Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности во второй младшей группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас. Коммуникация
Пән/Предмет: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Тақырыбы/Тема: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Әр түрлі мамандық түрлеріне қызығушылығын тудыру және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдету.
3.Оқыту – обучающая: Әр түрлі мамандық түрлері туралы түсінік беру. Мамандық иелерінің қызметі және олардың еңбегімен таныстыра отырып, олардың маңыздылығы туралы білім беру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: мамандық иелерінің суреттері, құрал - жабдықтары, суреттер.
Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: мамандық-профессия, аспаз-повар, мұғалім-учитель, дәрігер-доктор, құрылысшы-строитель, сатушы – продавец,
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Ғажайып сәт: Балалар біз бүгін «Мамандық әлеміне» саяхатқа барамыз. Сендер дайынсыңдар ма?
Тәрбиеші:-Балалар, саяхатқа бару үшін бізге не қажет? (көлік)
Қандай көлікпен баруға болады? (автобус, пойыз, велосипед, ұшақ, қайық, кеме т.б)
Ал біз бүгін саяхатқа автобуспен барамыз, автобус жолдың арғы жағында тұр, оған жету үшін біз жолдан өтеміз. Жол ережесін білесіңдер ме? Жол ережесін сақтау және тәртіпті бұзбау. Қай мамандық осыны қадағалайды? Бізге көмекке полиция келеді.
Тәрбиеші: -Балалар, полиция болу үшін қандай болу керек? Мықты, әділ, білімді т.б.
Міне біз мамандықтар әлеміне де жетіп қалдық.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Слайдтан мамандық иелерін көрсету арқылы балалардан сұрақ- жауап.
Алдымызда дүкен тұр, онда кім қызмет атқарады екен? (сатушы)
Сатушы мамандығы туралы не білеміз?
Жеке жұмыс: Амира сатушының құрал – жабдықтарын атай қойшы.
Билингвалдық компонент: сатушы - продавец
Алдымызда аурухана тұр, онда кім істейді екен? (дәрігер)
Дәрігер мамандығы қандай?
Дәрігер адамдарды емдейді, укол салып жазады.
Билингвалдық компонент: дәрігер-доктор
Жеке жұмыс: Самрат дәрігерге қандай құрал – жабдықтар қажет?
Кірпіштен сарай, үй салады,
Ол адам кім болады?(Құрылысшы)
Билингвалдық компонент: құрылысшы-строитель.
Дұрыс балалар бұл құрылыс, ал мында жұмыс атқарып жатқан адамдар құрылысшылар. Бұл мамандық туралы не білеміз?
Сергіту сәтін жасайық.
Ұшқыш болып ұшайық,
Тігіншіге ұқсайық.
Дөңгелен би билеп,
Бишіге біз ұқсайық.
Жұмбақ жасыру:
Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын.
Бұл қандай мамандық екен? (Шаштаразшы)
Алдымызда шаштараз тұр екен.
Тәрбиеші:- Шашатараз мамандығы туралы не білеміз?
Балалар, қандай керемет иіс тамақтың иісі, бұл не екен? (асхана).
Жеке жұмыс: Бағлан асханада қай мамандық иесі жұмыс атқарады екен? (аспазшы) Аспазшы мамандығы жайлы не білеміз?
Бұл тігінші. Тігінші адамдарға әдімі етіп киім тігіп береді сондықтан біз үнемі әдемі болып жүреміз.
Бұл мұғалім. Мұғалім бізге білім береді. Ол үлкен маман иесі болуымызға көмектеседі.
Міне балалар бұларды біз «мамандық иелері» деп айтамыз.
Дыбыстық жаттығу:
Ші-ші-ші- тәрбиеші
Ші-ші-ші-жүргізуші
Шы-шы-шы- аспазшы
Шы-шы-шы-құрылысшы
Шы-шы-шы-сатушы
Балалар бұл мамандық иелерінің атқаратын қызметтеріне қарай құрал жабдықтары да әр түрлі болады.
Дидактикалық ойын: «Мамандық иелерінің құралдары»
Шарты: Әр мамандық иесіне тән құралды тауып, орналастыру.
Мамандық иелеріне қажетті құралдарды слайд арқылы көрсету.
Д/о : «Кім болам?»
Балалар болашақта кім болғыларың келеді, сол мамандықты алып, әңгімелеп беріңдер.
3.Қорытынды/итоговая часть:
- Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен. Осыны еш ұмытпаңдар.
-Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
- Не білдік, не үйрендік?
Бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар, рахмет сендерге.
Балаларды мадақтау.