| Ұйымдастыру іздену | Анасы, Айсұлу және Ілияс дүкенге баруға жиналды. Анасы балаларға ақшаның қандай болатындығын көрсетті. Ақшалар қағаз және монета түрінде болатындығын айту. Әрбір монеталардың (1 теңге,2 теңге, 5 теңге, 10 теңге, 50 теңге, 100теңге) құндылығы , берілген монетаның (1 теңгеден басқа) басқа қандай монеталардан тұратынын балалармен бірге қарастыру. Сол жақтағы ақшаның қосындысын есептеп, оң жақтағы дөңгелектің ішіне жазу керек. Тақта ортасынан екіге бөлінеді. Бір бөлігіне Ілиястың сатып алған заттары мен ақшалары ілінеді. Әр заттың бағасы жазылған. Ілиястың монеталары: 5,2,2,5,1,1,1,1,1 Бағалары: Доп-4; машина – 5; краска- 3; конструктор-5. Балалар әр сатып алынған заттың астына монеталар қояды. -Оның ақшасы қалды ма? (балаларға қайтарылатын ақша туралы түсіндіру) Айсұлудың монеталары: 5,2,1,5,1,1,1,1,1 Бағалары: Қуыршақ -10; кітап- 3;сақина-2;айна-2. -Оның қанша ақшасы қалды? - Балалардың қайсысының ақшасы көп қалды?- неше артық? Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Қолды алға созайық. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Жоғары- төмен қарайық, Орнымызды табайық. Сендердің де дүкеннен заттар сатып алғыларын келе ме? Сендерде ақша бар. Оған не сатып алуға болатының ойланыңдар. Таңдап болсаңдар, сатып алған заттарынды қажетті монетамен сызық арқылы қосыңдар. Кім бір зат сатып алды? Ол неше тұрады? Кім екі зат сатып алды? Сенде ақша қалды ма? Егер қалса сол цифрды шаршының ішіне жаз. «Әжей немерелеріне екі шапка, екі шарф және төрт қолғап сатып алды. Әжейдің неше немересі бар?» «Санжар шляпаны неге сатып алды?» (ақшаға) | Әр сатып алынған заттың астына балалар тиісті монетаны қояды. |