СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Конспект урока "Роза Багланова"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Роза Ба?ланова

Саба?ты? ма?саты:

Білімділігі:  ?нші  Роза Ба?ланова  туралы, оны? ?нердегі ?о?амда ал?ан  орны туралы о?ушылар?а ма?л?мат беру;  Аты а?ыз?а айналып, ерлік істері барша ?лтты та? ?алдырып, есімі тарих беттерінде алтын ?ріппен ?рнектелген  ?аза?ты? ?нші ?ызы ар?ылы ?лгі етіп, ?неге ету;

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока "Роза Багланова"»

 Сабақтың тақырыбы: Роза Бағланова

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:  Әнші  Роза Бағланова туралы, оның өнердегі қоғамда алған орны туралы оқушыларға мағлұмат беру; 
Аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген қазақтың әнші қызы арқылы үлгі етіп, өнеге ету;

 Тәрбиелілігі: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру; елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу,өнерге баулу ,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін нығайту

Дамытушылығы: Есте сақтау қабілеттерін  дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту ,функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу,ой шақыру

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үнтаспа АКТ,смайликтер,постер, бағалау парағы.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі

 Амандасу: «Сәлеметсіздерме балалар?»

ІІ.Психологиялық ахуал «Сағат» ойыны арқылы достық климатын туғызу

гүлдер арқылы топтастыру.

1- раушангүл,бәйшешек,түймедақ гүлдері арқылы топқа бөлу

2- топтың атын қорғау сипаттама 2-минут (неге осы гүлді таңдадыңдар? Неліктен осы гүл ұнайды? т.б

-Көңіл күйлерің қандай?

-Жақсы!

-Ендеше, сабағымыздыдың мақсатын анықтайық.

Суреттер сөйлейді стратегиясы.

Экранда атақты әйелдердің суреттері көрсетіледі.

-Балалар,суреттен не байқадыңыздар? Кімдерді танисыздар?

Бұл суреттерді немен байланыстырар едіңіздер?

Жауаптары: ........



Ия, дұрыс айтасыздар бәрін біріктіретін Роза деген есімі

(Роза гүліне сипаттама беру, адамдар неліктен қыз баланың есімін осы гүлдің атымен қойғанын түсіндіру)

Біз бүгін сабақта аты аңызға айналан қазақ сахнасының аңызы Роза Тәжібайқызы Бағланова туралы сөз қозғаймыз.



........

Слайд. Тақырыбы «Роза Бағланова»

Жаңа сөздермен жұмыс. сөз тіркестер,сөйлемдер құрастыру

Сахна шебері- мастер сцены

аңызға айналу–стать легендой

Сахнаның бұлбұлы–соловей сцены

Аты шыққан – стала известной

Әншіге құрмет– почитание певицы(ца)

Сұлу әйел-красивая женщина



3- тапсырма

Видео «Роза Бағланова»

Осы шағын ақпараттан нені түсіндіңдер?

Бұл бейнежазбадан кіммен таныстық?

Тақырып бойынша сұрақтар (жауаптар смайликтер арқылы бағаланады)

Ендеше осы әнші апамыздың өнерін тамашалайық

4- тапсырма.«Бұлбұл құс» әні тыңдалады

5-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Тапсырмалар















1-топ

Мәтін

Аңызға айналған әнші

Роза Бағланова 1922 жылы Қызылордаоблысында туған. 

1941 жылы Қызылордапедагогикалықинститутынбітірген. Оныңшығармашылықжолы ҰлыОтансоғысы жылдарыбасталды.

 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңісконцертінеқатысқан.

 1947-1949 жж. Абай атындағықазақтыңмемлекеттікакадемиялық опера және балет театрында істейді.

1949 жылы Бухарестте өткенбүкілдүниежүзілікжастар мен студенттердің

2-фестивалінің лауреаты атанды.

1949-1960 жж. Жамбыл атындағыРеспубликалықфилармониядажұмыс істеді.1960 жылданҚазақконцертсолисі. Роза Бағлановасиректаланттыәнші, әлемхалықтарыәндеріншеберорындаушы. ОлбүкілҚазақстанда, КСРО-ныңбұрынғыреспубликаларында, шетелдердеболып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғаттуралыәндердішырқады.







2-топ

Мәтін

Гастрольдық сапар

 Жербетінде Роза Бағлановабармаған ел, әнайтпағансахна аз шығар. Қайелге барса да, солелдіңбірәнінүйреніпқайтатын. Ол әлемнің 54 елінде болған. Чехословакияға барған сапарында «Биле-биле» әнін словак тілінде концертте орындады.

Роза Бағланова Америкада 1957 жылы орысша, ағылшынша, французша әндер орындады. Американыңзиялықауымыайрықшаілтипаткөрсетеді.

КезектібірсапарындаҰлыбританияеліндегіәйелбасшы Елизавета патшайым «Қазақәйелдерініңкигенкиімінеқарап-ақолардыңқандайхалықболғанынтануғаболады. Бұлкиімбайлық пен талғамдыаңғартады», - дегенекен.Солжолы «Киімінеқарайқарсыалып, ақылынақарайшығарыпсалады» дегенсөздіңмағынасынакөзімжетті»- дейді Роза апай

1949 жылы Жастар мен студенттердің Будапештте өткен II Халықаралық фестивалінде «Ах,Самара-городок» әнін айтып, лауреат атағын алады.Сондай-ақ Роза Бағланова кеңес сазгерлерінің, Кеңес Одағы халықтарының, сондай-ақ шетел халықтарының (моңғол, чех, швед, венгр, қытай, корей, үнді т. б.) әндерін орындайды. Әнші Австрия, Ауғанстан, Бельгия, Бирма, Венгрия, Герман Демократиялық Республикасында, Қытай Халық Республикасында, Корей Халық Демократиялық Республикасында, Канадада, Үндістанда т. б. елдерде концерттік сапарда болған.

Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші болады.1941 жылы Москва консерваториясына жолдама алғанында соғыс басталып кетеді. Сол ансамбльмен Ұлы Отан соғысы жылдары майданды аралап, өнер көрсетіп ,1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады.







3-топ

Мәтін

Әншіге құрмет

Роза Бағлановағның өнерін халық өте жоғары бағалаған. Оған арналған ән-жырлар өте көп болған. Ол Дінмұхамед Қонаев,  жазушылар Шыңғыс Айтматов, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы, Жұбан Молдағалиев, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов секілді әкелер және Сталин, Брежнев, Ким Ир Сен, Мао Цзэдун секілді әйгілі тұлғалармен таныс болған.

Орыстың әйгілі маэстросы Соловьёв-Седой, атақты ақын Андрей Фатьянов сөзін жазған Роза апайға арнап «Тальяночка» әнін жазады

КСРО халық әртістері Людмила Зыкина, Лидия Русланова «Саратовские частушки», басқа да орыстың халық әндерін айтқанда былай деп естелік жазады: «Молодец, Роза, учи наших русских как народные песни петь, как петь настоящие частушки»

Роза Бағланова қайтқаннан кейін Әйтеке би кентіндегі орталық көшеге және мәдениет орталығына Роза Бағланованың есімі берілді.

30 мамыр 2015 жылы Роза Бағланованың туған жері Қазалы ауданында әншінің ескерткіш-бюсті ашылды. «Жеңіс» саябағында салынған Роза Бағланова атындағы 300 орындық мәдениет Үйінің алдына Қазақстанда алғаш рет әншінің ескерткіш-бюсті қойылды. Роза Бағланова мүсінінің авторы – Қазақстан Республикасының халық мүсіншісі, өнер қайраткері Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев. Биіктігі – 1 м. 42 см, тұғырының биіктігі – 2 м., ені – 97 см болатын бюст қоладан құйылып, тұғыры мрамормен қапталған.







Топтық жұмыс

1-топ.«Аты аңызға айналған әнші» Р.Бағланованың өмірбаянынан фактіге сүйене отыра, хронологиялық кесте құрастырады.

2-топ.Р.Бағланованың гастрольдік сапарлары

3-топ. «Әншіге құрмет» өмірден озғаннан кейінгі құрметтеу белгілерін айқындау



1 топ. «Бәйшешектер»

6-тапсырма.

Аудирование:мәтінді топтың бір мүшесі дауыстап оқиды

Мәтіннің ішінен қарамен жазылған сөзге морф.талдау жасайды.

А)Морфологиялық талдау:

Театрында-зат есім,заттың атын білдіреді

Құрамына қарай: дара

Тұлғасына қарай: негізгі

Мағынасына қарай:жалпы есім,деректі

Құрамына қарай талдау:

Театрында –театр -түбір,ы- т.ж.III-жақ,нда жатыс.с.жалғауы

Синтаксистік қызметі:қайда? Сөйлем мүшесі пысықтауыш

Шартты белгісі: үзік нүкте

Ә)Мәтіннен синоним болатын сөздерді табыңдар

Мысалы:Әдемілік, адалдық...

Б)Мәтіннен үндестік заңына бағынбайтын әріптері бар сөздерді тауып дәлелдеу

Мысалы:концертіне,Бухаресте

В)Менің ойымша, қазіргі кездеге әншілерге мен ұсынар едім......

(ой пікірлерімен бөлісу)



2-топ. « Раушангүлдер»

Аудирование:мәтінді топтың бір мүшесі дауыстап оқиды

Мәтінде белгіленген сөйлемге синтаксистік талдау жасайды

А)Роза Бағланова Америкада 1957 жылы орысша, ағылшынша, французша әндер орындады

Ә)Мәтіннен өткен шақта тұрған сөздерді табу

Мысалы:болды,жетті

Б)Мәтіннен антоним болатын сөздерді табу

Мысалы:байлық,жеңіс

В)Менің ойымша, қазіргі кездеге әншілерге мен ұсынар едім......

(ой пікірлерімен бөлісу)



3-топ. «Түймедақтар»

Аудирование:мәтінді топтың бір мүшесі дауыстап оқиды

Мәтіннің ішінен қарамен жазылған сөзге фонет. талдау жасайды

А)Мәдениет-4 буыннан тұрады. 1-ашық,2-ашық3-ашық,4-тұйық

М - үнді дауыссыз дыбыс

Ә -жіңішке,езулік,ашық ,жіңішке дауысты дыбыс

Д-ұяң,дауыссыз дыбыс

Е -езулік,ашық,жіңішке дауысты

Н- үнді дауыссыз

И--езулік,қысаң,жіңішкедауысты

Е -езулік,ашық,жіңішке дауысты

Т -қатаң дауыссыз

8-әріп .8-дыбыс

Ә)Мәтін бойынша диалог құрастыру.

Б)Мәтіннен омоним болатын сөздерді табу

Мысалы: тану ,басшы

В)Менің ойымша, қазіргі кездеге әншілерге мен ұсынар едім......

(ой пікірлерімен бөлісу)



(Топтар жылжиды бірін бірі тексеріп,екі түсті стикермен бағалайды)



















Қорыту.

Мұғалімнің сөзі:бүгін сабақта......

Кері байланыс

  1. Бүгін саған әншінің қандай қасиеттері ұнады?

  2. Бүгін сізге қандай тапсырма оңай болды?.

  3. Бүгінгі сабақта не ұнамады?

  4. Бүгін сіздерді не таң қалдырды?

  5. Бүгінгі сабаққа ұсынысыңыз?

«Сен сұлу» әнімен аяқталады

Рефлексия

Үй жұмысы.«Мен әнші болсам..»эссе жазу, сөздерді жаттау

Бағалау.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикермен нота парағына орналастыру.          























Солтүстік Қазақстан облысы

«№ 21 орта мектеп КММ»







Ашық сабақ

Тақырыбы: «Роза Бағланова»



















Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Қорғанбаева Б.Ш.