СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Күзгі кілем» (Сәндік)

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Күз туралы түсініктерін кеңейту  балаларға күзгі жапырақтарды жапсыруға үйрету.

Просмотр содержимого документа
««Күзгі кілем» (Сәндік)»

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 05.10.2018 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Шығармашылық

Пән: Аппликация

Өтпелі тақырып: «Менің отбасым, ата-аналар еңбегі»

Топ: ересек топ

Тақырып: «Күзгі кілем» (Сәндік)

Мақсаттары:

Тәрбиелік:. Жыл мезгіліндегі өзгерістер туралы түсінігін кеңейту

Дамытушылық: Ұлттық өнердің желісімен түрлі қағазда геометриялық

элементтерден өрнектер құрастыра білуге үйрету

Оқыту: Балалардың іскерлік дағдыларын қалыптастыру.Қию жолдарын түсіндіру.

Педогогикалық технологиялар: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме құрастыру , СТО технологиясы 

Ресурстармен қамтамасыз ету: :шынайы жапырақ, суреттер, ақ қағаз, әліппе дәптер.

Билингвалдық компонент: күз-осень, жапырақ-листья.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

-Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

-Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

-Балалар, бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіңдіңдер?

-Жылылық, қуаныш т.б.

Негізгі бөлім: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, табасыңдарма?

Ағайынды бәріміз,

Шықса жасыл

Түссе сары боламыз.

Өте дұрыс екен жапырақ ағашта тұрса жасыл болады , ал қазір ағашта жасыл жапырақ барма?

Ал ендеше күз туралы тақпақ орындап жіберейікші

Ендеше алдарыңдағы суретке қарап, күзгі жапырақ қиып , жапсырамыз.

Балалар қолымызға жаттығу жасап жіберейік.

Дидактикалық ойын «не артық?»ойын шарты : суреттегі заттардың арасынан артық заттытабу, бір сөзбен аталатын атауын табу.

Қорытынды: Балалар сендер нені қиып жапсырдыңдар?

Күзгі жапырақтың түсі қандай болады екен?

Балалардың еңбегін мадақтау

Көрме жасау