Тәрбиеші: Ахатова А.Қ. Пән: «ҚМҰҚ»
Тақырыбы: «Қызыл телпекке көмек »
Мақсаты: Білімділік: Сандарды тура және кері атауға үйрету. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс ажыратуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Балаларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау барысында бірлесіп шешім қабылдауды қалыптастыру.
Тәрбиелік: Балалардың бойында мейірімділік, достық сезімдерін тәрбиелеу.
Педагогикалық технологиялар:Түсіндіру әдісі , сұрақ-жауап әдісі ,көрсету.
Ресустармен қамтамасыз ету: Геометриялық пішіндер, сандар ,суреттер
Билингвалдық компанент: Сандар – цифры, пошташы-почтальон, қызыл телпек – красная шапочка , қасқыр – волк, бәліш- пирожки
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырылған кезең:
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Себебі бізге көптеген апайлар келіпті. Олай болса қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылсын.
Құтты қонақ келіпті.
Төрімізге еніпті.
Сәлеметсіздер ме, апайлар.
- Балалар, сендерге аналарың бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыссын деп көтеріңкі көңіл - күй сыйлап кетті. Сендер де аналарыңды қуантып, бүгінгі сабаққа белсенді қатысыңдар жақсы ма?
Ғажайып сәт:
Балалар тыңдайықшы біреу есік қағып тұр.
Бұл кім болды екен?
Салеметсіңдер ме, балалар?
Мен сендерге сәлемдеме алып келдім. Бұл сәлемдеме Қызыл телпектен. (Қызыл телпектің хаты)
2.Негізгі бөлім:
- Балалар ертегі кейіпкеріне көмектесеміз бе
- Ия
Бірінші бәлішті табу үшін, мына жұмбақты шешу керек .
1-Жұмбақ: Ағайынды бәрі:
Шықса-көк,
Түссе-сары. (Жапырақтар)
Тәрбиеші: Олай болса жапырақтар арасынан біз бәлішті іздеп көрейікші.
( жапырақ арасынан бәлішті табады.)
-Балалар біз жұмбақты шештік , бәлішті таптық енді, бәліштің артындағы тапсырмасын орындап көрейік. Тапсырмамыз 1-5ке дейін тура және кері санау, және ағылшын орыс тілдерінде қайталау.
-Жарайсыңдар балалар сіздер тапсырманы жақсы орындадыңдар,бәлішті себетке салайық.
-Балалар себетте неше бәліш болды?
- Енді екінші бәлішті табу үшін, біз тағы жұмбақ шешуіміз керек екен.
2-Жұмбақ:
Қабат –қабат қаттама
Ақылын болса аттама
(Кітап)
Балалар жұмбақтың шешуін тауып,кітаптардың арасынан бәлішті табады
Балалар біз жұмбақты шештік , бәлішті таптық енді, бәліштің артындағы тапсырмасын орындап көрейік.
«Дьенеш» блоктарымен суреттерді құрастырайық
-Жарайсыңдар, балалар сіздер бұл тапсырманыда жақсы орындадыңдар,бәлішті себетке салайық.
-Балалар себетте неше бәліш болды?
-Енді келесі бәлішті табу үшін біз тағыда жұмбақты шешуіміз қажет.
3-Тақпақ:
Ойыншықтарым көп менің,
Бәрін жақсы көремін.
Кешке дейін жалықпай,
Бірге ойнап жүремін.
Балалар бұл тақпақта не туралы айтылып тұр.дұрыс айтасыңдар ойыншық.
Тәрбиеші: Олай болса ойыншықтардың арасынан біз бәлішті іздеп көрейікші.
( ойыншықтардың арасынан бәлішті табады.)
-Балалар біз жұмбақты шештік , бәлішті таптық енді, бәліштің артындағы тапсырмасын орындап көрейік. «Адасқан цифрлар»
Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
шарты: Тәрбиеші 2, 4, 3 цифрлары жазылған кішкентай үйшіктер. карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атап, рет-ретімен қою.
-Жарайсыңдар балалар сіздер тапсырманы жақсы орындадыңдар,бәлішті себетке салайық.
-Балалар себетте неше бәліш болды?
- Енді келесі бәлішті табу үшін, біз мына сұрақтарға жауап беруіміз қажет .
4-Сұрақ -жауап:
-Балалр қараңдаршы мында не көріп тұрмыз.( қасық, кесе, пышақ, шанышқы , тәрелке)
Дұрыс балалар біз бұлардың бәрін бір сөзбен не деп айтамыз.
(Ыдыстар)
-Ендеше балалар осы ыдыстардың арасынан бәлішті іздеп көрейікші , мүмкін зұлым қасқыр осында тығып қойған болар.
Жарайсындар балалар,біз бәлішті таптық , бұл бәліштегі тапсырмада Зұлым қасқыр сендердің билеріңді көргісі келеді екен, шаршаған боларсыңдар келіңдер бәріміз сергіту сәтің орындайық
Қолдарым менің алда
Апарам оны артқа
Әкелем оны алға
Былай , былай селт жаса
Би билейміз көңілденіп
Айналамыз дөңгеленіп
Қолымызды қатты соғамыз
1,2,3,4,5
Буги , буги ОК!
Балалар ұнадыма сендерге?
Келесі ттапсырманы тезірек орындап бәлішті тауып алайық.
5-Суретпен жұмыс.
-Балалар мына суреттерде не көріп тұрсыңдар .
-Дұрыс айтасыңдар , бұл жыл мезгілдері. (жеке –жеке жыл мезгілдерін атап шығады.)
-Қараңдаршы балалар мына суреттердің арасында біздің іздеген бәліш жатыр екен. Бұл бәліштегі тапсырманы көрейік.
-Балалар бізге «Ғажайып қалта» ойының ойнауды ұсынып тұр . Мен қалтадан пішіндерді аламын сендер пішіндерді атап түстерін айтасыңдар.
Жарайсыңдар балалар кәне бәліштерді тура және кері санайықшы санайықшы бізде неше бәліш болды?
Қорытынды :
Балалар біз Қызыл телпектің бәліштерін жинап себетке салып қойдық. Енді осы бәліштерді поштамен Қызыл телпекке жіберейік.
-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Ол бізге не әкелді?
-Біз кімге көмектестік?
«Қостанай қаласы әкімдігінің
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№11 бөбекжай-бақшасы»
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Ашық сабақ
Білім беру саласы: «Таным» ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Қызыл телпекке көмек»
Өткізген : Ахатова А.Қ.
2018 оқу жылы