Ортаңғы «Ақбота » тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 11.10.2018ж
Тәрбиеші: Нуридилла Б.А.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: Күзгі ағаш
Мақсаты:
Тәрбиелік: Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Оқыту:Жоғардан төменге қарай суретті салуға үйрету, түстерді ажырата алу, ұқыптылыққа үйрету.
Педагогикалық технологиялар: сұрақ - жауап, түсіндіру, үйрету, әңгімелеу, түсіндіру, ойын технологиясы
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: суреттер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті қаламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Сәлем саған, алтын күн!
ІІ.Негізгі бөлім:
-Көзімізді жұмып, күзгі бақта тұрғандарын елестетейік. Міне, балалар, біз саябақтамыз.Күн салқын екен. Көк аспан, жапырақтар түсіп жатыр, аяқ астындағы жапырақтар сыбдырлайды. Неткен әдемі. Баяу дауыспен Қ. Жаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңін оқиды.
Алтын, сары, қызыл, көк-
Алуан- алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Ой, алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ!
-Балалар, табиғат дегеніміз не?
-Яғни бізді қоршаған орта табиғат деп аталады.
-Ал, осы табиғаттың маңызды бөлшегі, ол-ағаштар.
Олар ауаны тазартып, көлеңкесімен сая болып, егістікті қорғайды және табиғатқа көрік береді, тыныштық сезімін, жақсы энергиясын сыйлайды
Балаларға ағаштың суретін көрсетіп, оның ерекшеліктері туралы сұрау.
-Ағаш қандай бөліктерден тұрады?
-Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар оның діңі, тамыры, бұталары болады.
Балаларды ағаштың бөліктерімен таныстырып, оларға сипаттама береу.
Балалар, ағаштың басында мекендеушілер қалай аталады?
-Құстар ағшты мекендейді, егер ағаш болмаса құстарда болмас еді.
Табиғатты қорғау ережелерін естеріне түсіру:
-Қоқыс тастамау,
-өзен-көлдерді ластамау, -табиғатқа қамқор болу, -өсімдіктерді жұлмау, -ағаштарды кеспеу!
Сергіту сәті
Көкке бойын созады
Көпке қолын созады
Кең құшағын ашады
Көлеңкесін тосады
Көк қарағай, қарағай,
Мейірбанды анадай!
-Ендеше, күзгі ағаштардың суретін саламыз.
Тәрбиеші балалалардың есіне әдіс-тәсілдерді түсіреді.
Д.О: «Ойлан, тап»ағаштың Балаларға бөліктеріне байланысты сипаттама айтып, оның қайсы бөлігіне сәйкес екенін табуға ұсыну.
Қорытынды: Жақсы қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.