9-сынып. Геометрия
Сабақтың тақырыбы:
§22. Косинустар теоремасы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларды косинустар теоремасын түсінуге, ұғынуға және есептер шешуде дұрыс қолдануға баулу;
2. Дамытушылық: оқушылардың үшбұрыштарды шешудегі білімдерін арттыру, олардың функционалдық сауаттылығын дамыту;
3. Тәрбиелік: оқушыларды пәнге қызықтыру, олардың ойлау және есептеу қабілеттерін арттыру, топпен және жұп болып жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың әдісі: топпен, жұппен және жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, сызғыштар, кестелер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру, топқа бөлу;
2. Өткен тақырыпты қайталау, үй жұмысын тексеру.
Қайталау сұрақтары:
а) шеңбердің хордасы дегеніміз не?
ә) шеңбер хордаларының қандай қасиеттері бар?
б) шеңбер қиюшысы дегеніміз не? Қасиетін айтыңыз?
в) шеңберге іштей сызылған бұрыш дегеніміз не?
г) іштей сызылған бұрыштардың қасиеті?
д) доғаның градустық өлшемі деген не?
Просмотр содержимого документа
«Косинустар теоремасы (9-сынып) геометрия»

е) центрлік бұрыш пен іштей сызылған бұрыш арасындағы байланыс?
Топ басшылары қайталау сұрақтарына жауапты және үй тапсырмасын бағалайды.
Жаңа тақырыпты меңгеру. Ой қозғау:
1. Пифагор теоремасын еске түсірейік. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері арқылы гипотенузаны табу және бір катеті және гипотенуза арқылы екінші катетін табу.
мысал 1: а=3, b=4 болса, с =?; мысал 2: a=5, c=13 болса, b =?
2. Кез-келген үшбырыштың (тікбұрышты үшбұрыштан басқа) үшінші қабырғасын қалай табуға болады? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік.
Топтарға тапсырма беру. Оқулықпен жұмыс.
І топ: Косинустар теоремасы
ІІ топ: Пифагор теоремасы мен косинустар теоремасын салыстыру
1-есеп. а) Егер үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрыш берілсе, үшінші қабырғаны табу. Мысалмен көрсету, №270.
ІІІ топ:
2-есеп. Үшбұрыштардың үш қабырғасы берілсе, онда үшбұрыш бұрыштарының косинустарын немесе бұрыштарын табу, №267.
Тақырыпты бекіту. №269, 271 есептер.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: §22, №273, 274.
Сабақты қорытындылау. Тәрбие.орг сайтынан "Косинустар теоремасы" Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес