| І кезең- мотвациялық- қозғаушы | -Сәлеметсіздер ме балалар! Суретен жұмыс: Сурет бойынша әңгімеле. 1.Сөздікен жұмыс. Бүгін сендермен жаңа сөздер үйрендік. Қане, қайталайықшы. -Тоқты -Қос -Бұлақ -Жұрт. | -Сәлеметсіз бе апай! Суретке қарап, өз сөздерімен әңгімелейді. -Тоқты -Қос -Бұлақ -Жұрт. |
| ІІ кезең-ұйымдастырушылық- ізденушілік | Кіріспе әңгіме: Балалар, үй жануарларына не жатады? Жақсы, жарайсыңдар! Воскобович ойыны: «Ларчик кілемшесі» арқылы Жануарларды төлдерімен табыстыру Ендеше сендерге үй жануарларының бірі лақ туралы «Ақылды лақ» ертегісін аудио ертегісінен тыңдатайын. Сұрақ-жауап арқылы ертегі мазмұнын не жайлы екенін білу. -Ертегі қалай аталады? -Ертегі ұнады ма? -Ел көшкенде қандай төлдер қалып қойды. -Олар не істеді. Сергіту сәті: Ән Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың. Бұлтиып тұр бүйірін, Қай өрістен тойдың. Секең-секең, ей лақ, Жүрмін саған кейіп-ақ, Тыным тапсаң болмай ма? Секірмей-ақ кей уақ? Ботақаны нардың, Жарға неге бардың? Тілерсігің дірілдеп, Секіре алмай қалдың. Жарайсыңдар, қандай алғыр балалар. «Ақылды лақ» ертегісінің мазмұнын кім айтады. Кім түсінді. Бейбарыс бізге тақпақ айтып береді. -Бұл тақпақты қандай жануардың төліне айтамыз? Қандай ақылды балаларсындар, жарайсыңдар. | Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі Жануарлардың төлдерін тауып береді Балалар, таң қалып, мұқият тыңдайды. «Ақылды лақ» Ұнады. Лақ, бұзау, тоқты. Дос болды. Өздеріне қос жасады. Балалар сергіту сәтін қимылмен жасайды. - Амина, Ақжан айтады. Шөре, шөре лағым, Тентек болма, шырағым. Секендемей деміңді ал, Селтеңдемей құлағың, |
| ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші | -Сендермен қандай жаңа сөздер үйрендік. -Балалар бүгін сендермен қандай ертегі тыңдадық? -Қане бәріміз бірге ақылды лаққа арнап тақпақ айты берейік. -Жарайсыңдар -Сендерге бүгінгі ұйымдасқан оқу іс-әрекеті ұнады ма? -Сау болыңдар балалар! -До свидания дети! -Good bye children! Ұйымдасқан оқу-іс-әрекетке жақсы қатысқан балаларды мадақтау. | -Тоқты -Қос -Бұлақ -Жұрт. -«Ақылды лақ» ертегісін Шөре-шөре, шөлдедің бе, лағым, Сонша неге елендейді құлағың? Қойшы, лағым, әлде қарнын ашты ма? Сен жыласаң, менің келер жылағым. -Ұнады. -Сау болыңыз апай! -До свидания Айнура Оразбеквна! -Good bye teacher |