Барысы:
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі - әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, кешімізді бастайық. Олай болса,
1 «Ә» сынып оқушыларын зор қошеметпен қарсы алайық.
Музыка ойнап тұрады. Сахнаға оқушылар шығады.
Зарина:
Қайырлы күн, уа, халайық!
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.
Сұлтан:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Жүргізуші:
-Балалар мен сендерге сұрақ қойғым кеп тұр. Сендер сұрақтың жауабын табыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен балалар:
Болашаққа жол ашар -
Ол сүйікті - Әліппе!
Ол сүйікті - Әліппе!
Жүргізуші:
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен балалар:
Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Жүргізуші:
Төрлет Әліппе қонақ бол.
Балалар біз Әліппеге өз өнерімізді көрсетейік
Фарук:
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Алихан:
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
Қалима:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Шолпан:
Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әлібек:
Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың
Нұрхат:
Алфавиттің
А тұрады басында
Әрқашан да
Ә тұрады қасында.
Байқадың ба?
Б тұрады үшінші.
Ал осының сыры неде?
Гүлдана:
А деген ол – аналар ғой ардақты,
Ә деген ол – әкелер ғой салмақты,
Б деген ол - балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Нұрсұлтан:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
Ән: «Әліппе» (Фарук, Сұлтан)
Әліппе:
Рахмет балалар.
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптерді танысақ
Қызық ойын ойнайық.
Ойын:
Әріпке сөздер айту
Ата-анамен есептер шығару
1.6+1+2=9
2.15+20+12=47
1)5+1+2=8
2) 25+30+14=69
1)8-5-0=3
2) 85-24-12=49
1)9-0-3=6
2) 95-44-16=25
1)6-2+3=7
2) 55-23+15=47
1)4-2+3=5
2) 45-33+15=27
Жүргізуші:
-Ата-аналар сіздерде мектепке бардыңыздар. Мен сіздерге қазір «Балалар тілімен» сипатталған сөйлемдер оқимын, сіздер сол сөйлемдерде не туралы айтылғаның табыларыңыз керек.
1. Ол жерде ұлдар мен қыздар өте көп. Олар бестік пен екілік бағалар алады. Ол қай жер? (мектеп)
2.Ол болып жатқанда оқушылар тыныш отырады, оқиды, жазады. (сабақ)
3.Ол затпен оқушылар қаншама жыл бірге отырады. Кейбір балалар оған сурет салып тастайды, тіпті оның үстінде ұйықтап қалатындарда бар. Ол не? (парта)
4.Ол сөйлей береді, сөйлей береді, түсіндіреді, баға қояды, білімді үйретеді. Ол кім? (мұғалім)
5. Оны күнде мектепке алып жүру қажет, тіпті апарғын келмеседе. Оны ата-аналар қарайды, мұғалімдер сұрайды. Кейде ол жоғалыпта кетуі мүмкін. Ол не? (күнделік)
Жүргізуші:
-Балалар, әріптерді танып қана қоймай, есепті де жақсы шығардыңдар.Жарайсыңдар!
Зарина:
-Иә, бүгін біздің қуанышымызда да шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
Жүргізуші:
-Балалар ондай болса, барлығымыз әліппеге рахмет айтайық.
Ән хор «Рахмет саған, әліппе»
Әліппе
- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Би: «Бұзықтар»
Әліппе:
Ал, енді мен сендермен қоштасамын.
Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!
Қош болыңдар, балалар!
Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!
Жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
Би «Вальс»
Досбол:
Күндерге күн ұласты
Жылжып-жылжып жыл асты
Ойдағыдай бітірдім
Мен “Әліппе” кітабын
М. Әлібек:
Білем талай кәп барын
Мақтанарым, мақтарым
Болды кейбір баламен
Шегіскенде шақтарым
Ақмерей:
Болды кезім мықтаған
Болды кезім ұқпаған
Болды кезім ұстаздың
Ойынан дәл шықпаған
Жансерік:
Білім деген бар жүгім
“Беске” толы қоржыным
Осылай мен өткіздім
Он жылымның бір жылын
Айсулу:
Тәртіпті бала сүйеніш
Төбең көкке жетеді
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
Хормен: Бақытты балалық шағымыз үшін рахмет, сіздерге ата-аналар.
Қыздар хор: «Жалқаубек»
Би «Флэшмоб»
Ана тілі:
Білімнің бетін жарық ет!
Ұл-қызымды білімді ет,
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып .
Өсе берсін санамыз!
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Мұғалім:
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында
Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар.
Мұғалім: Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде.
Жүргізуші:
Осымен бүгінгі «Қош бол сүйікті Әліппе» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Біздің қадірлі қонағымыз болғандарыңыз үшін көп - көп рахмет.