| Мотивациялық - шығармашылық | Зал іші күз мезгілі бейнелейтін суреттермен безендіріледі. Жетекші: Ай, жапырақ, сары алтын, айналамның бәрі алтын. Қуандырып біздерді Сары алтын күз келді! Балалар, күз мезгілі сендерге ұнай ма? Бәріміз күзгі баққа серуенге барайық. «Қазақ маршы» А.Затаевичтің ойналып, балаларға шеңбер бойымен жүруді ұсынады. | Балалар залға кіріп, күзгі көріністі тамашалап қызықтайды. Балалар жауап береді. Қуана келісіп, қатарласып, марш екпінімен жүреді. |
| Ұйымдастыру- шылық- ізденістік | Алма, пісіп, алмұрт түсіп, Күзде бақтар жайнайды. Құстар қайтып, қош айтысып, Қимас үнмен сайрайды. – Күзгі баққа да келдік! Бақ іші қандай тамаша! Сары түске боялыпты! Жұмбақ шешіңдерші. Көктемде ақ гүл оранады, Күзде қолға доп оралады (алма) Бұл не? Ағылшын тілінде алма cөзін айтқызып үйретеді - aplle. Орыс тілінде - яблоко. Күзде піскен алмаларды жинап алайық, көңілді әуенмен би билейік (қимылдарын қайталатқызады). Сызба бойынша балаларға талдау жасатып, «Күз келді» әннің әуеніне жаңа би қимылдарын орындатқызады. Күз мезгілінде бақтардың әдемілігіне қызыққаң танымал суретшілердің салған туындыларын тамашалайық. (Слайд көрсетіледі). - Кезекті күздің берер жемістері мен қөқіністер туралы тақпақтарға берейік. Тыңдау: Балалар, мен сендерді ұлттық айтыс өнерімен таныстырғым келеді. Айтыс - қазақтың төл сөзі, айтысу, жарысу, сынасу ұғымында қолданылады. Айтыстың бір неше түрі бар:ақындар айтысы, жұмбақ айтысы, қыз бен жігіттің айтысы т.б.Ақындар айтысы қазақтан басқа қырғыз, қарақалпақ халықтарының да өмір тіршілігінен орын алған. Балаларға арналған «Алма» мен «Пияздың» айтысын Інжу мен Аңсардың орындаунда тамашалайық. Дауыс жаттығу «Күзгі жел» (Т.Сарыбаева) модуляция түрінде, қатты және ақырын, тез және баяу жасалады.Терең тыныс алып, дауысты еркін шығаруға үйретеді. «Мен алманы жақсы көремін» (Д.Қиқымов) әнін қайталауды ұсынады. Әнді мәнерлеп айтуға үйретеді. Жаңа ән: «Алма, саған ризамыз» (Әнін жазған М.Туварджи, өндеген Г.Абдрахманова)әнін орындап береді, сұрақ қояды, балалардың жауаптарын қабылдайды, сөзін жаттатқызады, сөздерге сәйкес қимылдарын сүйемелдеуге ілестіріп әндетқізеді. Қимылды ән-ойын: «Алма беріп ойнайық».(Әні А.Филиппенко, сөзі Ғ.Тлеулина) Ойын шартын, мәтінін алдын ала түсіндіріп үйретеді. Алма қолданылады. Кәне, балалар, тұрайық Алма беріп ойнайық. Досыңа тура қарап Алманы сен домалат. | Күзгі көріністі тамашалап, әңгімелейді, әсер алады. Жұмбақ шешеді. Шешуі: алма. Балалар қайталап aplle және яблоко сөздерін жаттап алады. Жасыл және қызыл алмаларымен әуен ырғағына сәйкес қозғалып, мәнерлі билейді. Сызба бойынша талдау жасайды, жаңа би қимылдарымен биді жалғастырып билейді. Балалар өздеріне ұнаған суреттері бойынша әнгімелейді. Бақ ішінде алмалар, Бар жемісі бағалы. Көрген адам таңданар, Көздің жауын алады. Боламын мен демеуіш, Барлық-барлық тағамға. Көкөністер ішінен, Мен пайдалы адамға. Әндету кезенде дұрыс тыныс алуды және таза, бірігіп айтуға үйренеді. Әнді нақышына келтіріп, хормен және жеке дауыста орындайды. Жаңа әнді тыңдап, алған әсерлері туралы әнгімелейді. Сөзін жаттап бір қалпы табиғи дауыспен әндетеді. Ойын шартын сақтап, ұйымшылдықпен қатысады. Алманы бір-біріне беріп әндетеді. Алманы бір-біріне домалатады және әнін жалғастырып әндетеді. |