СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мамандықтың бәрі жақсы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбиелік:.Үлкендердің еңбектеріне деген қызығушылыққа, еңбекшілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайтуды жалғастыру, ой қиялын дамыту

Оқыту: Балаларды дәрігердің еңбегімен таныстыру

Просмотр содержимого документа
««Мамандықтың бәрі жақсы»»




Ортаңғы «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

конспектісі

Өткізу күні: 19.02.2018

Тәрбиеші: Исмакова Б.С

Білім беру саласы: Коммуникация»

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Тақырыбы: «Бізде дәрігер қонақта»

Мақсаттары:

Тәрбиелік:.Үлкендердің еңбектеріне деген қызығушылыққа, еңбекшілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын молайтуды жалғастыру, ой қиялын дамыту

Оқыту: Балаларды дәрігердің еңбегімен таныстыру

Педогогикалық технлоогиялар: сұрақ-жауап, түсіндіру

Ресурстармен қамтамасыз ету: дәргер бөлмесіне керекті заттар, суреттер.
Билингвалдық компонент: дәрігер-врач

мақта-вата

дәке-бинт

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық ізденушілік

Балалар қараңдаршы бізге кім келген?

Қуыршақ келген

Ол неге мұңайп жүр, не болды екен?

Жылап жүр ғой

Оған кім көмектеседі не істейміз? Біздің қолымыздан келе ме?

Жоқ, келмейді

Әлде кімнен көмек сұраймыз?

Дәрігер көмектеседі

Дәрігерден көмек сұраймыз

Дұрыс айтасыңдар балалар, мен сендердің жауаптарыңа ризамын. Ендеше біз бүгінгі іс-әрекетімізде дәрігерді қонаққа шақырамыз. Және мына әдемі қуыршақты емдейміз. Өте жақсы балалар, рахмет сендерге.

Балалар айтыңдаршы біздің балабақшада дәрігер бар ма? Ол кісі не істейді?

Бізді қарайды

Біз Татяна Владимировнаға неге барамыз?

Ауырған кезде барамыз

Татяна Владимировна-мейірбике. Ол-балалар ауырып қалған кезде алғашқы көмекті көрсетеді.

Балалар енді бері қараңдаршы суретте не көріп тұрсыңдар?

Кімдерді көріп тұрсыңдар?

Дәрігерге керекті құралдар.

Бұлар неге керек деп ойлайсыңдар?

Адамдарды емдеу үшін керек.

Қане балалар барлығымыз орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық

Сергіту сәті

Дәрігер жайлы толық білгілерің келе ме?

Ендеше, біз Татяна Владимировнаны шақырайық

Қанекей келген қонақпен амандасайықшы.

Балалар орындарынан тұрып, келген қонақпен амандасады.

Дәрігер:

-Жарайды, ендеше мен сендерге таныстырайын.

-Ал мынау балалар қызу көтерілгенде өлшейтін градусник.

-Ал мынау дәрілер әр-түрлі.

-Сендер оны ауырғанда жейсіңдер ме?

-Ал мынау дәрумендер, оларды уақытымен дәрігердің рұқсатымен жеуге болады.

Ол өте пайдалы.

Ж/М/ ойын «Аурухана?».

Мақсаты:жедел-жәрдем көрсете білуге үйрету.

-Балалар кімнің анасы дәрігер?

Рефлексиялық түзетушілік

Сабақты қорытындылау.

-Біз не білдік?

-Бізге кім келді?

Сендерге бүгінгі іс әрекет ұнады ма?






























Ортаңғы «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

конспектісі

Өткізу күні: 16.02.2018

Тәрбиеші: Исмакова Б.С

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Электроника әлемі»

Тақырыбы: «Күн сәулесі және біз»

Мақсаттары:

Тәрбиелік:. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Күн сәулесі ережесімен таныстыру. Балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Оқыту: Күн сәулесінен жылы және жарық, адамның денсаулығы күн сәулесіне байланысты екенін түсіндіру.

Педогогикалық технлоогиялар: сұрақ-жауап, түсіндіру

Ресурстармен қамтамасыз ету: Күн сәулесінің суреті, суреттер.
Билингвалдық компонент: Күн-солнце

Сары -желтый

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық ізденушілік

Тәрбиеші: Балалар, мен сенлерге жұмбақ жасырайын.

Таңмен көзін ашады 
Әлемге нұрын шашады 

Балалар жұмбақты шешеді

Балалар, сендер күнді сүйесіңдер ме? Күн қай уақытта оянады: таңертең бе алде кешкісін бе?

Ия, күн өзінің жылы сәулесімен таң атқанда оянады. Күн өз сәулесімен жер бетіне өз жылуын шашып, кеш батқанда өз еліне демалуға кетеді.

Ал, балалар күн-дегеніміз не?

Балалар: Күн - ол үлкен дөңгелек шар.

Тәрбиеші:Күннің түсі қандай?

Балалар: Сары түсте.

Тәрбиеші: Қане балалар, бір сәт тыныштық сақтап, өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік.

Мейірімді күн шуағы, көгілдір көлге шағылысып жалт-жұлт етеді. Енді сендер суға шомылып, ыстықтағандарыңды бастыңдар. Қандай рахат, көңіліміз жайланып көтеріліп қалды. Енді осы елестеткен ойлаған ойларың мен бөлісейік.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Тәрбиеші: Балалар, енді біз өз алақандарымызбен күн сәулелерінің суретін салайық...

Ойын:«Мен күннен үйренемін» Балалар, күн сәулесі арқылы қандай жылы сөздерді білесіңдер?

Күннің сәулелері арқылы балалар, күннің жылы сөздерін айтып жапсыру.

  • Мен күннен мейрімділікті үйрендім.

  • Мен күннен жылулықты сезіндім.

  • Күннің сәулесі анамның жылуындай.

  • Күннің шуағынан нәр аламын

  • Күн бізге жарық пен жылу береді

  • Күннен күлуді үйрендім

  • Күн табиғатты жандандырады

Тәрбиеші:Балалар, Күн – табиғаттың бөлшегі.

Күн мен табиғат үндестікте өмір сүреді.

Қорытынды:-Табиғаттың тазалығын сақтасақ, қорғасақ өз денсаулығымызды сақтағанымыз екенін білдік. Күннің шуағы адам денсаулығына пайдалы екенін білдік. Күн тіршілік көзі. Күнсіз жер бетінде тіршілік болмайтынын ұғындық.