сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқамайды қуаныш пен шаттығың

Ерте кездің өзінде математиа ға көп көңіл аударған. Афинада Платон мектепті салғаннан кейін кірер алдында бір жазуды орналастырған. Ол қандай жазу?


«Егеменді ел тірегі – оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді» деген тақырыпқа өткізіліп отырған «Математикалық дәмханаға» қош келдіңіздер! Осы дәмхананың ашылуына орай арнайы шақырылған меймандарымыз бар, соларды қарсы алайық.
Бұл дәмхананың ерекшелігі – мұнда математиканың жанашырлары өз білімдерімен сынасады. Дәмхана қызметкерлері ас мәзірі ретінде түрлі математикалық тапсырмалар ұсынады. Әрбір ұсынылған ас мәзіріне сіздердің төлейтін ақшаларыңыз – берілген тапсырмаларды орындау. Әр тапсырма жеңіл - қиындығына қарай ұпай санымен бағаланады. Ұсынылған тағамдардың бағасын есептеп отыратын дәмхананың әкімшілік және есептеу қызметкерлерімен таныс болыңыздар. Олар: (әділ қазылармен таныстыру)
Бас есепші – Маштиева Г.К.
Есептеуші қызметкерлер: Сыздыкова К.К және Уажанова Ж.Е

Сондай – ақ бұл кафеде математиканы сүйіп оқитын, оның қыр – сырын меңгеруге құлшынысы бар барлық математика жанкүйерлеріне де орын бар. Сіздер біздің дәмхананың таңсық тағамдарына тамсанып уақыттарыңызды қызықты да мазмұнды өткізесіздер деп сенім білдіремін.

Енді бүгінгі қонақтарға арнайы дайындалған ас мәзірімен таныстырайын:
Сайыс кезеңдері:
1 - тағам. Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – қуырдақ.
2 – тағам. «Кім үлгерді,сол жеп қойды» қаймағы қосылған «Скороспел» борщы.
3 – тағам. «Біздің үстелден, сіздің үстеліңізге»
4 – тағам. Көңіл мен ойдан және «Ашы дәмдеуіштері қосылған логикалық тапқыштықтан жасалған- Рагу»
5 – тағам. Асқазан ушін ауыстырылмайтын-Мезим дәрісі

Құрметті кафе қонақтары! Сіздер қандай қонақ екендеріңізді, қандай тілде сөйлейтіндеріңізді білгіміз келеді. Ендеше, өздеріңді таныстырып өтсеңіздер! (әр топ өздерін таныстырады)
Ал, енді, құрметті көрермендер! Нақты сайысымызды бастайық!

1 - тағам. Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – қуырдақ. Әр топқа кезек-кезектен сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Әр топ қарсыласы дұрыс жауап берілмеген кезде, жауап беруге мүмкіндігі бар.
1. Мэридің әкесінде 5 қызы бар: Чача, Чече, Чичи, Чочо. 5-ші қызының есімі кім? (Мэри)

2. Сөзде, өсімдік те және теңдеуде не бар? (түбір)

3. Қандай геометриялық фигура, балаларды жазалау үшін қолданылады? (бұрыш)

4. Қандай геометриялық фигура күнмен дос? (Сәуле)

5. Египттен келген көпжақ. (пирамида)

6. Географиялық шар. (Глобус)

7. Қызбен балықтың ортаңғы арифметикалық атаңдар? (Су перісі)


2 – тағам. «Скороспел» борщы (Слайд)

Топтарға слайд арқылы сұрақтар беріледі. Олардың міндеті жылдам жауап беру. Ең бірінші болып қол көтерген топ жауап береді. 1 ұпаймен саналады.



3 – тағам. «Біздің үстелден, сіздің үстелге»

Менің естуімше, біздің топтар өздері дайындап әкелген тағамдарын көрсетуге дайын. Сонымен келесі сайсымыз «Біздің үстелден, сіздің үстелге». Бұл үй жұмысы 5 ұпаймен бағаланады.


4 – тағам. Келесі сіздерге ұсынатыным «көңіл мен ойдан және ашы дәмдеуштері қосылған логикалық тапқыштықтан жасалған»-рагу

1-тапсырма. Берілген әріптерден сөз құру. Бұл сөздер математикалық терминге байланысты болсын. Әр тапқан сөзге 1 ұпай. (Функция, синус,радиус)

2, 3,4-тапсырмалар. Дұрыс жауапқа 1 ұпай. (Өрік, метр, Атос)


5 – тағам. Іштері ауырғандарға, көп жеп қойғандарға біз келесі қимылдардан тұратын тапсырмамыз- Мезим ұсынамыз.

Берілген математикалық сөздерді, заттарды пантомима арқылы көрсетініздер.

1-топ-өшіргіш

2-топ- циркуль

3-топ-қалам

Олай болса, бүгінгі математикалық дәмханадан өздеріңізге дайындаған ас мәзірлері алдарыңызға тартылды. Ендігі кезек ішілген тағамдардың бағасын есептеуге де келіп жетті. Біздің есептеу бөлімінің қызметкерлері қай топтың ас мәзірін қаншалықты көп таңдағанын анықтайды.
Оған дейін:


Білім деген - биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген – ақылшың,
Қиындықтан өткізер.


Бүгінгі дәмхана қонақтары, сіздерге әрқашан да білімдерің ақылшы да серік бола берсін. Білімнің биік шыңына талмай, шаршамай жете беріңдер деп қорытындылағым келіп тұр.
Сау болыңыздар!
























1 - есеп. Ағасында 2 кәмпит, ал інісінде 12 кәмпит бар. Ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттік орнап, олардың кәмпиттерінің саны теңеседі? (5)
2 - есеп. Үйде 12 шәшке мен 9 табақша бар еді. Кішкентай Камшат анасына көмектеспекші болып ыдыстарды жуғанда шәшкелердің жартысы мен 7 табақшаны сындырып алды. Неше шәшке табақшасыз қалды? (4)
3 - есеп. «Қасқыр мен түлкі».
Бір күні қасқыр мен түлкі тегін балыққа кез болады. Қасқыр түлкіге: «Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл»,- дейді. Сонда түлкі: «Саған біреу, маған екеу, саған оған үшеу, маған төртеу, т. с. с. ең соңында 20 балықты өзі алады». Қайсысы көп алды және қанша артық алды? (Түлкі 110, қасқыр 100 балық алды).
4 - есеп. «Қу түлкі».
Шал көп балық аулап, көңілденіп, әндетіп келе жатып, жолда өліп жатқан түлкіні көреді. «Кемпіріме жаға болды»,- деп қуанған шал түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 - минутта 2 балық, т. с. с. әр лақтырған сайын алдыңғы лақтырғаннан 2 есе көп балық лақтырып отырады. 5 минутта барлығы неше балық лақтырған? (31)


- Балаларды жазалау үшін қолданылатын геометриялық фигура.
- 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?
- Төртінші артығын тап: қосынды, айырма, бөлінгіш, көбейтінді.
- Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр. Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда болды? (15)
- Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп, 5 - ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады. 3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті, бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды. Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? (12)

7 - тағам. Біздің дәмхана аспазшылары арнайы даярлаған «Мерекелік торт» ұсынылады.
Тапсырма: Әр бөлікте бір ғана гүл болатындай етіп 3 рет кесу керек.
Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озық келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады қапылыста.
Олай болса, бүгінгі математикалық дәмханадан өздеріңізге дайындаған ас мәзірлері алдарыңызға тартылды. Ендігі кезек ішілген тағамдардың бағасын есептеуге де келіп жетті. Біздің есептеу бөлімінің қызметкерлері қай топтың ас мәзірін қаншалықты көп таңдағанын анықтайды.
Оған дейін:
Шыңымыз биік болар білім қусақ,
Әлі де үйренеміз аман болсақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме,
Жадыратар жанымыз күй тыңдасақ.. (Рүстемнің орындауында күй тыңдалады)
(марапаттау)

Білім деген - биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген – ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Бүгінгі дәмхана қонақтары, сіздерге әрқашан да білімдерің ақылшы да серік бола берсін. Білімнің биік шыңына талмай, шаршамай жете беріңдер деп қорытындылағым келіп тұр.

Бүгін сіздермен бірге болып, арнайы ас мәзірін дайындаған бас аспазшы:
Сау болыңыздар!











«Тақ функция»

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу –
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты

«Жұп функция»


Асып - тасып саспайтын,
Батыл қадам бастайтын.
Еркін айтып ойларын,
Жарыстан еш қашпайтын