СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

" Күзгі бал! " күзгі кеш

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

Мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға бағалауға, еңбек етуге  

                    үйрету, кәсіптік бағдар беру, экологиялық тәрбие беру.

Просмотр содержимого документа
«" Күзгі бал! " күзгі кеш»

Күзгі бал кеші


Мақсаты: Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға бағалауға, еңбек етуге

үйрету, кәсіптік бағдар беру, экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілігі: «Алтын күз» атты плакат, жапырақ, гүлдерден жасалған

декоративті композициялар, «Ең әдемі гүл шоғы» атты көрме,

табиғат өнімдерінен жасалған макеттер.

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қоңып,

Береке бірлікпен ортақтассын.

Ортаға клоун киімдегі бір бала жүгіріп шығып, қолындағы екі жез қақпақты соғып, ашық әдемі дауыспен:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Естімейтіндерге ымдаңыздар!

Бүгін мектебімізде «Алтын күз» мерекесі тойланғалы жатыр!

Баршаңызға! Баршаңызға!

Жиналғанға ұқсайды барша мұңда!

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламада:

Келтіретін әрдайым сезім күйін,

Көресіздер жастардың әсем биін.

Қатыссаңыз кетірер көңіл кірін,

Ойынның ойнайсыздар неше түрін.

Әншінің шарықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.

Осылай бәрі-бәрі болып жатса,

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.

Ал, енді бұл кешті басқаруға бізге қонаққа Дымбілмес келіп отыр. Оны шеттете бермей ортаға шақырсақ қайтеді?!

Сахна сыртынан: Дымбілместі кім білмейді?

Сабағынан дым білмейді!

Мұғалім сұрай қалса,

Төмен қарап міңгірлейді.

Сөйтіп жүріп толам дейді,

Жүргізуші болам дейді.

Мерекені қызықтырып,

Көп көңіліне қонам дейді.

Ал, жарайды, болса болсын,

Көрерменнің көңілі толсын.

Айтар сөзін айта алса,

Дымбілмеске дарын қонса.

Дымбілмес: Келтіретін әрдайым сезім күйін.

Қарсы алайық «Күзгі вальс» ... /ұмытып ойланып қалады/

Залдағы балалар: Биін, биін.

Дымбілмес: Әй, дұрыс екен, би орындалады.

Би: «Күзгі вальс»

Дымбілмес: Мектеп өмірінде ол бір пән

Келесі нөмірінде орындалатын....... /басын қасиды/.

Залдағы балалар: Ән, ән, ән.

Дымбілмес: Дұрыс, ән орындалады.

Ән: «Құстар үні»

Дымбілмес әрі қарай не айтарын білмей тұрғанда ортаға жүргізушілер шығады.


1-жүргізуші: Дымбілмес, рахмет, әрі қарай өзіміз де жүргіземіз.

Кеш жарық, құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіз, көрермен,

«Күзгі бал» сын-кешіне

Отырыңыз қол соғып,

Шат күлкіге бөлене.

1-жүргізуші: Бүгін, міне, қуандырып біздерді,

Берекелі күз келді, мерекелі күз келді!


2-жүргізуші: Көбейді құт-береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

1-жүргізуші: Қыркүйек кеп, күз келді,

Шопан кетті күзеуге.

Мектепке бет түзедік,

Гүл құшақтап біздер де.

2-жүргізуші: Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның!


1-жүргізуші: Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын.


2-жүргізуші: Көңілдің серіппелі күйін ашсын.


1-жүргізуші: Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып.


2-жүргізуші: Береке бірлікпен ортақтассын, - дей отырып, құрметті

көрермендер, бүгінгі жыл сайын мектебімізде өтетін дәстүрлі

«Күзгі бал» кешіне жиылып отырмыз. Бұл сынға 8-11

сыныптардан 5 топ қатысқалы отыр. Қазылар алқасымен

таныстырылды.

Мұғалім: Уа, халайық, халайық,

Бәріңе жар салайық.

Сәлем жолдап баршаңызға,

Келіп тұр бүгін топтар ортаңызға.

8 а сынып –

9 а сынып –

9 б сынып –

10 а сынып –

11 б сынып –

І – топ мүшелерінің біркелкі формасына қазылар алқасы баға береді.

І. Таныстыру

Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,

Күздің сәні келіп қапты ортаға.

Сайысушы топтарды шақырайық,

Таныстыру кезегін бір жалғаса.

ІІ. «Күзгі тағам әзірлеу» сайысы

Татсақ тағамның дәмі қандай,

Барша жұрт көзбенен қызыққандай.

Күзгі тағам дайындап әзірлеуде

Қанеки, қайсымыз жылдамбыз-ай.

Әр топтан 2 адамнан шығады, тағамдары дайын болғанға дейін музыкалық үзіліс жарияланады. Әзірлегендерін қазылар алқасына тапсырады.


ІІІ. Жанкүерлер сайысы

Әр сыныптан 1 оқушы шақырылады. Оларға жаңылтпаштар оқылады, бұлжытпай қайталау керек. Дұрыс айтса, өз топтарына ұпай қоса алады.


IV. Өнер сайысы.

Алтын күздің сыйлықтарын алдық біз,

Қызығына қандық біз.

Молайтайық шаттықты,

Ән айтып би билейік бәріміз, - дей келе, әр топты өз өнерлерін

көрсетуге шақырамыз.


V. Капитандар сайысы.

Бұл жандардың қылығына сай ісі,

Сәулеленіп тұрады әрбір жай ісі.

Басшыларды шақырамыз ортаға,

Ендігісі капитандар сайысы.


«Күзде қандай өзгерістер болады?» қысқаша жауаптар жазады. Осы уақытта музыкалық үзіліс жарияланды.

VI. «Күзгі көрініс» үй тапсырмасы

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын,

Туып өскен даланы.

Қызыл бояу – қызғалдақ,

Сары бояу – сарғалдақ.

Жасыл бояу – жайлауым,

Іздеп барар ауылым.

Оқушыларды бейнелеу өнеріне баулу, өнердің қыр-сырын ұғындыру мақсатында әр топ үйден жасаған «Күзгі көрініс» жұмыстарын тапсырады.


IIV. Қабырға газеттер сайысы

Әр топтың өздері шығарған қабырға газеттерін таныстырылады.

Топтарға өнерпаздық жарасады,

Жеңу үшін бәрі де таласады.

Мектебіміздің тобы өнерлі команда ғой,

Риза болып мына жұрт қарасады.




















...... ...... түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман .... .......



Білмеймін ................, тоңғаным ма,

..... ..... бие қашқан, тай жарысқан.



..... ...... бәйшешек жоқ бұрынғыда,

Жастар күлмес, жүгірмес ..... ..... .



Қайыршы .... - .... түсі кетіп,

....... айырылған ағаш құрай.



Үш байлықты ата

1 байлық –

2 байлық –

3 байлық –



Үш арсызды ата

1 ........................ арсыз

2 ........................ арсыз

3 ........................ арсыз




Төрт түліктің пірлерін ата?