Дәріс № 1.Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті.
Жоспар:
Пәннің мазмұны, басқа пәндермен байланысы.
Есептеуіш техника мен бағдарламалық қамтамасыздандырудың дамуына қысқаша тарихи мағлұмат
ДЭЕМ буыны
1.Пәннің мазмұны, басқа пәндермен байланысы.
Материалтану үрдістердің әр қилылығына байланысты мынандай технологияға жіктеледі:
- ақпаратты жинау;
- ақпаратты жеткізу;
- ақпаратгы өндеу;
- ақпаратгы жинақтау;
- ақпаратты сақтау;
- ақпаратты ұсыну;
- ақпаратты паидалану;
- ақпаратты қорғау.
Нақты технологияны жүзеге асыру үшін мынадарды орындау қажет:
- ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың кешені;
- техникалықкешенмен басқару құралдарының жүйесі;
- техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын байданыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің әр түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік ақпараттық технологияны ұғынамыз.
2.Есептеуіш техника мен бағдарламалық қамтамасыздандырудың дамуына қысқаша тарихи мағлұмат
Есептеуіш техникасының пайда болуы, сандарды қосу операциясын машинаның көмегімен орындау идеясынан басталады. Бұл идеяны жүзеге асыруға тырысқаны туралы бізге жеткен алғашқы еңбек Леонардо до Винчиге тиесілі. Оның еңбектерінде санау және сандарды сүйек, тас арқылы есептеулер, есептеу техникасының қажеттігі туралы ойлар кездеседі. Ол бұдан шамамен 1500 жылдай бұрын көп таңбалы сандардың қосындысын табатын құрылғының сұлбасын жасаған.
1.1-сурет. Леонардо до Винчидің санауыш құрылғысының моделі
Ч. Бэббидж машинаның құрамды бөліктерін төмендегідей сипаттап көрсетті:
1) сандарды сақтауға қажет «қойма» (қазіргі кездегі оны «есте сақтау құрылғылары»);
2) арифметикалық амалдарды орындауға арналған «арифметикалық құрылғы» (қазіргі «процессор»);
3) операциялардың орындалу тәртібін басқаратын құрылғы (қазіргі «басқару құрылғылары»);
4) мәліметтерді енгізу және шығару құрылғылары.
3. Дербес компьютер
Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.
Дисплей (монитор) – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.
Пернетақта – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.
Тышқан, кейде тінтуір – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқанның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.
Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.
Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.
Компьютер зияны
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.